Популярные темы

Елде COVID-19-дан қайтыс болғандардың 97,7 пайызы екпе алмаған 20 августа 2021, 17:00

Дата: 20 августа 2021 в 17:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Елде COVID-19-дан қайтыс болғандардың 97,7 пайызы екпе алмаған
                20 августа 2021, 17:00
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың 115-і вакцина салдырған. Бұл — жалпы көрсеткіштің 2,3 пайызы, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-дағы онлайн брифингте айтты. 

«2021 жылдың ақпанаты мен шілдесіне дейінгі кезеңді сараптадық. Коронавирустан барлығы 4 969 адам қайтыс болды. Оның 115-і вакцина салдырған. Яғни, бұл — қайтыс болғандардың 2,3 пайызы. Басым бөлігі, яғни, 97,7 пайызы вакцина салдырмаған тұрғындар. Вакцина салдырып, кейін қайтыс болған адамдардың созылмалы аурулары болды. Жағдайы нашарлап, қайтыс болуына осы созылмалы аурулары себеп болды», — деді Цой. 

Ол вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болған науқастар саны ең көп үш өңірді атады: Нұр-Сұлтанда 32, Шымкентте 27, Алматыда 17 жағдай тіркелген. 

Министр созылмалы ауруы бар адамдарға вакцина салдыруға кеңес берілетінін айтты. Себебі олар әлі де осал топқа кіреді. 

Айта кетейік, 2021 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 276 224 адам, 2-компонентін 4 913 196 адам салдырған.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями