Популярные темы

шалқар ауданы: новости — страница 2

Түлектер 1 миллион 300 мың теңгеге көмек көрсетті

Ақтөбе газеті, 23 мая 2019 в 15:52

Түлектер 1 миллион 300 мың теңгеге көмек көрсетті
Туған жерге тағзым Елбасының «Туған жер» бағдарламасының аясында Жаңақоныс орта мектебінде 1977-2011 жылдар аралығындағы мектеп түлектерінің қатысуымен форум өтті. «Алтын ұя мектебім, сағынып саған жеткенім» тақырыбында ұйымдастырылған шараға түлектер ерекше ынтамен қатысты.Форумның мақсаты — жастарға үлгі көрсету, оларды кіндік қаны тамған жерді, өлкені сүюге үндеу.

Актриса мектеп кітапханасына сый жасады

Ақтөбе газеті, 16 мая 2019 в 11:02

Актриса мектеп кітапханасына сый жасады
Шалқар ауданындағы №2 мектеп-гимназиясында осы білім ордасының түлегі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, актриса Майгүл Мұзбаевамен кездесу өтті. Ерекше басқосуға ардагер-ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар қатысты. Жиналған қауымға алдымен кеш иесінің шығармашылығы туралы әзірленген шағын бейнесюжет ұсынылды.— Мектеп мақтаныштарына айналған түлектерімізбен осындай кездесу шараларын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырдық.

Бұқара

Ақтөбе газеті, 16 мая 2019 в 10:22

Бұқара
«ҚАРА ЖҰМА» МА, ӘЛДЕ «ҚАСИЕТТІ ЖҰМА» МА? Ғаламторды ашып қалсаң, теледидарды басып қалсаң: «Қара жұма, черная пятница, black friday» деп қазақша, орысша, ағылшынша шүлдірлеген жарнамаға көз сүрініп, құлақ тұнады. Иә, ағылшыншадан аударғанда сондай бір «қара» күні барлық әлемдегі сауда орындарында жеңілдіктер жасалып, дүние-мүліктің, киім-кешектердің бағасын пәленбай есе төмендетіп сататын көрінеді.

Байқадамда бейбітшілік алаңы бар

Ақтөбе газеті, 16 мая 2019 в 10:12

Байқадамда бейбітшілік алаңы бар
Жеңіс күні Есет Көтібарұлы ауылдық округінің орталығы Байқадамда «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында осы өңірдің төл перзенті, жанашыр азаматы, облыстық мәслихаттың депутаты Бердібек Шәкірбекұлының демеушілігімен тұрғызылған Бейбітшілік алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Жиында аудан әкімі Бауыржан Қаниев сөз сөйлеп, жиналған қауымды Жеңіс күні және қасиетті Ораза айымен тұспа-тұс келген Бейбітшілік алаңының ашылуымен құттықтап, осы игілікті істі қолға алып, жүзеге асырған Бердібек Шәкірбекұлына алғыс айтып, оның аудан, ауыл халқының игілігі үшін жасаған жүйелі жұмыстарын ерекше атап өтті.

Жылтырда көкпар командасы бар

Ақтөбе газеті, 25 апреля 2019 в 10:12

Жылтырда көкпар командасы бар
Жылтыр ауылының жігіттері ат спорты бойынша жылдың әр мезгілінде түрлі шаралар өткізуді дәстүрге айналдырды. Жақында көкпар командасына ат қою рәсіміне орай ауыл маңында үлкен дүбірлі жиын өтті. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, меймандарға арналып қонақасы берілді.— Бұл шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы мен Жастар жылына орайластырылып отыр.

Шалқар ауданында кәсіпкерлерге қолдау төмен

Ақтөбе газеті, 30 марта 2019 в 11:22

Шалқар ауданында кәсіпкерлерге қолдау төмен
Бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Шалқар ауданына жұмыс сапарымен барды. Ол ең алдымен №1 «Shalgar su» минералды су өндіру зауытының жұмысымен танысып, осы кәсіпорынның қаланың екінші бөлігінде орналасқан №2 «Shalgar su» цехындағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. 20 жылдан бері бос тұрған «Шалқар суы» минералды зауыты өткен жылдан бері жанданып, қазір минералды суы республика, РФ нарығына шығып жатыр.

Бибі-ана Бекішовтер әулетіне үй сыйлады

Ақтөбе газеті, 28 марта 2019 в 11:42

Бибі-ана Бекішовтер әулетіне үй сыйлады
Белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Бибі-ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазинаның қамқорлық істерде оқ бойы озық жүретіні көпке аян. Бойжеткен бұла шағынан өмірдің тауқыметін арқалаған қайсар қыздың туған жеріне деген құрметі әсте бөлек. «Тауқымет» романында бір кейіпкердің өмірін баяндау арқылы күллі қазақ қыз-келіншектерінің тағдырына алаңдаған қарымды қаламгердің, әсіресе, мүгедек аналардың проблемасына келгенде жүрегі байыз таппайды.Оның осындай қайсар қасиетіне жақында жерлестері де куә болды. Ұзақ жылдардан бері баспана қиындығын көріп келген Шалқар қаласындағы Бекішовтер әулетіне ол 7 бөлмелі жер үйді сыйға тартты. Құны 6 миллион теңгеге бағаланған үлкен үй ауызсумен, көгілдір отынмен қамтылған және бірнеше сарайлары, ауласында шегенделген құдығы бар, мал ұстауға қора-жайлары сақадай сай.— Осыған дейін баспана қиындығын бір кісідей көріп келдік.

Зиба әженің 105-ші көктемі

Ақтөбе газеті, 21 марта 2019 в 11:42

Зиба әженің 105-ші көктемі
Бозой ауылында тұратын Зиба Келімбетова әже жылдың баcында 105 жасқа толды. Әке-шешесі өз заманының бақуатты кісілерінің қатарынан саналған. Содан болар, әкесі Ернияз «пәрменділердің» бұйрығымен қудалауға ұшырайды. Бала Зибаны сол тұста Махамбет Келімбетов деген ауылдасы өзінің перзенті болмағанын алға тартып, атына жаздыртып алады.

Мерекенің сыйлығы — жаңа пәтерлер

Ақтөбе газеті, 13 марта 2019 в 10:22

Мерекенің сыйлығы — жаңа пәтерлер
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Шалқар қаласында бірнеше отбасы жаңа пәтердің кілтін алды.Газшылар қалашығында тұратын аналарға аудан әкімі Бауыржан Қаниев ауданның жергілікті бюджет есебінен берілетін жаңа пәтерлердің сертификаттарын тапсырды.Олардың осыған дейінгі тұрып келген үйлері арнайы комиссияның шешімімен апатты деп танылған.— Бұл сертификаттар аудан әкімінің жанынан құрылған комиссияның зерттеп-зерделеуімен аталған адамдар отбасыларының тұрғын үй жағдайындағы қиындықтары ескеріліп, тапсырылып отыр.

Жеңілдетілген несие — көп көмек

Ақтөбе газеті, 18 февраля 2019 в 10:12

Жеңілдетілген несие — көп көмек
Жанна НҰРҚАСОВА, жас кәсіпкер Үкімет жастардың жұмыссыз қалмауына, заманға сай мамандықты игеріп, білім алуына біршама жағдай жасады. Оның үстіне биыл жас мамандарды баспанамен қамту көбеймек.Қазір шалғай ауылдарда кәсіппен айналысам деушілерге мүмкіндік мол. Бұдан екі жыл бұрын кәсіпкер атанамын деп ойлаған жоқпын.

Бердібек САПАРБАЕВ: Жол мен жылдың мүмкіндігін пайдалануымыз керек  

Ақтөбе газеті, 08 февраля 2019 в 01:42

Бердібек САПАРБАЕВ: Жол мен жылдың мүмкіндігін пайдалануымыз керек   
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кезекті жұмыс сапарымен Шалқар ауданына барды. Мақсат — жалпақ өңірдің жағдайын көзбен көріп, әлеуметтің әл-ауқатымен танысып, тұрғындардың талабы бойынша шешімін күткен шаруалардың іске асуын бақылау. 50 мың халқы бар, шекарасы үш облыспен шектесетін іргелі ауданның өзекті мәселелері жыл санап шешіліп, экономикасы да ілгерілеп келеді.Олай дейтініміз сапар барысында облыс басшысы бірнеше «біткен істің» басында болды.Жаңа нысандарды араладыАлғашқы кездесу Қауылжыр ауылдық округінен басталды.

Мәселелер қозғаусыз қалмайды

Ақтөбе газеті, 30 января 2019 в 10:02

Мәселелер қозғаусыз қалмайды
Біршоғыр, Ақтоғай, Қауылжыр, Айшуақ, Бозой, Тоғыз, Кішіқұм, Шетырғыз және Шалқар ауылдық округтерінің орталықтарында аудан әкімі Бауыржан Қаниев «Шалқар ауданының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» есебін берді.Ең алдымен халық аталған ауылдық округтер әкімдерінің есептеріне ден қойды.

Қатысушылар лебізі

Ақтөбе газеті, 25 января 2019 в 12:12

Қатысушылар лебізі
МЕНІҢ ДЕ БЕСІГІМ — АУЫЛИслам АЙСАҰЛЫ, Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округінің ветфельдшері:— Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Жастар жылының ресми ашылуында Тәуелсіздік ұрпақтары өздерінің жетістіктерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Оның ішінде 23 жасында 21 мейрамхана ашқан кәсіпкер Расул Абдуллаев болашақта маркетингті дамытуды ұсынды.

Көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы

Ақтөбе газеті, 23 января 2019 в 10:12

Көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы ҮзіндіҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1.Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін мына аналар «Алтын алқа» алқасымен наградталсын:Ақтөбе облысы бойыншаАбдрахманова Лариса Таңатарқызы — үй шаруасында, Ойыл ауданы.Берданова Турсынай Калхоразовна — үй шаруасында, Ақтөбе қаласы.Жапакова Айнур Куандыковна — үй шаруасында, Әйтеке би ауданы.Жиенәлиева Лида Қуандыққызы — үй шаруасында, Шалқар ауданы.Коржынбаева Гулдаурен Сыдыковна — үй шаруасында, Әйтеке би ауданы.Қани Роза Қаниқызы — үй шаруасында, Байғанин ауданы.Мурзагулова Мадина Ургенишбаевна — үй шаруасында, Ақтөбе қаласы.Печёрская Светлана Владимировна — үй шаруасында, Мұғалжар ауданы.Тлеубаева Джаркын Джумагазиевна — үй шаруасында, Мәртөк ауданы.2.Алты бала туып, тәрбиелегені үшін мына аналар «Күміс алқа» алқасымен наградталсын:Аймагамбетова Айгуль Бауыржановна — үй шаруасында, Ақтөбе қаласы.Аймагамбетова Айнур Тагыбергеновна — үй шаруасында, Әйтеке би ауданы.Айткалиева Багдагуль Рахымкызы — үй шаруасында, Ақтөбе қаласы.Альниязова Гульнур Бактыбаевна — үй шаруасында, Мұғалжар ауданы.Амангалиева Даметкен Жаксылыковна — үй шаруасында, Ақтөбе қаласы.Аманжолова Жұпар Арыстанбекқызы — үй шаруасында, Ақтөбе қаласы.Базарова Жамиля Ерисеевна — үй шаруасында, Мұғалжар ауданы.Байбарақова Гүльмира Байбараққызы — үй шаруасында, Ақтөбе қаласы.Байхадамова Камила Тасыгуловна — үй шаруасында, Алға ауданы.Балгазина Динара Жаксыбаевна — үй шаруасында, Мұғалжар ауданы.Бегімбаева Гүлнұр Қангерейқызы — үй шаруасында, Ақтөбе қаласыБекпан Дильнара Жулмагамбетовна —үй шаруасында, Ақтөбе қаласыБижанова Фарида Сайлауовна — үй шаруасында, Ақтөбе қаласы.Бондарь Инна Анатольевна — үй шаруасында, Ақтөбе қаласы.Букаева Жанат Жұмақызы — үй шаруасында, Алға ауданы.Дюсенгалиева Анар Таировна — үй шаруасында, Ақтөбе қаласы.Елеуова Балыш — үй шаруасында, Ойыл ауданы.Жайлаубаева Гулайым Темирхановна — үй шаруасында, Ойыл ауданы.Жаниязова Райхан Жаксыгалиевна — үй шаруасында, Ойыл ауданы.Жиенаева Болган Ораковна — үй шаруасында, Алға ауданы.Жилмагамбетова Мейрамгул Ауезбаевна — үй шаруасында, Мұғалжар ауданы.Жубаниязова Алия Сарсеновна — үй шаруасында, Мәртөк ауданы.Калбаева Жупар — үй шаруасында, Мұғалжар ауданы.Кенешова Кундыз Жумакановна — үй шаруасында, Ойыл ауданы.Кожантаева Жанат Абибуллаевна — үй шаруасында, Ойыл ауданы.Кусназарова Гулмира Орынбасаровна — үй шаруасында, Ақтөбе қаласы.Кыдыралиева Куралай Жанайдаровна — үй шаруасында, Алға ауданы.Машанова Зухра Жаксыбаевна — үй шаруасында, Алға ауданы.Нажықова Гүлмира Жангелдіқызы — үй шаруасында, Ырғыз ауданы.Ниязбаева Сания Аубакиркызы — үй шаруасында, Әйтеке би ауданы.Отарбекова Айнұр Отарбекқызы — үй шаруасында, Байғанин ауданы.Өтесін Мөлдір Кеңесбайқызы — үй шаруасында, Мұғалжар ауданы.Саграева Айнагуль Жанбулатовна — үй шаруасында, Алға ауданы.Саин Ару — үй шаруасында, Ақтөбе қаласы.Султашева Айымгул Кошановна — үй шаруасында, Ойыл ауданы.Тулешова Салтанат Әнесқызы — үй шаруасында, Мұғалжар ауданы.Тынышева Жазира Тулкибайкызы — үй шаруасында, Ойыл ауданы.Тілеужанова Алмагүл Сазанбайқызы — үй шаруасында, Шалқар ауданы.Утегенова Асемгуль Мейрамбаевна — үй шаруасында, Шалқар ауданы.Шамуратова Алмахан Турсунбаевна — үй шаруасында, Ақтөбе қаласы.Шоқанова Күнзия Шәтиқызы — үй шаруасында, Алға ауданы.Ілиясова Мөлдір Амандыққызы — үй шаруасында, Ырғыз ауданы.

Ұялы байланыс, мал ұрлығы және пойыз кестесі

Ақтөбе газеті, 21 января 2019 в 10:32

Ұялы байланыс, мал ұрлығы және пойыз кестесі
Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев Жаңақоныс, Есет Көтібарұлы және Мөңке би ауылдық округтерінде өз есебін берді. Үш ауылда да өткен жылы біраз ауқымды жұмыстар жүзеге асты. Бірақ биылғы жылдың еншісіндегі мәселелер тұрғындарды алаңдатып отыр.Жеке бастан гөрі ортақ проблемаларды алға тартқан жаңақоныстықтар ауылға ұялы телефон байланысының аса қажет екенін бірауыздан айтты.

Тура бидің жолымен

Ақтөбе газеті, 18 января 2019 в 10:02

Тура бидің жолымен
АрманСот жүйесінің ардагері, еліміздің Судьялар одағының мүшесі, «Үш би» құрметті төсбелгісінің иегері, Ақтөбе облысының үздік заңгері, Шалқар және Ойыл аудандарының құрметті азаматы Бекқожа Тайғожиев жетпіс жасқа жетіп отыр.Ол орта мектепті алпысыншы жылдардың орта шенінде бітірді. Ол кезде оның туған жері Ойыл өңірінде ешкім заңгер болуды ойламайтын.

Туған жердегі жүздесу

Ақтөбе газеті, 18 января 2019 в 09:52

Туған жердегі жүздесу
Өткен аптада Сары Батақұлы атындағы Шалқар аудандық Мәдениет үйінде жерлесіміз, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлімай Қуанышеваның «Сәлеметсіз бе, бақыт!» атты шығармашылық кеші өтті. Оған жыр сүйер қауым, оқушылар мен ақынның ауылдастары қатысты. Кеш Ақтөбе қаласынан келген «Рухнама» шығармашылық орталығы мүшелерінің әзірлеген театрландырылған көрінісімен басталды.Сахна төріне Гүлімай Қуанышева шығып, «Аяққұмым», сияқты өзінің патриоттық, лирикалық өлеңдерін оқыды.

Облыс әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі жөнінде

Ақтөбе газеті, 14 января 2019 в 10:22

Облыс әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі жөнінде
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдардың, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының тұрғындармен есепті кездесулер өткізу жөніндегі» Жарлығына сәйкес, 2019 жылдың 15 ақпанында 11.00-де Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі өтеді.

«Қармағымды қап, балық!..»

Ақтөбе газеті, 09 января 2019 в 10:42

«Қармағымды қап, балық!..»
Шалқар ауданында жыл сайын дәстүрге айналған «Жас балықшылар» сайысы биыл үшінші мәрте ұйымдастырылды. Жастар арасында балық аулау кәсібін дамытуда салауатты өмір салтын насихаттап, балықшылар қоғамын құру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Бауыржан Қаниев бастаған аудан азаматтары қатысты.

Отыз жылдық белес

Ақтөбе газеті, 09 января 2019 в 10:32

Отыз жылдық белес
Шалқар қаласындағы №6 орта мектеп өзінің 30 жылдық белесін атап өтті. Бұл білім ордасы сексенінші жылдардың соңында Батыс Қазақстан теміржолы оқу бөлімінің бастығы Бекет Есенжоловтың ұсыныс-қолдауымен пайдалануға беріліп еді. Осы жылдар ішінде мектепті көптеген түлектер бітірді. Алғашқы директор С.Саухановтан бастап, Ә.Есбосынов, Ұ.Нияз, Ш.Мұқановадай білікті басшылар басқарды. Қазіргі таңда мектеп Әлия Оспанованың басшылығымен жұмыс жасайды.Мектеп ұжымы өзінің мерейтойына үлкен дайындықпен келді.

Қос ауылдың қуанышы

Ақтөбе газеті, 04 января 2019 в 11:42

Қос ауылдың қуанышы
Шалқар ауданының Байқадам ауылында қараусыз қалған ескі Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, Мөңке би ауылдық округіндегі «Балдәурен» балабақшасының жаңа ғимараты пайдалануға берілді.Ауыл тұрғыны Сейіл Үмбеталиннің айтуынша, ескі Мәдениет үйі 1981 жылы бой көтерген. Кейін бұл ғимарат көп жылдар бойы бос тұрды.

Тарихы терең мектеп

Ақтөбе газеті, 20 декабря 2018 в 10:12

Тарихы терең мектеп
Шалқар қаласында Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаевтың есімі берілген мектептің ашылғанына 60 жыл толу мерейтойы аталып өтілді. Бұл білім ордасы 1958 жылы №496 теміржол 7 жылдық мектебі болып ашылды. 1964 жылдан бастап мектепке Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев есімі берілді.Мектептің алғашқы директоры Шәуен Елмағанбетов еді, оның жақсы ісін кейін тәжірибелі ұстаздар Жақай Қоқанов, Ниеталы Мырзатаев, Серғазы Сауханов жалғастырды.Осыдан бірнеше жыл бұрын мектеп түлектері Әбужан Есбосынов, Саматбай Ноғаев, Қонысбай Дәулеталин, Сәлижан Оспанов І.Үргенішбаевқа арнап батыр бюстін орнатты.2009-2011 жылдар аралығында 25 мұғалім облыс әкімінің грант иегері атанды.1993 жылдан бастап жыл сайын 9,10,11 сыныптың озат оқушыларына Кеңес Одағының Батыры І.Үргенішбаев атындағы стипендия берілу үрдіске айналды.Мектепте алғашқы жылдары қызмет еткен ұстаздар қатарында Зиляш Дәуітов, Мәруа Атауова, Асыл Әлиева, Әлпен Науанова, Бақи Тәңірбергенов есімдері құрметпен аталады.

Ғалымды еске алды

Ақтөбе газеті, 20 декабря 2018 в 10:02

Ғалымды еске алды
Шалқар қаласындағы №2 мектеп-гимназияның акт залында осы білім ордасының алғашқы «Алтын медаль» иегері, 1971 жылғы түлегі, Мұхаметжан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының кафедра меңгерушісі болған, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Сәтбай Қабақбаевты еске алуға арналған шара өтті.Бұл жиынға ғалымның ағасы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық ұйымы төрағасының орынбасары, ҚР Құрметті журналисі Жанғабыл Қабақбаев, ардагер-ұстаздар, Сәтбай Жұмағалиұлының сыныптас жолдастары және мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты.Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қорғанбек Исаев өмірден ерте кеткен ғалым ағаның есімі, оның физика-математика ғылымының дамуына қосқан өлшеусіз еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын айтты. Өз кезегінде Жанғабыл Қабақбаев осы мектептен болашақта елге белгілі тұлғалардың шығатынына сенім білдірді және шараны ұйымдастырып, өткізіп отырған мектеп ұжымына алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Ақтөбе газеті, 15 декабря 2018 в 15:22

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен  наградтау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Үзінді ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1.Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — Қазақстанның Еңбек Еріатағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені тапсырылсын:Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдіңәлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын: «Парасат» орденіменСАҒЫНАЛИН Нұрлан Шымбайұлы — «АкТеп» ЖШС құрылтайшысы, Ақтөбе облысының Алға ауданы.

Тұрғын үй пайдалануға берілді, супермаркет ашылды

Ақтөбе газеті, 06 декабря 2018 в 10:02

Тұрғын үй пайдалануға берілді, супермаркет ашылды
ҚР Тұңғыш Президенті күнінде Шалқар қаласының Газшылар қалашығында көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және бюджеттік сала қызметкерлеріне салынған екі қабатты 8 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, аудан орталығында «Қанағат» азық-түлік супермаркеті ашылды.Салтанатты шарада аудан әкімі Бауыржан Қаниев тұрғындарға пәтер кілттерін тапсырып, тұрғын үй құрылысын сапалы жүргізіп, уақытында аяқтаған мердігер ұйым «Ерзат» өндірістік кооперативінің төрағасы Қаржаубай Әліқұловқа және аталған кооперативтің учаске бастығы Аманғали Сүлейменовке алғысын білдірді.Бұдан кейін баспаналы болған тұрғындар атынан Құралай Қараноғаева аудан басшылығына, мердігер ұйым өкілдеріне ризашылығын білдіріп, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Аманкелді Қалыбаев жиналғандарға бата берді.Тұрғын үйдің лентасы қиылған соң, үлкендер жағы шашу шашып, үйлерді аралап, жаңа пәтерге ие болған отбасыларды қуаныштарымен құттықтап шықты.Айта кету керек, аталған тұрғын үйді салуға «Өңірлерді дамыту — 2020» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 65 млн 205 мың теңге қаржы бөлінген.Мереке күні аудан орталығында жас кәсіпкер Азамат Оразымбетов «Қанағат» азық-түлік супермаркетін ашты.

Мәңгілік елдің мұраты

Ақтөбе газеті, 22 ноября 2018 в 11:32

Мәңгілік елдің мұраты
Жеңісгүл МҰХАМБЕТПАЙЫЗОВА, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты: — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы туған жердің тарихына, ата-баба мұрасына, халықтың қазыналарына немқұрайды қарамайтын әр азаматқа ой салары сөзсіз.Нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, төл тарихымызды түгендеуді ұсынған Елбасының өзекті мақаласы жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыптауға мүмкіндік береді.Мақаладағы Мемлекет басшысы белгілеген Ұлы даланың жеті қыры — ата-бабадан мұра боп қалған һәм бүгінгі қоғамның ажырамас бөлігі болып отырған ұлт тарихының кейбір бағыттары — ұлттық мәдениет пен өнердің, ата-бабамыздың көркем болмысы мен рухани байлығын көрсететін бұйымдары — барлығы да біздің баға жетпес байлығымыз.Мақалада сонау ықылым заманнан келе жатқанасыл мұраны жандандырып, жарыққа шығару — бүгінгі ұрпақтың мұраты екендігі айтылады.

400 бас қой Иранға экспортталды

Ақтөбе газеті, 22 ноября 2018 в 10:02

400 бас қой Иранға экспортталды
Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мақсатында еліміздің сырт елдермен жасаған меморандумдар нәтижесін шалқарлық шаруаларда көре бастады.Жаңақоныс ауылдық округіне қарасты «Жаңбырбай» шаруа қожалығы жергілікті жердің сұранысынан артылған қойларын Иран мемлекетінің нарығына жөнелтті. Аудан орталығынан теміржолдың екі вагонына тиелген ұсақ малдар Түрікменстан арқылы Иран Ислам республикасының Инчибурун қаласына 3,5 тәулікте жеткізілген.

Мереке жәрмеңкемен басталды

Ақтөбе газеті, 20 ноября 2018 в 10:32

Мереке жәрмеңкемен басталды
Шалқар ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні ерекше аталып өтті. «Отан» спорт кешені алдында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде Шалқар қаласы мен 12 ауылдық округтегі шаруа қожалықтары әкелгентүйе, сиыр еттері, құрт, шұбат, сүт өнімдері мен жылыжай көкөністері нарықтағы бағадан төмендетіліп сатылды.Тұрғындар 3,2тонна ет, 57 литр сүт және 35 келі құрт өнімдерін пышақ үстінен үлестіріп әкетті.Одан әрі мереке Cары Батақұлы атындағы аудандық Мәдениет үйінде жалғасты. «Ауылым — алтын бесігім» аттысалтанатты шара барысында тұрғындар Асылхан Дәрібаев пен Нұрғали Сидақов қойған «Бақыттың бәрі ауылда» атты сахналық көріністі тамашалады.

Тәрбие бастауы

Ақтөбе газеті, 15 ноября 2018 в 10:22

Тәрбие бастауы
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық балалар кітапханалары қызметкерлерінің қатысуымен «Мәңгілік елдің мәдени орталығы — балалар кітапханасы» атты семинар ұйымдастырды.Семинарда «Электронды кітапхана: заманауи қызмет жүйесі», «Мектеп кітапханасы — рухани тәрбиенің бастамасы», «Балалардың кітап оқуы — елдің зияткерлік әлеуеті: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыптары талқыланып, кітапханашыларға өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды.Аталған кітапхана директоры Сұлушаш Хакимова биыл қыркүйек айында өткен «Кітапхана — қоғамның көп функцияналды, көп деңгейлі әлеуметтік институты» атты бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі туралы баяндап, ортақ жетістіктерге жету жолында барлық кітапханашыларды өз үлестерін қосуға шақырды.Сондай-ақ шараға қатысқан «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» АҚ Ақтөбе филиалының бас кітапханашысы Кенжебике Маханова кітапханалардағы кітап қорының сандық жүйеге көшуі туралы баяндады. №6 Хромтау мектеп-гимназияның кітапхана меңгерушісі Әлия Елеусізова баланы кітап оқуға тарту мақсатында жүргізген нәтижесі мол жобаларымен бөліссе, облыстық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі Камилә Ідрісова Қарағанды облыстық Абай атындағы балалар кітапханасында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясынан алған әсерімен бөлісті.Сондай-ақ шарада жылдың басында жазушы Ө.Қанахиннің 95 жылдығына орай жарияланған «Оқы, ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафонының жұмысы қорытындыланды.Семинардың екінші бөлімі «Ұмытпас мені ғасырлар» жобасы аясында ұйымдастырылған «Байғанин оқулары – 2018» облыстық көркемсөз оқу сайысымен жалғасты.

Сауатты маман сапалы өнімге қол жеткізеді

Ақтөбе газеті, 13 ноября 2018 в 10:52

Сауатты маман сапалы өнімге қол жеткізеді
Қайрат ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, «Ақжар-агро» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты«Ақжар-агро» — аудандағы ауыл шаруашылығымен айналысатын ірі шаруашылықтардың бірі. Біз дәнді, майлы дақылдармен қатар, мал азығын да егеміз. Жаңа техникалар мен технологияларды сақтай отырып, мол әрі сапалы өнімге қол жеткізіп келеміз.
Показано 30 новостей из 139