Популярные темы

ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер арсеналы тәркіленді

Дата: 24 мая 2022 в 20:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер арсеналы тәркіленді
Стоковые изображения от Depositphotos

ШҚО полицейлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында атыс қарулары мен оқ-дәрілерін заңсыз сақтаған 32 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері өз үйінде тапаншадан тұратын тұтас арсеналды, сондай-ақ әртүрлі калибрлі патрондарды сақтаған 32 жастағы Өскемен тұрғынын ұстады.

Қаскүнемнің  үйін санкцияланған тінту барысында полицейлер: «МР-79-8» үлгісіндегі газ пистолетінен қайта жасалған пистолетті, WALTHERP маркалы газ пистолетін, «МР-654К» үлгісіндегі пневматикалық өздігінен оқталатын көп оқтаулы газ баллонды пистолетті және «СПШ 44» үлгісіндегі сигналдық пистолетті, сондай-ақ 150-ден астам патронды тауып, тәркіледі. Бұл патрондар зауыттық әдіспен жасалған және оқ атуға жарамды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287 бабының 3 бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, қаскүнемге қатысты «келу туралы міндеттеме» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі  

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями