Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 92

Қазақстанда күзде 19 мың адам әскери қызметке шақырылады

Arna Press, 08 сентября 2023 в 17:08

Қазақстанда күзде 19 мың адам әскери қызметке шақырылады
Күзгі шақыру кезінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 19 мыңнан астам қазақстандық толықтырады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Департамент басшысы облыстарда жергілікті атқарушы органдар әкімдерінің орынбасарлары басқаратын қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысына тоқталды.«Биыл 1 қыркүйек пен 28 желтоқсан аралығында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатуға негіз жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы он тоғыз мыңнан астам мерзімді әскери міндеттілер толықтырады».

ШҚО темір жол қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты

Arna Press, 08 сентября 2023 в 13:08

ШҚО темір жол қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты
Шығыс Қазақстан облысындағы темір жол қызметкерлері жаппай жұмысқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап. Шар бекеті мен Өскемен бағыты бойынша жүретін пойыздардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін теміржолшылар бірнеше күннен бері жұмысқа шықпаған.

Абай облысында жаңа сот ғимараты салынуда

Arna Press, 08 сентября 2023 в 12:28

Абай облысында жаңа сот ғимараты салынуда
Абай облысында жаңа сот ғимаратының құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Сот ғимараттарын жаңарту аясында біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Еліміздің бірқатар өңірлерінде заманауи стандарттарға сай облыстық және аудандық соттардың жаңа ғимараттары салынды.

Электрсамокат мен мопедтерге талапты күшейту: Қазақстанда жол қозғалысы ережесі жаңарды

Arna Press, 08 сентября 2023 в 11:38

Электрсамокат мен мопедтерге талапты күшейту: Қазақстанда жол қозғалысы ережесі жаңарды
Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен Жол қозғалысы ережелеріне электрсамокаттар мен мопедтерді басқаруға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Осылайша, электрсамокат — бұл екі немесе үш дөңгелегі бар, бір адамды электр қозғалтқышы (электр қозғалтқыштары) арқылы жылжытуға арналған, отырғышсыз, максималды жобалық жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын жеке қозғалмалы көлік құралы.Өз кезегінде шағын электрлі көлік – электр қозғалтқышымен жабдықталған, электр қозғалтқышы бар мотороллер мен мопедтерді қоспағанда, бір немесе бірнеше дөңгелегі бар, жеке қозғалысқа арналған көлік құралы.Сонымен қатар шағылыстыратын объект тұжырымдамасы енгізілді.

Қазақстанда асырап алынған баланы қайта балалар үйіне қайтару жиілеген

Arna Press, 07 сентября 2023 в 16:18

Қазақстанда асырап алынған баланы қайта балалар үйіне қайтару жиілеген
Сенат депутаты Амангелді Толамісов 7 қыркүйекте палатаның жалпы отырысында Қазақстанда асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару мәселесі өзекті болып тұрғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Елімізде бала асырап алғысы келетіндер санының азаймай отырғанына қарамастан, асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару мәселесі өзекті күйінде қалып отыр: кейінгі бес жылда асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару жағдайы көбейген.

Қазақстан мен Албания арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Албания Республикасының Президенті Байрам Бегайдың бірлескен мәлімдемесі

Akorda.kz (KZ), 07 сентября 2023 в 15:36

Қазақстан мен Албания арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Албания Республикасының Президенті Байрам Бегайдың бірлескен мәлімдемесі
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Семейде алғаш рет драг-рейсингтен жарысы өтеді

Arna Press, 07 сентября 2023 в 15:28

Семейде алғаш рет драг-рейсингтен жарысы өтеді
Қала күніне орай Семейде алғаш рет драг-рейсингтен жарыс өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы уақытқа дейін мұндай жарыстардың мәртебесі қалада заңды түрде қабылданбаған. Сондықтан, Семей қаласының автокөлік жүргізушілері, ҚР автомотоспорт федерациясымен бірлесіп, аталған іс-шараның өткізуге келісім алды.Автожарыс Қарағайлы ауданында өтеді деп жоспарланған.«Семейліктер мен өзге аймақтардан келген қатысушылардың ең қуатты көліктері сынға түсетін алғашқы жарыс 9 қыркүйекте өтеді.

Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жіберілді

Arna Press, 06 сентября 2023 в 18:48

Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жіберілді
Тергеушілер Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиев пен кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің ісін сотқа жіберді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қалалық соттың мәліметінше, айыпталушылар 2022 жылдың басында Алматыда болған қаңтар оқиғалары кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, оған қатысты деген күдікке ілінді.

Елімізде ең төменгі жалақының көтерілуі 1,8 миллионға жуық азаматқа әсер етеді

Arna Press, 06 сентября 2023 в 17:48

Елімізде ең төменгі жалақының көтерілуі 1,8 миллионға жуық азаматқа әсер етеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, барлық түрлі саладағы меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджеттік қызметкердің ақшалай табысы ұлғаймақ, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ең төменгі жалақы – қатардағы, біліктілігі жоқ жұмысшыға ақшалай төлемдерді анықтауға арналған ең төменгі еңбек стандарты.

Абай облысында Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдігі ашылды

Arna Press, 06 сентября 2023 в 16:38

Абай облысында Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдігі ашылды
Кез-келген салада өз құқықтарының бұзылуына тап болған қала тұрғындары енді көмекті Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдігінен сұрай алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Азаматтар олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеліп соқтырған лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың әрекеттеріне не әрекетсіздігіне немесе шешімдеріне шағымдана алады.Сондай-ақ, өкілдікке қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар жүгіне алады.Омбудсмен уәкілетті органдардың функцияларын алмастырмайды, бірақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдемдесетінін атап өткен жөн.Облыс бойынша орталық өкілдігін Дулат Ертұғанұлы Жұмагелдин басқарады.Өкілдік Семей қаласы, Затаевич көшесі, 4 мекенжайында орналасқан.Сурет: ашық дереккөздерден

Министр қазақстандықтар қандай салықтан босатылатынын айтты

Arna Press, 06 сентября 2023 в 13:38

Министр қазақстандықтар қандай салықтан босатылатынын айтты
Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Салық кодексінен қандай төлем түрлері алып тасталатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Бізде жүйе құрайтын екі-үш салық бар. Бұл корпоративті табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тау-кен салығы.

Ғани Бейсембаев мұғалімдерге қатысты жаңа өзгеріс туралы айтты

Arna Press, 06 сентября 2023 в 13:38

Ғани Бейсембаев мұғалімдерге қатысты жаңа өзгеріс туралы айтты
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді аттестаттау жүйесінің жеңілдетілгенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы министр «Хабар 24» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұхбатта мәлімдеді.«Педагог мәртебесін көтеруде біз ұстаздарға деген көзқарасты өзгертуіміз керек.

«Ұлтаралық араздықты қоздырдың». «Немо» дельфинарийі қазақша қызмет көрсетуді талап еткен журналисті кінәлаған 06 сентября 2023, 09:35

Tengrinews, 06 сентября 2023 в 09:43

Қазақстанда кәсібін дөңгелеткендердің қазақ тіліндегі қызметі ақсап тұр. Мәселен, Алматыдағы «Немо» дельфинарийіне 9 бірдей бүлдіршінді ертіп барған Жазира Байдалы есімді қала тұрғыны қойылымның қазақ тілінде болмағанын айтып шағымданды. Massaget.kz тілшісі мәселені зерттеп көрді. Оның сөзінше, билетте қойылымның қай тілде көрсетілетіні жазылмаған.

Қазақстан президенті Қауіпсіздік кеңесінде құмар ойындарға қатысты тапсырма берді

Arna Press, 05 сентября 2023 в 13:18

Қазақстан президенті Қауіпсіздік кеңесінде құмар ойындарға қатысты тапсырма берді
Жиында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды», – деді Президент.Президент осы жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды.«Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс», – деді Президент.Осыған байланысты Мемлекет басшысы салалық министрліктерге нақты міндеттер жүктеді.Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойынға тәуелді азаматтардың қатысы бар қылмыстар көбейгеніне құқық қорғау органдарының назарын аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.Президент елімізде лудоманияның белең алуына қарсы бағытталған әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда қоғамның, дін қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті.Мемлекет басшысы ойын бизнесі саласындағы қаржылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажет екеніне назар аударды«Барлық қаржы қозғалысын қадағалап, заңға қайшы әрекет анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды», – деді Президент.Жиын барысында Үкімет мүшелері мен бірқатар мемлекеттік орган басшылары баяндама жасады.Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасындағы құмар ойынға тәуелділікпен күресу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.Сурет: Aqorda.kz
Показано 30 новостей из 3 625