Популярные темы

Бибісара Асаубаева қатарынан екі кездесуде жеңіске жетті

Дата: 25 мая 2023 в 18:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бибісара Асаубаева қатарынан екі кездесуде жеңіске жетті
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдің астанасы Никосияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-ари кезеңіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Отандық спортшы 8-турда Грузия өкілі Белла Хотенашвилимен ойнады. Тартысты ойында Бибісара Асаубаева қарсыласынан басым түсті. Осылайша, қазақстандық шахматшы Никосияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-ари кезеңінде қатарынан екінші матчта жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта Бибісара Асаубаева турнирлік кестеде төрт ұпаймен, жетінші-сегізінші орында тұр.

Еске сала кетейік, отандық шахматшы 7-турда бұрынғы әлем чемпионы, Швейцария өкілі Александра Костенюктен айласын асырды.

Сурет: kzchessfederation

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями