Популярные темы

Ұлттық Олимпиада комитетінің бюджеті қандай? Бас директор жауап берді 29 сентября 2021, 17:27

Дата: 29 сентября 2021 в 17:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ұлттық Олимпиада комитетінің бюджеті қандай? Бас директор жауап берді
                29 сентября 2021, 17:27
Стоковые изображения от Depositphotos

2020 жылы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне мемлекеттен 10 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінген. Бұл туралы ҰОК бас директоры Нұрлан Ногербек ҚР ҰОК Бас Ассамблея отырысында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрлан Ногербек комитет бюджеті неден құралатынын түсіндірді. 

«Ұлттық Олимпиада комитеті бюджетінің негізгі сандарына тоқталайын. Біздің бюджетіміз үш жақтан құралады — мемлекеттік тапсырмалардан, Халықаралық Олимпиада комитетінің субсидиялары мен гранттарынан және демеуші көмектерінен. 2020 жылы мемлекеттік тапсырмалар жағынан ҰОК бюджеті 10,871 миллиард теңге болды. Бұл сома мына жаққа жұмсалды: ұлттық құрама командалардың мүшелеріне, кешенді ғылыми топтарға және мамандарға төлемдер, мұнда 1200-ге жуық адам бар. Бұл — 4,62 миллиард теңге. 

Оқу-жаттығу жиындарын өткізу, халықаралық жарыстарға қатысу, Қазақстанда халықаралық жарыстар ұйымдастыруға 4,993 миллиард теңге жұмсалды. 

Ұлттық құрама командаларына киім сатып алуға 824 миллион теңге, федерацияның сервис қызметтеріне 414 миллион теңге кетті. Сондай-ақ, ұлттық құрама командаларының мүшелеріне спорттық тағам сатып алуға 110 миллион теңге жұмсалды», — деді ҰОК бас директоры.  

Сонымен қатар, ведомствоға Халықаралық Олимпиада комитетінен 204 миллион теңге бөлінген.

«Оның ішінде 110 миллион теңге — Токио Олимпиадасы мен Пекин Олимпиадасына қатысушы спортшыларға стипендия төлемі. ХОК-тың басқа бағдарламасы бойынша командалық гранттар берілді», — деді ол.

Сонымен қатар, Нұрлан Ногербек демеушілер көмегі ретінде 573 миллион теңге берілгенін айтты. Ол спортшыларды молекулярлық генетикалық зерттеуге, Олимпиада күнін өткізуге, киберспорт сайысын өткізуге, Олимпиада сабағына, ұлттық құрама мүшелеріне медициналық көмекке жұмсалған. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями