Популярные темы

Семейде «Қаланың құрметті азаматы» атағы берілді

Дата: 17 мая 2023 в 16:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде
Стоковые изображения от Depositphotos

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласына еңбегі сіңген бірнеше адамға Құрмет грамоталарымен және «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Бүгін өздеріңізбен 2023 жылғы 16 мамырындағы Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешіміне сәйкес, қаламыздың өркендеуі жолында өлшеусіз үлес қосып, көп жылғы жемісті еңбегін Семей қаласының дамуына сарп еткен жандарды құттықтауға жиналып отырмыз. Бұл — мәртебелі марапат», — деді қала әкімі.


Қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов қаланың дамуына еңбегі сіңген және түрлі салада көш бастап, белсенділік көрсетіп жүрген Орал Шәріпбаевқа, Николай Исаевқа, Серікбек Бақтажаровқа, Серікжан Ботабаевқа «Семей қаласының Құрметті азаматы» төсбелгілерін табыс етті.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями