Стоковые изображения от Depositphotos
Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде танымал блогер есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен демалыс күндері Алматының Медеу ауданында орналасқан барлардың бірінде полицияның арнайы жасағы мен ЕҚқКБ-ның жедел қызметкерлері арнайы іс-шараны жүргізді. Оны қалалық Прокуратура «Есірткі бизнесімен күрес» жобасы аясында үйлестірді.
– Түнгі сағат екіде түнгі клубта 19 жастағы Т. есімді азамат ұсталды, оның шалбарының оң қалтасынан көк изолентаға оралған, синтетикалық зат салынған үш бума табылды. Жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, бұл мефедрон психоактивті заты. Шөптің нақты тиесілігін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
Сурет: Polisia.kz
По сообщению сайта Arna Press