Популярные темы

Абай облысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілесі бар көлікті басқарған жүргізуші ұсталды.

Дата: вчера в 11:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілесі бар көлікті басқарған жүргізуші ұсталды.
Стоковые изображения от Depositphotos

Бақылау камераларын қадағалау барысында құқықбұзушылық тіркелген. Оперативтік іс-шаралар нәтижесінде облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны ұсталды,-деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Бұл бапта жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқарғаны, сондай-ақ нөмірлерді анықтауға кедергі келтіретін немесе нөмірді өзгертетін құрылғылар мен материалдарды пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Құқықбұзушыға 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Құқықбұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға және жол қозғалысы ережелерін орындаудың маңыздылығын есте сақтауға шақырады.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями