Популярные темы

Тоқаев ҰОС ардагерінің 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

Дата: 09 марта 2023 в 21:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Тоқаев ҰОС ардагерінің 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Стоковые изображения от Depositphotos

Мемлекет басшысы ҰОС ардагерінің үйіне барып,туған күнімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының 100 жастағы ардагері Иван Гапичтің үйіне барып құттыұтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақорда жазғандай, мемлекет басшысы ардагердің өмір жолы-халыққа қызмет етудің, жанқиярлық еңбек пен патриотизмнің үлгісі екенін атап өтті.

«Жер шарындағы барлық адамдар мұндай жасқа жеткенімен мақтана алмайды, әсіресе сіз Ұлы Отан соғысының қатысушысысыз. Біз майданда болған, соғысты бастан өткерген ардагерлерге  үлкен құрметпен қараймыз. Соғыстан кейін сіз прокуратура органдарында жұмыс істедіңіз және мемлекетіміздің нығаюы мен дамуына үлкен үлес қостыңыз. Сізге алғысымды білдіремін», — деді президент.

Иван Гапич 1923 жылы Ақмола облысында дүниеге келген, білімін Алматыда алған. Ол Польша, Чехословакия және Украинаны азат етуге қатысты. Соғыстан кейінгі жылдары Иван Гапич Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында прокуратура органдарында жұмыс істеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев 96 жастағы жергілікті өлкетанушы, мәдениет қайраткері Жайсан Ақбаймен әңгімелесті.

«Сіздің ұзақ жұмыс жолыңыз көптеген адамдар үшін үлгі бола алады. Сіз партия желісі бойынша, мемлекеттік органдарда жұмыс істедіңіз. Отандық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты. Сізге зор денсаулық және отбасыңызға амандық тілеймін», — деді мемлекет басшысы.

Жайсан Ақбай ұзақ жылдар бойы Батыс Қазақстан облысының Білім және мәдениет саласында жұмыс істеді. Ол сонымен қатар өзінің  аймақтағы өлкетану қызметімен танымал.

Соғыс ардагері Иван Гапич пен еңбек ардагері Жайсан Ақбай Президенттің көңілі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Сурет:Tengrinews.kz

 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями