Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 32

Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды

Arna Press, 20 мая 2024 в 20:08

Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды
Қазақстан Үкіметі «Қазгидрогеология «Ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» 2024 жылғы 23 сәуірдегі қаулыға қол қойды,деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен «Қазгидрогеология» Ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылсын», — делінген құжатта.КЕАҚ қызметінің негізгі нысаналары жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыру, гидрогеология және геосүзілу модельдері саласындағы дерекқорларды және тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелерді, цифрлық, картографиялық дерекқорларды және Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдана отырып, оларды басқару жүйелері саласында тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелер құру болып айқындалды.КЕАҚ жарғылық капиталын қалыптастыру ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» РМК балансында тұрған республикалық мүлік есебінен белгіленді.Сурет: pixabay

Жаңбырдың соңынан үсік жүреді — Қазгидромет 21-23 мамырдағы ауа райы жайында айтты

Arna Press, 20 мая 2024 в 18:18

Жаңбырдың соңынан үсік жүреді - Қазгидромет 21-23 мамырдағы ауа райы жайында айтты
Синоптиктер Қазақстан тұрғындарын алдағы үш күнде – 2024 жылдың 21 мамыры мен 23 мамыры аралығында қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды кезең жалғасуда.«Атмосфералық фронттардың әсерінен барлық дерлік аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел соғады, тек кей күндері ғана жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтап, -2°C аяз болады», — делінген хабарламада.Ал оңтүстік-батыс ағындары, болжам бойынша, мамыр айының климаты шегінде күндізгі температураның жылынуын тудырады:Тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде +7+15°С дейін төмендеді.Сурет: unsplash

Абай облысында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

Arna Press, 20 мая 2024 в 17:08

Абай облысында
Абай облысында Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі өтті. Дәстүрлі сайыс Шүлбі кентіндегі «Ұлан» патриоттық орталығының базасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Aranpress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жылдамдық пен ептілік, төзім мен күш сынға түскен іріктеу турына 10 әскери-патриоттық клуб қатысты.

Абай облысы колледждері базасында оқушылар үшін кәсіптік бағдар беру лагерьлері ұйымдастырылады

Arna Press, 20 мая 2024 в 13:38

Абай облысы колледждері базасында оқушылар үшін кәсіптік бағдар беру лагерьлері ұйымдастырылады
Абай облысында осы жазда 4 колледж базасында оқушылар үшін кәсіптік бағдарлау лагерлерін ашу жоспарлануда. Бұл лагерьлер балаларға демалуға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі салаларда өздерінің кәсіби дағдылары мен қызығушылықтарын дамытуға бірегей мүмкіндіктер береді. Кәсіптік бағдарлау лагерьлерінде 400-ге жуық баланы тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«ЭКОorman» лагері Бесқарағай колледжінде ұйымдастырылады.

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ қазіргі жағдай туралы айтты

Arna Press, 20 мая 2024 в 11:48

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ қазіргі жағдай туралы айтты
Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Петропавлда су басқан қалған 29 аула аумақтарын сору жұмыстары жалғасып жатыр. Тәулігіне 153 320 текше метр су сорылды.

20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанады

Arna Press, 20 мая 2024 в 10:18

20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанады
«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша 20 мамырға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Armapress.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілттеме жасап.Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. «Оңтүстік циклон және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты ҚР аумағының басым бөлігіне найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі.

Астана тұрғындары қарасораны заңсыз өсіргені үшін сотталды

Arna Press, 18 мая 2024 в 22:18

Астана тұрғындары қарасораны заңсыз өсіргені үшін сотталды
Мемлекеттік айыптаушы — прокурор өз үйінде сату мақсатынсыз жеке пайдалануы үшін құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз егіп, өсірген екі сотталушының кінәсін дәлелдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бірінші жағдайда, сотталушы үй бөлмесінде тұқымдар мен қажетті құрал-жабдықтарды алдын-ала сатып алып, каннабис өсімдігін (қарасора) өсірген.Келесі жағдайда — өз үйінің бақшасында өсірген.Сот үкімімен кінәлілердің әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.Сот актілері заңды күшіне енді.Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеміз.Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу үшін мүлкі тәркілеумен 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Сурет: freepik

Үкімет отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді қолдау құралдарын қайта қарады

Arna Press, 18 мая 2024 в 21:18

Үкімет отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді қолдау құралдарын қайта қарады
Үкімет отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, қолдау құралдарын қайта қарады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапМашина-трактор паркін жедел жаңарту және жергілікті ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсіпорындарын дамыту тетігі әзірленді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Қазақстанда аналогтары шығарылатын шетелдік ауыл шаруашылығы техникаларына субсидия беруден бас тартуды көздейтін құжат қабылдады.Қазіргі уақытта елімізде түрлі қуаттылықтағы және модификациядағы трактор, астық жинау және жем-шөп жинау комбайндарының 15-тен астам брендін шығаратын 8 зауыт жұмыс істейді.

Соңғы жылдары Қазақстанда орташа жалақы қанша есе өсті

Arna Press, 17 мая 2024 в 17:38

Соңғы жылдары Қазақстанда орташа жалақы қанша есе өсті
Ресми статистикаға сәйкес, соңғы бірнеше жылда Қазақстанда орташа жалақы деңгейі айтарлықтай өсті, деп хабаралйды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық бюросының мәліметі бойынша 2024 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 382 279 теңгені құрады.

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Arna Press, 17 мая 2024 в 16:28

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанда 18, 19 және 20 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Болжам бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Оңтүстік циклон әсерінен барлық аумақта найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады.«Жаңбыр, күндіз ауа температурасының төмендеуіне әкеледі: солтүстік және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін, шығыс және оңтүстік аймақтарда — 15-23 градусқа дейін, тек батыс облыстарда оңтүстік ағындар 15-23 градус цельсийге дейін шамалы көтеріледі», — дейді метеорологтар.Сурет: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанға 200 миллион теңгенің темекісін өткізбек болған

Arna Press, 17 мая 2024 в 14:18

Қазақстанға 200 миллион теңгенің темекісін өткізбек болған
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі республикаға ірі көлемдегі контрабандалық темекінің әкелінуін тоқтатты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылдың мамыр айында «Сырым» (Батыс Қазақстан облысы), «Сыпатай батыр» және «Қарасу» (Жамбыл облысы) автокөлік өткізу бекеттерінде темекіні заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Барлығы 200 миллион теңгеден астам сомаға 380 мың қорап темекі тәркіленді.Арнайы жабдықталған көлік қоймаларынан темекі табылды.Қосымша тергеу үшін тәркіленген жүк аталған облыстардың экономикалық тергеу басқармаларына берілді.Бұған дейін Алматыда өмірге қауіп төндіретін алкоголь мен сыра табылған болатын.Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстанда колледждерде білім алуға мемлекеттік тапсырыс 60 мың орынға ұлғайтылды

Arna Press, 17 мая 2024 в 14:18

Қазақстанда колледждерде білім алуға мемлекеттік тапсырыс 60 мың орынға ұлғайтылды
Жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарының көлемі 60 мың орынға артады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Білім министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданған студенттер саны 145 мың адамға жетеді.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша республикалық бюджет есебінен сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 60 мың орынға ұлғайтылды.

Жыл басынан бері 600 мың га астам пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды

Arna Press, 17 мая 2024 в 12:38

Жыл басынан бері 600 мың га астам пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды
Мұндай мәлімет вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі отырыста айтылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап2024 жылдың басынан бастап АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері жалпы ауданы 321,5 мың га жер пайдаланушыларға қатысты 350 жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 16 мая 2024 в 21:36

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Абай облысында республикалық оқу-жаттығу өтті

Arna Press, 16 мая 2024 в 20:28

Абай облысында республикалық оқу-жаттығу өтті
Елімізде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.15-16 мамыр аралығында барлық өңірлерде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Республикалық штаб Абай облысының «Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалының аумағында орналасты.

Бейбит Жұқаев пен Денис Евсеев Португалияда ширек финалда кездеседі

Arna Press, 16 мая 2024 в 19:48

Бейбит Жұқаев пен Денис Евсеев Португалияда ширек финалда кездеседі
Қазақстандықтар, әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев пен рейтингіде 177-орында тұрған Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бейбіт екінші айналымда әлемнің 150-ракеткасы, америкалық Патрик Кипсонды жолдан тайдырды.Екі сағатқа созылған тартысты матчта Бейбіт қарсыласын 7:5, 7:6 (7:5) есебімен ұтты.

2024 жылдың маусымында қазақстандықтар қанша күн демалады

Arna Press, 16 мая 2024 в 18:28

2024 жылдың маусымында қазақстандықтар қанша күн демалады
2024 жылдың маусым айында қазақстандықтар қажылық аяқталатын мұсылман мерекесі – Құрбан айтты тойлайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ораза айт мерекесінен кейін 70 күн өткен соң, Зуль-хиджа айының 10-шы күні Исламда пайғамбар ретінде құрметке ие болған Ибраһимнің құрбандығын еске алу мақсатында тойланады.Биыл Құрбан айт 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанар Сейдақметқызы Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды

Akorda.kz (KZ), 16 мая 2024 в 18:06

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанар Сейдақметқызы Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Показано 30 новостей из 4 814