Популярные темы

Ақтөре Батырбек Арман Әшімовпен жанжал неден басталғанын айтты #BizbenPodcast 07 ноября 2021, 17:45

Дата: 07 ноября 2021 в 17:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақтөре Батырбек Арман Әшімовпен жанжал неден басталғанын айтты #BizbenPodcast
                07 ноября 2021, 17:45
Стоковые изображения от Depositphotos

Bizben Podcast жобасының бұл жолғы қонағы ММА файтері Ақтөре Батырбек болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спортшы танымал телешоуға қалай келгенін, Арман Әшімовпен жанжал неден басталғанын, хейтерлердің пайдасы туралы айтты.

«Бірде Қазақстанға танымал Арман Әшімов мен туралы Instagram Stories-те айтыпты. «Бұл файтер емес, шоумен» дейді. Қай файтер мұндайды көңіліне алмайды? Өзіне хабарласып, «Бауырым, мен шоумен емес, спортта жүрген жігітпін. Білесің ғой?» деді. Маған «Ондай жерге неге барасың?» дейді. Иә, мен бардым. Маған пайдасы тиіп жатыр. Бір шетінен үйленемін, бір шетінен танылдым, бір шетінен Instagram-парақшам көтеріліп жатыр. Қоймады. Екінші жекпе-жегімді жеңгеннен кейін «Арман, мені дұрыс түсін. Біз де сен сияқты боламыз. Сенің де күніңізге жетеміз» дедім. Қазақ пен қазақ емес, басқа ел өкілдерімен жекпе-жек өткізейік деген ниет білдірдім. Хейтерлер осы сөзімді қиып, Арманға «Сені жекпе-жекке шақырып жатыр» деп жеткізген. Бәрі содан басталды», — деді Ақтөре. 

Бұған дейін Арман Әшімов те #BizbenPodcast жобасының қонағы болған еді. 

Одан бөлек, жобаға журналист Жұлдыз Әбділда, стендапер Нұрмахан Мұқанұлы, фактчекер Думан Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек, спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен, әзілкеш Еркебұлан Мырзабек пен Дулыға Ақмолда қонаққа келген.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями