Популярные темы

Астана халықаралық әуежайында 23 рейс кейінге қалдырылды

Дата: 17 апреля 2023 в 14:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Астана халықаралық әуежайында 23 рейс кейінге қалдырылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рейс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ​13 ұшып келу және 10 ұшып шығу рейсі кейінге қалдырылғанын хабарлады.

«​​Астана халықаралық әуежайында 13 ұшып келу және 10 ұшып шығу рейсі кейінге қалдырылды. Оған елордадағы ауа райының қолайсыздығы мен ұшақтың кеш келуі себеп. Жолаушылардан жолда абай болуларын және рейс жөніндегі ақпараттарды әуе компаниялардың байланыс орталықтарынан білулерін сұраймыз», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Астана ТЖД ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылғанын хабарлаған. Олар: Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск.

ТЖД қызметкерлері жоғары өтімді техникамен қаладан шығу бағыттары бойынша патрульдеу жүргізіп жатыр.

Сурет: Zakon.kz

 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями