Популярные темы

«Бұл мәселе жөнінде жақсы білемін». Президент үтік басып азапталған талдықорғандыққа қатысты пікір білдірді 17 февраля 2022, 20:47

Дата: 17 февраля 2022 в 20:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде үтік басып қиналған талдықорғандыққа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Адамдардың құқықтарының қорғалуына байланысты жаңа ғана өзіңіз айтып өттіңіз. Енді осыған тоқталайық. Күлбілтелемей бірден айтсақ, бұл азаптау фактілері туралы. Мысалы үшін өзіміз де көрдік. Әлеуметтік желілердегі видеоларды, жазбаларды сай-сүйегің сырқырап қарайсың. Әсіресе арқасына үтік басылған талдықорғандық Азамат Батырбаев деген жігітке қатысты. Осыдан хабардарсыз ба?», — деп сұрады Qazaqstan журналисі Президенттен.

Тоқаев бұл мәселе жөнінде жақсы білетінін айтты.

«Кейбір азаматтарымыз менің атыма бейне үндеу жазып, әлеуметтік желілерде таратып жатыр. Мұны да біліп отырмын. Осыған байланысты мен Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға арнайы тапсырма бердім. «Шаш ал десе, бас алатын» әрекеттерге жол беруге болмайды. Қоғамдық комиссиялар өз жұмысына кірісіп кетті. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, белгілі құқық қорғаушылар: Айман Омарова, Жеміс Тұрмағамбетова, Абзал Құспан және басқа да заңгерлер жиналып, арнайы комиссиялар құрды. Олар әр істің заңдылығын қарап жатыр. Қоғамдық комиссияларға сенімсіздік көрсетуге ешқандай себеп те, хақымыз да жоқ. Билік те, құқық қорғау органдары да жұмыстарына араласпайды. Мен де араласпаймын.

Әрбір құқық бұзушылық дерегі бойынша шаралар қабылданады. Кінәлі адамдар жазаға тартылады. Мен үшін азаматтарымыздың құқығы аса маңызды. Әсіресе, қазіргі таңда мұны ең маңызды мәселе деп айтуға болады. Әрбір іс бойынша әділ шешім шығару мен үшін негізгі принцип болып табылады», — деп Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы «Хабар 24» телеарнасының журналисіне эксклюзив сұхбат берген болатын. Президент қаңтар оқиғалары туралы сұрақтарға жауап беріп, ескертусіз ату туралы бұйрық, Интернетті өшіру мен ақпараттық блокаданың себептерін түсіндірген еді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы парламенттік жүйені реформалау, қазақстандық олигархтар туралы ойын айтты. Екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспейтінін де мәлімдеді. 

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями