Новости по теме "актюбински вестник" — страница 2

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Облыс тұрғындарының бәріне тең қызмет ету үшін келдім

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 апреля 2019 в 09:52

Оңдасын ОРАЗАЛИН:  Облыс тұрғындарының бәріне тең қызмет ету үшін келдім Облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттеріне сұхбат берді. Бұл — оның Ақтөбе облысының әкімі ретінде БАҚ өкілдеріне беріп отырған тұңғыш сұхбаты. Біз әңгіме барысында жұмыспен қоса Оңдасын Сейілұлының жеке болмысына да үңілгенді жөн көрдік.Дамыған елдерде халыққа қызмет ету орталықтары — кешегі күннің әңгімесі.

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Қазіргі заманның құралдарын пайдалана отырып қоғамды тәрбиелеуде баспасөздің рөлі мықты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 апреля 2019 в 10:42

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Қазіргі заманның құралдарын пайдалана отырып қоғамды тәрбиелеуде баспасөздің рөлі мықты Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин Баспасөз үйінде болып, «Ақтөбе Медиа» холдингі ұжымымен кездесті. Облыс басшысына Баспасөз үйінің бірінші қабатында жасақталған қос газеттің тарихынан сыр шертетін мұражай жұмысы, ондағы көне жәдігерлер таныстырылды. Содан соң ол серіктестік құрамындағы облыстық қос газет пен «Адырна», «Үштаған» журналдарының, «АқтөбеМедиа.kz» медиа порталы мен «Aktobenews» ақпараттық сайтының редакциясын аралап көрді. «АқтөбеМедиа.kz» медиа порталында алдағы уақытта телекамера арқылы тікелей эфирде сұхбаттар жүргізілетін болады.Ұжыммен кездесу барысында Оңдасын Оразалин бала күнінен қазіргі «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерін оқып өскенін, қос газеттің редакциясында бір кездері елімізге белгілі ақын-жазушылардың қызмет жасағанын айта келе, бүгінгі қалам иелерінің еңбегін ерекше бағалады.

Ақпарат саласындағы ынтымақтастық

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 апреля 2019 в 12:42

Ақпарат саласындағы ынтымақтастық «Ақтөбе Медиа» ЖШС қазіргі уақытта аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен ынтымақтастықты дамыту, баспасөздің ықпалдылығын өрістету, өзара тәжірибе алмасу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.Бұған дейін көршілес Ресейдің Орынбор аймағындағы облыстық газеттердің журналистерімен байланыс негізі орнатылған болған.Жақында Ақтау қаласынан «Маңғыстау Медиа» ЖШС директоры Айсұлу Дүтбаева бастаған топ арнайы іссапармен келіп, «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымында болды.

Ер Едіге есте ме…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 апреля 2019 в 10:52

Ер Едіге есте ме… Кешегі кеңестік дәуірдің өзінде сол дәуірдің қалыбына сыймайтын, кеудесі алтын сандықтай қазына қарттарымыздың болғаны рас. Солардың бірі, бірегейі ауыл ақсақалы Тахар Қожахметов ақсақал еді. Кәрі құлақ, ескінің көзі күнді түнге ұластырып, ұзақ таңға майын тамызып айтатын әңгімеші-шежіреші болатұғын.

Баспасөз үйіндегі алғашқы Наурыз осылай өтті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 марта 2019 в 11:32

Баспасөз үйіндегі алғашқы Наурыз осылай өтті Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын Баспасөз үйінде «Ақтөбе Медиа» ЖШС ерекше атап өтті. Бұл күні серіктестікке қарасты «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері, «Адырна», «Үш таған» журналдары мен «Ақтөбе Ньюс» сайты қызметкерлері ұлттық киім киіп, мерекеге сән-салтанатпен жиналды.Былтырғы жыл «Ақтөбе Медиа» серіктестігі үшін ерекше оқиғаларға толы болды.

Қаламгерлер «Ақтөбе Медиаға» келді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 марта 2019 в 10:32

Қаламгерлер «Ақтөбе Медиаға» келді Ақын, «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлының 50 жылдық мерейтойына келген бір топ ақын-жазушы Баспасөз үйінде «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымымен кездесті.Көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, қазақ әдебиетінің классигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Жазушы» баспасының директоры Есенғали Раушанов, талантты жазушы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат, көрнекті ақын, Қазақстан Республикасы кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлы, белгілі ғалым, Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Берік Жүсіп секілді тұлғалар әуелі «Ақтөбе Медиа» ғимаратын толық аралап шықты.

Аманқос Орынғалиұлы — «ақпарат саласының үздігі»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 марта 2019 в 10:22

Аманқос Орынғалиұлы — «ақпарат саласының үздігі» Наурыз мерекесі қарсаңында «Ақтөбе Медиа» ЖШС қарасты «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бірқатар қызметкерлері ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Құрмет грамотасымен және төсбелгісімен марапатталды. Құрмет иелерін құттықтау үшін Баспасөз үйіне Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы Нәзира Табылдинова келді.Ақпарат саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін облыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» газетінің фототілшісі Хайреден Раушанов, «Актюбинский вестник» газеті сайтының редакторы Максим Токарь, компьютер бөлімінің операторы Нина Акимова министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталса, «Ақтөбе» газетінің тілшісі Аманқос Орынғалиұлына «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.Барлық марапат иелерін құттықтай келе, жауапкершілігі мол қызметіне сәттілік тілейміз.Өз тілшіміз.

Баспасөз қызметкерлеріне ілтипат

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 марта 2019 в 13:42

Баспасөз қызметкерлеріне ілтипат «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымына қарасты облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде ұзақ жыл қызмет істеген ардагерлер Жәмила Жакиенова, Алтын Қарағұлова, Айғаным Мәмбетова, Ажар Тасқалиева, Құлпырған Құсайынова бүгінде құрметті еңбек демалысында.Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин алдыңғы буын өкілдері саналатын апаларды арнайы мерекемен құттықтап, сый-сияпат тапсырды.

Сабақтастық салтанаты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 февраля 2019 в 11:42

Сабақтастық салтанаты Облыстық «Ақтөбе» газетінің әр кезеңдегі үш редакторының қатар келген мерейтойы облыс журналистикасындағы ерекше атап өтерлік салтанатты сәтке айналды. Той иелерін құттықтау үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кеше арнайы Баспасөз үйіне келді. Облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттері мен «Адырна», «Үш таған», «Ақтөбе» журналдарын, сондай-ақ «АқтөбеНьюс» сайтын, және облыстық баспахананы біріктіретін серіктестіктің бүгінгі жұмысымен танысқан облыс басшысы осындағы музейде болып, алдыңғы буын өкілдерінің артында қалған мұраларын көріп, шығармашылық ұжыммен кездесті. — Біздің тәуелсіздігіміздің негізін салушылар — алдыңғы буын өкілдеріміз.

Мейрамгүл Мәскеуге барады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 января 2019 в 10:52

Мейрамгүл Мәскеуге барады Былтыр «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы елімізде шағын және орта кәсіпкерлік мәселелеріне қалам тербеп жүрген журналистер арасында конкурс ұйымдастырған болатын. Комиссия мүшелері бұл байқауда 15 жеңімпазды анықтаған. Солардың қатарында — «Ақтөбе Медиа» ЖШС құрамындағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» облыстық газеттерінің журналистері де бар.

«Қайырымдылық керуені» байқауына қатысыңыз!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 января 2019 в 10:52

«Қайырымдылық керуені» байқауына қатысыңыз! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» агенттігінің бірлескен «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы өз жалғасын табуда. Байқау шарттары туралы облыста жасақталған комиссия мүшелері өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Сайлау комиссиясының мүшелері сайланды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 января 2019 в 10:52

Сайлау комиссиясының мүшелері сайланды Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясының жалпы отырысында депутаттар Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлады. №24 Ембі сайлау округінен сайланған депутат Тақталифум Есенғұловтың төрағалық етуімен өткен сессия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, сондай-ақ саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің мүшелері қатысты.Сессияның күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе — Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес депутаттар Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлады.

Үш ғасырдың куәсі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 января 2019 в 11:02

Үш ғасырдың куәсі Ақтөбе қаласының құрылғанына биыл 150 жыл толады! Үш ғасырдың куәсі болған құтты мекеннің тамыры сонау ХІХ ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарында жатыр. ХІХ-ХХ ғасырларда негізі қалану, қалыптасу, даму дәуірлерін басынан өткерген шаһар ХХІ ғасырды өркендеумен, гүлденумен бастады. Бүгінгі Ақтөбе — ғасырлармен бірге өскен, уақытпен бірге өркендеген, заман талабына сай өркениеттің барлық игілігін пайдаланып отырған және миллион тұрғыны бар алып қалаға айналуға бет бұрған қала.

Раукен ОТЫНШИН, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры: Оқырманмен байланыс нығая түседі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 января 2019 в 11:52

Раукен ОТЫНШИН, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры:  Оқырманмен байланыс нығая түседі Жыл тоғысында әдетте өткенді қорытындылап, алдағы межелерді айқындау дағдысы қалыптасқан. Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерін, «Ақтөбе», «Адырна», «Үш таған» журналдарын, сондай-ақ «Ақтөбеньюс» сайтын біріктіретін «Ақтөбе Медиа» ЖШС жаңа — 2019 жылға қандай жоспарлармен қадам басқалы отыр?

Идош Асқар, Қазақстанның құрметті журналисі: Сөз-қаруды тек жақсылық үшін, ізгілік үшін пайдалану керек!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 января 2019 в 11:02

Идош Асқар, Қазақстанның құрметті журналисі: Сөз-қаруды тек жақсылық үшін, ізгілік үшін пайдалану керек! Биыл Ақтөбе облысының жылнамасына айналған, өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары өңірде тұңғыш рет қазақ тілінде шыға бастаған облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетіне 95 жыл толады. Алғашқы саны 1924 жылы 7 маусымда жарық көрген басылым осы уақыт аралығында талай «тар жол, тайғақ кешуден» өтті: кеңістік пен уақыт қойған талаптарға жауап бере отырып, халықпен бірге болуды мұрат етті.

Жыл оқиғалары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 декабря 2018 в 15:42

Жыл оқиғалары Биыл облыста Мемлекет басшысының экономика өсімін 5 пайызға жеткізу туралы тапсырмасы орындалды. Жыл қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Сондай-ақ биылғы жылы облыста көптеген жаңа жобалар қолға алынып, ғимараттар салынды. Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.Жаңа жыл қарсаңында бүгінге дейін облыста атқарылған маңызды шаралар мен оқиғаларды оқырман назарына ұсынамыз.Жыл сапарыБиыл қазан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында Мемлекет басшысы еліміздің батыс өңірінде тұңғыш рет ашылған «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығының жұмысымен танысты.

Мереке қарсаңындағы кездесу

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 декабря 2018 в 15:02

Мереке қарсаңындағы кездесу Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков облыстағы БАҚ өкілдерін және осы саладағы ардагерлерді Жаңа жылмен құттықтады. Басқосуда университет ректоры бір жылда республикалық және жергілікті БАҚ беттерінде оқу орнына қатысты мыңнан аса материал жарық көргенін, оның ішінде білім беру саласы өзге де мәселелер жөнінде журналистермен бірге жұмыс жасағанын айтып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.

Указ Президента Республики Казахстан от 5 декабря 2018 года №798

Источник: Nomad.su Дата: 24 декабря 2018 в 00:03

Указ Президента Республики Казахстан от 5 декабря 2018 года №798 ПОСТАНОВЛЯЮ:1. За выдающиеся достижения в экономическом, социально-гуманитарном развитии Республики Казахстан, активную общественную деятельность:присвоить высшую степень отличия — звание «Қазақстанның Еңбек Ері» с вручением знака особого отличия – Золотой звезды и ордена «Отан»:Байменовой Куралай Базарбаевне — председателю ОО «Центр поддержки парализованных граждан города Актобе«Доненбаеву Сайрамбаю Аликуловичу — руководителю КХ «Шаушен», район Турара Рыскулова Жамбылской областиСоловьевой Алине Робертовне — учителю КГУ «Школа-гимназия №1 имени А.С.Пушкина», город Шымкент.2.

Сапарбаев обратился к китайским нефтяникам по поводу зарплат

Источник: TengriNews Дата: 23 декабря 2018 в 23:23

Сапарбаев обратился к китайским нефтяникам по поводу зарплат Аким Актюбинской области Бердыбек Сапарбаев на встрече с генеральным директором представительства Китайской нефтехимической корпорации Sinopec Group в Центральной Азии Фан Сяннанем заявил о необходимости роста заработной платы для работников, сообщает «Актюбинский Вестник».Речь идет о компаниях ТОО «Сагиз Петролеум Компани», ТОО «Казахойл Актобе» и ТОО «МНСК «Синопэк Казахстан».

Журналистерге — жүлде

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 декабря 2018 в 14:22

Журналистерге — жүлде Қазақстан Журналистер одағының облыстық ұйымы жуырда «Ел тірегі — Тәуелсіздік» атты байқау жариялаған болатын.Конкурсқа түскен мақалалар іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталды.Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Журналистер одағының облыстық ұйымының төрағасы Раукен Отыншин жүлде иелерін құттықтап, оларға сыйлықтар тапсырды.Байқауда І орын алған Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Марат Мырзалыға «Мерке» санаторийіне жолдама берілді.ІІ орын иегері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер журналист Нағашыбай Балмаханұлы «Шипагер» санаторийінде тегін демалуға мүмкіндік алды.Ал «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Айжан Шауқұлова ақшалай сыйлықпен марапатталды.Жеңімпаздардың барлығы да Журналистер одағының арнаулы дипломдарын иеленді.Өз тілшіміз.

Тәуелсіздік шежіресі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 декабря 2018 в 13:52

Тәуелсіздік шежіресі Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 27 жыл толады. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде қазақ елін төрткүл дүние танып, әлем мойындады. Сонау тәуелсіздік алған тұста еліміздің бірден «аяққа» тұрып кетпегені белгілі. Әлемге беймәлім елдің болашағы бұлыңғырлау көрінгені де рас. Бірақ біздің халқымыз еш уақытта мойыған жоқ.

Соқадан басталған жол

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 декабря 2018 в 10:02

Соқадан басталған жол Өткен сенбіде ауыл шаруашылығы өндірісінің белгілі ұйымдастырушы және кеңес заманында облыс басшыларының бірі болған Николай Лавровтың туғанына жүз жыл толу құрметіне арналған еске алу кеші өтті. Кешке марқұмның замандастары шақырылды. Іс-шараның бастамашылары — «Ардагер» ардагерлер қоғамдық кеңесі мен жақында ғана белсенді өмір сапасын жақсарту және зейнеткерлерді қоғамдық өмірге тарту мақсатында құрылған «Ізгілік шуағы» қоғамдық бірлестігі.— Біз соғыстан кейін жоғары оқу орнын бітіріп, осында келген және өмірінің соңғы күніне дейін облыстың өркендеуіне өз үлесін қосқан адамға құрмет көрсетуді жөн көрдік.

Баспасөз үйіндегі кездесу

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 декабря 2018 в 14:42

Баспасөз үйіндегі кездесу Кеше Ақтөбе қаласындағы Баспасөз үйінің ғимаратында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқармасының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мен «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры, халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Асқар Омаров зиялы қауым және БАҚ өкілдерімен кездесті.Алдымен қонақтар Баспасөз үйінің мұражайын, облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясын, «AktobeMedia.kz» медиа порталын, журналист Гүлназ Әлімгерейдің онлайн-студиясы мен авторлық медиа мектебін аралап көріп, журналистер қауымымен тілдесті.Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин, сондай-ақ аудандардан келген ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.Шараны облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов ашты.Кездесуде «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқармасының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі сөз алып, Ақтөбе өңіріне облыс басшысының арнайы шақыртуымен келгенін, жуырда 100 жылдығын атап өткен облыстық «Актюбинский вестник» газетінің ұжымын мерейтойларымен құттықтайтынын жеткізіп, республикалық басылым туралы жиналғандарға кеңінен әңгімелеп берді.Өз сөзінде басқарма төрағасы «Егемен Қазақстан» газетінің даму стратегиясы мен оның бағыттарына тоқталып, басылымның қол жеткізген технологиялық жетістіктері, сайт шығару, таралымды көбейту, басылымда жарияланатын мақалалардың әр салалылығы,ел ішіндегі өзекті мәселелерді билікке жеткізу жолдары туралы айтып берді.— Қазір «Егемен Қазақстан» газеті «жасарды».

Облыс әкімі — тікелей эфирде

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 декабря 2018 в 11:52

Облыс әкімі — тікелей эфирде Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Aqtobe» телеарнасы эфирінде облыс тұрғындарымен тікелей байланысқа шықты. «Әкім сағаты» бағдарламасы аясында жұртшылықтың өз сауалдарын қоюына, ұсыныс-пікірлерін айтуына толық мүмкіндік жасалды. Телеарнаның тікелей эфирі барысында барлығы 701 сұрақ келіп түсті. Оның 253-і Саll-орталыққа қоңырау арқылы түссе, 448-і әлеуметтік желі арқылы жарияланыпты. «Әкім сағаты» бағдарламасы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты әзірленген бейнебаянды көрермен қауымға ұсынумен басталды.

«Актюбинский вестник» 100 жылдығын тойлады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 декабря 2018 в 15:02

«Актюбинский вестник» 100 жылдығын тойлады Кеше Т.Ахтанов атындағы драма театр ғимаратында облыстық «Актюбинский вестник» газетінің 100 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірқатар журналисті марапаттады.Алдымен үлкен экраннан арнайы дайындалған бейнефильм көрсетіліп, онда өңірдегі ең байырғы басылымның бүгінге дейін жүріп өткен жолы һәм қазіргі тынысы қамтылды.Құттықтау сөзінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев:— Менің ойымша, Қазақстанда 100 жылдық тарихы бар басылымдар аз. Әрі 100 жыл — үлкен тарих.

Ақтөбеде тұңғыш баспасөз үйі ашылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 декабря 2018 в 14:52

Ақтөбеде тұңғыш баспасөз үйі ашылды Кеше Ақтөбеде облыс әкімдігінің қолдауымен тұңғыш Баспасөз үйі ашылды. Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, сондай-ақ Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультеті телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Ғаділбек Шалахметов, белгілі журналистер Қайнар Олжай мен Нұртілеу Иманғалиев, көрші Ресейден, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары мен аудандардан әріптестер жиналды.

Он айдағы оң өзгерістер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 ноября 2018 в 11:42

Он айдағы оң өзгерістер Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды. Жыл басынан бергі 10 айда облыс экономикасының өсімі 5 пайызға жетті. Ақтөбеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмалары нәтижелі жүзеге асырылып келеді: ел дамуының негізгі стратегиялық құжаттары — Елбасының халыққа Жолдаулары, әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпорындарды жаңғырту мен цифрландыру аясында барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер артып отыр.

«Актюбинский вестник» газетінің ғасырлық тойы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 ноября 2018 в 10:52

«Актюбинский вестник» газетінің ғасырлық тойы Биыл облыстық қоғамдық-саяси «Актюбинский вестник» газетінің шыға бастағанына 100 жыл толды. Облыстың тұңғыш басылымының алғашқы саны 1918 жылдың 19 маусымында жарық көрді. Сол күннен бастап 100 жыл бойы «Актюбинский вестник» облыс тұрғындарының үйіне өңіріміз бен елімізде болып жатқан жаңалықтарды «арқалап», апта сайын барады.

72 мың адамды қамтыған жобаның нәтижесі қандай?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 ноября 2018 в 10:42

72 мың адамды қамтыған жобаның  нәтижесі қандай? Бір айға жуық уақытқа созылған «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аяқталды. Ақтөбе қаласы мен алты ауданды аралаған арнайы топтар 5 қала мен 69 елді мекеннің тұрғындарымен кездесті. Барлығы 72 мың адамды қамтыған екі мыңнан аса шара ұйымдастырылды. Бір мыңнан артық адам нақты көмек алды. Діни ахуал терең талқыландыЖобаның әр бағыты бойынша шыққан арнайы топтар жүйелі жұмыс жүргізді.

Халық қауіпсіздігі: әлеуметтік көмек көрсетілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 ноября 2018 в 11:32

Халық қауіпсіздігі: әлеуметтік көмек көрсетілді «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша ақпараттық топтар соңғы аптада Ойыл, Әйтеке би, Қарғалы аудандарын аралады. Шалғай ауылдардың халқына ақпараттық және әлеуметтік көмек көрсетілді.668 адам тексерілді, 14 жолдама берілдіЖоба бойынша топқа бөлінген мамандар ауданның шалғай ауылдарына дейін барды.Бірінші топтың мүшелері тұрғындарды жат ағымдардан сақтандыру мақсатында кездесулер өткізді.
Показано 30 новостей из 190