Популярные темы

Қазақстандық оқушылар жазда қалай және қайда демалады?

Дата: 21 мая 2024 в 14:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстандық оқушылар жазда қалай және қайда демалады?
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстандық мектеп оқушылары жазда қалай және қайда демалады? Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет отырысында министрдің айтуынша, елімізде 2,9 миллион бала жазғы демалысын 10 743 демалыс орнында өткізеді.

«Оның ішінде 10 мың бала жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру орталықтарында, 240 мың бала қала маңындағы, 2,6 миллион бала мектеп қабырғасындағы, 75 мың бала шатыр мен киіз үй лагерінде демалады», — деді Ғани Бейсембаев.

182 демалыс орнының 150-і 1-10 маусым аралығында жұмыс істейді. Қалған 32 демалыс орны 15 маусымда жұмысын бастайды.

Сурет: depositphotos.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями