Популярные темы

Арман Әшімов қарсыласын нокаутқа түсірген жекпе-жектің видеосы жарияланды 04 октября 2021, 11:11

Дата: 04 октября 2021 в 11:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Арман Әшімов қарсыласын нокаутқа түсірген жекпе-жектің видеосы жарияланды
                04 октября 2021, 11:11
Стоковые изображения от Depositphotos

Желіде қазақстандық файтер Арман Әшімов пен әзербайжандық Серхан Валили жекпе-жегінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Спортшылар Алматыда өткен NFC 34 турнирінде күш сынасты. Қазақстандық файтер қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Желіде Валилидің нокаутқа түскен сәтінің видеосы жарияланды. 

Бұл — Әшімовтің ММА-дегі 12-жеңісі, одан бөлек үш рет жеңіліп, бір мәрте тең түскен. Кейінгі рет ол 2019 жылы тамызда жекпе-жек өткізген еді. Ал Валили карьерасында үшінші рет жеңіліп отыр, оның алдында алты рет жеңіп, бір рет қарсыласымен тең тарқасқан. 

NFC (Naiza Fighting Championship) — қазақстандық ММА-промоушен. Лига басшысы Нұрбек Қарабала, бүгінде 34 турнир өткізген. 

Әшімов NFC-де жекпе-жек өткізетінін Bizben Podcast жобасында айтқан болатын. Файтер подкаста неге ұзақ уақыт жекпе-жек өткізбегенін, хейтерлер, отбасы туралы әңгіме қозғаған болатын. Сонымен қатар, UFC-мен келісімшарт жасасқанын, сондай-ақ, тоқал алуға дайындалып жатқанын айтқан еді. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями