Терроризм қаупі төнсе, не істеу керек?

Дата: 19 апреля 2018 в 10:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының екінші «Террористік актілер қауіптілігіне дайындық» бағыты бойынша аудандарға шыққан ақпараттық-насихаттық топ сапарын Шалқар ауданында жалғастырды. 

16 сәуір күні ауданда теракт қаупіне дайындық жұмыстары бағытында 1333 адамның қатысуымен 17 шара өткізілді.

Насихаттық-ақпараттық топ мүшелері аудан активімен, мектеп басшыларының қатысуымен кездесулер өткізілді. Шалқар қаласының №5, №8 орта мектептерінде терроризм қаупі туындаған кезде іс-әрекеттерді дамыту туралы және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың жағдайы және қылмыстың алдын алу» тақырыбында дәріс оқылды, сондай-ақ оқиға болған жағдайда эвакуациялау бойынша оқу-тәжірибелік сабақтары өткізілді.

Ал аудандық емханада, локомотив депосы мен «Ұлы Борсық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымында, қалалық аурухана жұмысшылары мен қызметкерлеріне терроризм қаупі туындаған кезде іс-әрекеттерді дамыту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Шалқар аудандық ішкі істер бөлімі жеке құрам арасында психологиялық жасырын анкета жүргізді. Нәтиже ойдағыдай. Бұл шараға 55 адам қатысты.

Террористік тұрғыдан осал объектілердің, соның ішінде аудан әкімдігі, облыстық обаға қарсы күрес станциясының Шалқар обаға қарсы күрес бөлімшесі, теміржол вокзалы, қалалық аурухана мен №2 орта мектеп сынды бес ғимараттың терроризмге қарсы қорғалуына комиссиялық тексерулер жүргізілді. Тұрғындар арасында профилактикалық жұмыс жүргізу кезінде 1128 инфографика таратылды.

Осы сапар барысында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп «Мигрант», «Қару», «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізді. Ресми дерек бойынша, «Мигрант» шарасы аясында жыл басынан бері 45 адам тіркелген, екі адам жауапкершілікке тартылған. «Қару» акциясына сәйкес 413 қару тіркелген. «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы шеңберінде тіркеуде тұрған 15 бала тексерілді.

М.САТАЕВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті