Популярные темы

197 адам вакцина туралы ойын өзгертіп, екпе салдырды — ДСМ 11 октября 2021, 10:39

Дата: 11 октября 2021 в 10:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


197 адам вакцина туралы ойын өзгертіп, екпе салдырды - ДСМ
                11 октября 2021, 10:39
Стоковые изображения от Depositphotos

Биыл 197 адам вакцина туралы ойын өзгертіп, екпе салдырды. Бұл туралы Мәжілістің үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Цойдың сөзінше, 2020 жылы вакцина салдыру қарқыны төмен болғаны анықталған.

«Ол былтыр наурыз-мамыр айларында коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдайдың енгізілуімен байланысты болды. Биыл өңірлерде иммундауды қамту, сондай-ақ өткен жылы вакцинацияны өткізіп алған адамдарды вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вакцинадан бас тарту мәселесі әлі де өзекті болып тұр. 2013 жылдан бері вакцина салдыруға жарамды адамдардың ішінде 24 970-і вакцинадан бас тартты. Оның 58 пайызы жеке сенім бойынша, 23,2 пайызы діни сенім бойынша, 12,8 пайызы вакцинаға сенбейтіні үшін және 6 пайызы БАҚ-тағы негатив ақпарат үшін салдырмады. Биылғы бірінші жартыжылдықта 3417 адам вакцинациядан бас тартты. Біз өз тарапымыздан түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Нәтижесінбе биыл 197 адам вакцина туралы ойын өзгертіп, екпе салдырды», — деді министр.  

Айта кетейік, 11 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 859 131 адам салдырса, екі компонентті 6 901 313 адам салдырды. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями