Популярные темы

«Мақсатымыз антиваксерлердің ойымен сәйкес келмейді». Францияда мәжбүрлі вакцинацияға қарсылар не талап етеді? 25 ноября 2021, 11:48

Дата: 25 ноября 2021 в 11:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Кейінгі күндері Еуропаның бірнеше қаласында мыңдаған адам мәжбүрлі вакцинация мен шектеу шараларына қарсы ереуілге шықты. Tengrinews.kz тілшісі Францияда наразылық танытқан қозғалыс басшысымен тілдесіп, олардың мақсаты мен талаптарын сұрады.

Француздар пандемияға байланысты орнатылған санитарлық шаралар мен басқа да шектеулерге қарсы шығып, конституциялық құқықтары тапталып жатқанын жеткізіп жатыр. Ресми деректерге сүйенсек, қазірдің өзінде шеруге шыққан азаматтардың саны 200 мыңнан асып жығылады. 

Манифестанттардың билікке қойған басты талабы — Конституциялық кеңес қабылдаған 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге қолданылатын санитарлық рұқсаттаманы алып тастау және екпе алмаған қызметкерлердің жұмыстан қуылуын тоқтату. 

Халықты ереуілге бастап шыққан топ басшысы Клемен Ландормидің айтуынша, Франция билігі адам құқығын аяққа таптап, диктатураның басты элементін айқын көрсетіп отыр.

«Бізге қарсы ақпараттық шабуылдар басталды. Мұны жоққа шығарудың өзі күлкілі, неге десеңіз, біздің позициямызды өте сауатсыз қылып көрсетіп жатыр. Екпеге қарсы ешқандай қарсылығымыз жоқ, вакцина салдыру — кез келген адамның өз жауапкершілігіндегі мәселе. Ал біздің айтып отырғанымыз — мәжбүрлі вакцинация. Бұл жағдай қазіргі Франция демократиясының көз алдымызда құлдырап жатқанын керемет суреттейді. Әлі күнге дейін түсіне алмаймын. Осындай аса маңызды мәселелерді қалай жалпыхалықтық референдумсыз шешуге болады? Тіпті, онлайн-сауалнама да болмады. Жаһанға жар салып жүрген демократиямыз құрдымға кетті, себебі халықтың үнін естімеген мемлекетті басқаша сипаттау мүмкін емес», — дейді ол.

Оның сөзінше, митингке шыққандардың қатарында түрлі мамандық иелері бар және олар жұмыссыз қалудың алдында тұр.  

«Егер байқасаңыздар, шерулер тек Парижде емес, ел төңірегіндегі басқа да қалаларда болып жатыр. Біздің қатарымызда дәрігерлер де, өрт сөндірушілер де, тіпті, мемлекеттік қызметкерлер де бар. Бір адам ақымақ болуы мүмкін, бірақ мың адамды сауатсыз дей алмайсыздар. Атап өту керек, біз бетпердемізді тағып, қашықтықты сақтап жүрміз, ешкімге зиянымызды тигізгіміз жоқ. Десе де, бізді елеп, құлақ асып жатқан адам табылмады.

Сонымен қатар, арамызда митингті сылтауратып, жұмысын тастап кеткен ешкім жоқ, барлығы халықпен бірге, бірақ оларды жұмыстан қудалау процесі басталып кетті. Бүгінде еліміз жүздеген саланың мықты мамандарынан айырылып қалайын деп тұр. Тағы да қайталап айтамын, біз пандемия диссиденті болғымыз келмейді, тек жалғыз қалауымыз — адам құқығына қол салмау», — деді Ландорми.

Huge anti lockdown / vaccine passport / mandates protests:

— France

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями