Популярные темы

Абай облысында алғаш рет Бочча паралимпиадалық спорт түрінен іріктеу жарыстары өтті

Дата: 16 марта 2023 в 12:38 Категория: Новости спорта


Абай облысында алғаш рет Бочча паралимпиадалық спорт түрінен іріктеу жарыстары өтті
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының Үржар ауданында алғаш рет Бочча паралимпиадалық спорт түрінен іріктеу жарыстары өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі  облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Үржарда әлеуметтік қызмет көрсету орталығының көмегімен «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы аясында балалар мен жастар «Бочча» паралимпиадалық спорт түрімен айналысады. Тіпті церебральды сал ауруы, Даун синдромы, психикалық дамудың кешігуі сияқты диагноздармен де жаттығады.

Жаттығулар балаларға физикалық және психикалық денсаулықты жақсартуға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және әлеуметтік оқшаулануды жеңуге мүмкіндік береді.

2018 жылдан бастап Саламатты болашақ жобасын Samruk Kazyna Trust қолдап келеді. Оның мақсаты – мүгедек балалар мен жастарды бейімдеу және инклюзивті спорт секцияларында жүйелі спортпен шұғылдануға, спорттық-бұқаралық іс-шараларға тарту және олардың спорттық жетілуін дамытуға жәрдемдесу.

Жобаға қатысатын мамандар Бейімделген дене шынықтыру бойынша тегін оқытылды.
 

Сурет: ugra-tv.ru, Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями