Популярные темы

«Көлік пе, айфон ба?» — Қазнетте iPhone 13 туралы мемдер тарады 17 сентября 2021, 11:38

Дата: 17 сентября 2021 в 11:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

14 қыркүйекте Apple жаңа өнімдерінің тұсаукесер рәсімін өткізді. Онда iPhone 13 смартфондары, i Watch Series 7 сағаттары, жаңа iPad және басқа гаджеттер таныстырылған болатын. Tengrinews.kz тілшісі iPhone 13 туралы Желіде тарап жатқан жаңа мемдер мен әзілдерге шолу жасады.

IPhone 13 бағасы 799 доллардан басталады, ал iPhone 13 mini 699 доллардан басталады. Бұл 128 гигабайт жадысы бар iPhone бағасы. Желі қолданушылары iPhone-ның жаңа түрін алғанша, автокөлік алған дұрыс екенін жазған. 

Жаңа iPhone 13 пен iPhone 13 mini A15 Bionic процессорымен жұмыс істейді және батарея сыйымдылығы артқан.

Смартфондардың диагоналы 6,1 және 5,4 дюйм болады. Алайда Желіде көптеген адам жаңа өнімнің iPhone 12-ден аса айырмашылығы жоғын жазған. 

Компания өкілі Кайен Дрэнстің сөзінше, жаңа өнім өте берік және сенімді, су және шаң өткізбейді. 

@you_up_business

Как придумали iphone 13? #apple #iphone #iphone13 #дизайн

♬ оригинальный звук — You up business

Сондай-ақ, Дрэнстің айтуынша, жаңа өнім бес түсте шығарылады, ал құрылғының дисплейі 28 пайызға жарық болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ARNAT UTEPBERGENOV

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями