Популярные темы

Коронавирустың жаңа штамын жұқтырғанда қандай симптомдар болады? 30 ноября 2021, 12:37

Дата: 30 ноября 2021 в 12:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Коронавирустың жаңа штамын жұқтырғанда қандай симптомдар болады?
                30 ноября 2021, 12:37
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова «омикрон» штамын жұқтырғанда байқалатын белгілерді атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әсел Қалықова, ДДСҰ ақпараты бойынша, бұл штамм 33 мутацияны біріктіретінін айтты. Бұл штамның тез жұғуы және вакцина алған, сондай-ақ ауырып жазылғандар ағзасындағы антиденелерге төзімді екенін көретуі мүмкін. 

«Алдын ала мәлімет бойынша, клиникалық белгілері — әлсіздік, бас ауруы және қызу көтерілуі. Яғни бұл, бұрын айқанымдай, жиі кездесетін белгілері», — деді Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова. 

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Қазақстан аумағында клинкалық белгілерін және вакцнаның тиімділігін зертеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

ДДСҰ-да «омикрон» штамы «алаңдаушылық туғызатын» нұсқа ретінде белігіленген. Алдын ала мәлімет бойынша, «омикрон» штамы қазіргі уақытта біз білетін «делта» нұсқасына қарағанда жұқпалы. 

Бұған дейін Қазақстанда «омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізілетіні хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями