Популярные темы

Семей қаласында тайғақ жол тұрғындарға қиындық тудырды

Дата: вчера в 10:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семей қаласында тайғақ жол тұрғындарға қиындық тудырды

Жұмысқа жете алмай отырғандарын айтып, Семей қаласындағы Компос шағын ауданының тұрғындары редакциямызға шағымданды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, бүгін қалада жаңбыр аралас қар жауып, соның салдарынан жолдар қатты тайғаққа айналған. Қолайсыз ауа райына байланысты қоғамдық көліктердің қозғалысы қиындап, кейбір автобустар тайғақтан жүре алмай қалған.

«Аялдамаға жетудің өзі мұң болды. Автобустар уақытында келмейді, кейбірі мүлде қатынамай тұр. Көп адам жұмысқа кешігіп жатыр», – дейді тұрғындар.

 

Публикация от ⚡️Новости ARNAPRESS⚡️ (@arnapress_news)

Қала тұрғындары жауапты мекемелерден жолдарға құм-тұз қоспасын себуді және қоғамдық көлік қозғалысын ретке келтіруді сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, «Сіздің жаңалығыңыз» айдарына өз жаңалықтарыңызды, фото, видеомен +77085043005 номеріне жібере аласыздар

Фото, видео: тұрғындардан

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями