Стоковые изображения от Depositphotos
Абай облысында КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24.11.2022 жылы сағат 07:00 шамасында Астана қаласының тұрғыны href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласы арқылы «Kia» маркалы автокөлігімен «Омбы-Майқапшағай» автожолының 702 шақырымында келе жатып, алдыда тұрған «КамАЗ» маркалы автокөлігімен соқтығысуға жол берген. ЖКО салдарынан «Kia» маркалы автокөліктің жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 — бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тергеу басталды (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соғуы)», − деп хабарлайды полиция департаменті.
Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.
Фото: Instagram/@oo_osa_semey_vko
По сообщению сайта Arna Press