Стоковые изображения от Depositphotos
Алматыда қар жауды. Жаңа жылда қар жаумауы мүмкін деп қорқып жүрген тұрғындар таң атпай терезесінен қар көріп, қуанып жатыр. Қуанышын әзілмен жеткізгендер де бар. Tengrinews.kz тілшісі Желіде алматылықтардың жауған қар туралы әзілдерін жинап шықты.
Қазақстандықтар WhatsApp-та осындай жазба таратып жатыр. Сондағысы қарды күтіп ұстауды сұраған екен.
«Алматылықтар, қарды жемеңдер, Жаңа жылға алып қояйық», — деп әзілдеген Қазнеттегілер.
Енді алматылықтар қарды бірден күреп тастамауды сұрап жатыр.
Жақында зейнетке шығатын Жандарбек Бекшиннің де көптің талқысына түскен сөзін ешкім ұмытпаған.
Ал бұл мемді түсіндірмесек те болады.
Биыл қар жаумаса, тұрғындар қар атысу орнына тас атысуға дайындалып жүр екен.
Қарды сағынған тұрғын бүгін көлігіне кішкентай қылып аққала салып алыпты.
Ал енді алматылықтар еліміздің қар жаумаған өңірлеріне қар сатуды бизнес қылып алмақ.
По сообщению сайта Tengrinews