Популярные темы

Абай облысында қылмыс деңгейі төмендеді

Дата: 25 апреля 2023 в 12:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан жеке құрамның қатысуымен 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша жедел кеңесі кезінде, облыс бойынша алдын алу шараларын күшейту нәтижесінде қылмыс деңгейі төмендегенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті бастығының айтуынша, өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты. Тіркелген, оның ішінде қоғамдық орындарда (-51,3%), көшеде (-55,2%), мас күйінде (-78,4%) және тұрмыс саласында (-85,7%) жасалған қылмыстар санының төмендеуі байқалды.



Қылмыс құрылымына келетін болсақ, қылмыстың басым бөлігі 68,4% –ы мүліктік қылмыстардан тұрады, ұрлықтың жалпы үлесі айтарлықтай болып қалды және шамамен 47% (515-тен 239) құрады. Осы орайда қылмыстың ең көп таралған түрлерінің бірі болып қалуда, делінген ресми хабарламада.


Сондай-ақ, кездесу барысында генерал-майор полиция жұмысының сервистік моделін кеңінен насихаттау, «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты бойынша жұмысты іске асыру, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және  ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді еске салды.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями