Стоковые изображения от Depositphotos
Ел тұрғындары қашан, қалай және қандай жағдайда кезекке тұра алатынын түсіндіреміз.
Ол үшін арнайы Kezekte.kz сайтын қолдану қажет. Жүйеге тек ЭЦҚ көмегімен кіруге болады.
Өтінім беру жеткілікті. Түрлі куәлік, анықтама сұрамайды. Өйткені барлық құжат базада бар.
Кейде ақпарат болмай қалуы мүмкін. Ондай кезде қажет құжаттардың сканерден өткен нұсқасын қосу керек.
Өз күшіңізбен кезекке тұра алмасаңыз, кеңес алу үшін қаладағы тұрғын үй басқармасына жүгінген жөн.
Kezekte сайты арқылы қалай кезекке тұрады
Табысқа қатысты талап бар, бірақ ол барлық санатты қамтымайды.
ҰОС ардагерлері, жетім балалар, мүгедектігі бар балалар, мемлекеттік/бюджеттік ұйым қызметкерлері мен жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар үшін табыс көлемі маңызды емес.
Мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін кісілер 5 %-бен ипотека рәсімдей алады, бірақ пәтерді жалға ала алмайды.
Ал басқаларға отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс көлемі соңғы 12 айда күнкөріс минимумының 3.1 еселік көлемінен, яғни 125 757 теңгеден (2023 жылы бір күнкөріс минимумы — 40 567 тг) аз болуға тиіс деген талап қойылады.
Өтінім беруші мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлген немесе әкімдік жалға алған үйге қоныстанады.
Қазір сатып алу құқығынсыз пәтер беріледі, тұрғын тек коммуналдық қызмет пен жалға алу ақысын төлейді (ай сайын 10-15 мың теңге).
Мерзімі — 3 жыл, оны ұзартуға мүмкіндік бар. Мұндай баспана келісімшартта аты аталған отбасы мүшелеріне мұра ретінде өтеді. Бірақ оны сатуға, айырбастауға, кепілзат ретінде ұсынуға рұқсат жоқ.
— ҰОС ардагерлері;
— жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, — жалпы үйдің 20 %-ын соларға береді.
— көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.
І және ІІ топтағы мүгедектігі бар балалар 18 жасқа толмаса да баспаналы болуға құқылы.
Есептен шығару мынадай жағдайда жүзеге асады:
Мына категориялар:
— Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар.
— Толық емес отбасылар.
— Көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.
— Қандастар.
По сообщению сайта Крыша