Новости по теме "актюбински вестник"

Этносаралық татулықтан — жалпыұлттық бірлікке

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 28 ноября 2019 в 11:12

Этносаралық татулықтан — жалпыұлттық бірлікке Кеше Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХІІІ сессиясы өтті. «Этносаралық татулықтан — жалпыұлттық бірлікке» деп аталған шараға облыс әкімі, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Оңдасын Оразалин, мемлекеттік қызметкерлер, Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы барлық кеңестер құрылымдары, студенттер қатысты. — Бүгінгі шара еліміз үшін маңызды екі мереке тұсында өткізіліп отыр: оның бірі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болса, екіншісі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні.

Енді «Ақтөбе» газетінің мобильді қосымшасы бар!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 28 ноября 2019 в 11:02

Енді «Ақтөбе» газетінің мобильді қосымшасы бар! Мұндай жаңалықты кеше фейсбук парақшасында облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғани Жәпішов хабарлады. «Ақжолтай жаңалық!!! Ғаламдық технологияның жемісі Сізді үйде отырып-ақ, өңірдің барлық жаңалықтарымен таныстырады. Ақтөбе облысы Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген мәселелерге белсене атсалысуда.

«Ақтөбе» газеті ойылдық оқырмандарымен кездесті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 10:32

«Ақтөбе» газеті ойылдық оқырмандарымен кездесті Ойдағы елдің ықыласыОблыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» газеті 95 жылдық мерекесіне орай Ойыл ауданына барып, оқырмандарымен кездесіп қайтты. Бұл сапардың барлық шарасы «Ауылым — алтын бесігім» бағдарламасы аясында өтті. Ғасырға жуық уақытта қос дәуірдің куәсі болған облыстық басылымнан қол үзбеген ойдағы елдің оқырмандары газет ұжымын ерекше ықыласпен қарсы алды.Әкімшілік үйінде қонақтарды қабылдаған аудан әкімі Асқар Қазыбаев өңірдің бүгінгі тынысына шолу жасап, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын және алдағы жоспарларын айтып, аудан көлеміндегі бірқатар мәселелерімен таныстырды.

Ақпараттық топ екі ауданды аралады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 11:32

Ақпараттық топ екі ауданды аралады «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының төртінші бағыты бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы ақпараттық топтар Мәртөк, Ойыл аудандарын аралап, тұрғындармен кездесулер өткізді.Мәртөк ауданында 1367 тұрғынды қамтыған 12 кездесу өттіҚұрамында мемлекет қызмет ардагерлері ұйымының төрағасы Серік Ботағарин, филология ғылымдарының кандидаты Мұхтар Миров, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы Салтанат Оңғар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының кеңесшісі Талант Әділханұлы және облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов бар ақпараттық топ Мәртөк ауданының Сарыжар, Мәртөк, Қаратоғай, Саржансай, Родниковка, Жайсаң ауылдарына барып, тұрғындармен кездесті.Кездесулер барысында топ мүшелері ҚР Президентінің биылғы Жолдауын, Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақы қоры жүйелері және т.б. мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Ақпараттық топ Қарғалы ауданын аралады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 12:52

Ақпараттық топ Қарғалы ауданын аралады 14-15 қазанда «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ақпараттық топ өкілдері Қарғалы ауданына барып, тұрғындармен кездесулер өткізді.Тұрғындарды қабылдады, кеңес бердіҚұрамында тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұртаза Абдуллаев, Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының кеңесшісі Талант Әділханұлы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің сарапшысы Айгүл Жанасаева бар ақпараттық топ алдымен аудан орталығындағы әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Асқар Жүсібалиевтің төрағалығымен өткен кездесуге қатысты.Жиында Асқар Жүсібалиев аудан активі мен тұрғындарға ақпараттық топ мүшелерін таныстырып, жобаның басты мақсаты мен міндетін түсіндірді, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған басым бағыттарға тоқталып өтті.Бұдан кейін басқосуда Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин облыста үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келе жатқан «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының маңыздылығына тоқталып, кешенді түрде жүргізілген ауқымды түсіндіру жұмыстарының нә­тижесінде халықты алаңдатып жүрген бірқатар әлеуметтік-тұрмыс­тық мәселелер шешімін тапқанын жеткізді.Жиында сондай-ақ жоба аясында аудан тұрғындарына кәсіпкерлік саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге келген тағы бір топтың жетекшісі, облыстық кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы Айзада Тоқсанбаева сөз сөйледі.Оның айтуынша, аталған жоба аясында бүгінге дейін облыста, оның ішінде Қарғалы ауданында кәсіпкерлік саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар, сондай-ақ оларға қатысудың шарттары туралы кеңес алғандар көп.— Біздің жұмыс тобының мүшелері осы жоба аясында аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіріп, олардың жаңадан кәсіп ашып, не өз кәсібін дамытуына ықпал жасап, жан-жақты қолдау көрсетеді.

«Ақтөбе Медиа» журналистері — жеңімпаз!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 октября 2019 в 12:02

«Ақтөбе Медиа» журналистері — жеңімпаз! Республикалық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы журналистер арасында ұйымдастырған шығармашылық конкурстың үш жүлдесі бірден «Ақтөбе Медиа» ЖШС журналистеріне бұйырды.Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының жүзеге асуын көрсету бойынша сайысқа түсті.

Журналист Sputnik Казахстан получила награду за лучший материал о бизнесе

Источник: Sputnik Дата: 27 сентября 2019 в 20:20

Журналист Sputnik Казахстан получила награду за лучший материал о бизнесе НУР-СУЛТАН, 27 сен — Sputnik. Журналист Sputnik Казахстан получила награду в конкурсе НПП «Атамекен» в номинации «Лучший аналитический материал в интернет-СМИ», передает Sputnik. Торжественная церемония награждения прошла в столице Казахстана. Обладательницей приза за место в номинации «Лучший аналитический материал в интернет-СМИ» стала старший корреспондент Ксения Воронина, которой вручили почетный диплом и 150 тысяч тенге (около 390 долларов).

«Ақтөбе» газетінің ауылға сапары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 12:22

«Ақтөбе» газетінің ауылға сапары «Ауылым — алтын бесігім». Байғанин ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында және облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің 95 жылдығына орай ұйымдастырылған шара осылай аталды. Басылым мерейтойы аясындағы шара 4 топ бойынша өткізілді. Облыстық қоғамдық кеңес көшпелі отырысын өткізді. «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы кәсіпкерлерге шеберлік класын ұйымдастырды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жас кәсіпкерлерге 21 миллион теңге көлемінде гранттар беріледі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 августа 2019 в 11:22

Жас кәсіпкерлерге 21 миллион теңге көлемінде гранттар беріледі Қайтарымсыз мемлекеттік грант алу үшін, әлбетте, кәсіпкерлер өз жобасын комиссия алдында қорғауы керек. Кеше, 26 тамыз күні «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант алудан үмітті кәсіпкерлердің өтінішін қарау басталды. 26-28 тамызда, үш күн бойына үміткерлердің өтінімдерін іріктеу жөнінде конкурстық комиссия отырысы өткізіледі.

Тыңгерлер ерлігі — тақырып арқауы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 августа 2019 в 10:02

Тыңгерлер ерлігі — тақырып арқауы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Әйтеке би аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің бас редакторы Геннадий Стручковтың «О жизни и подвиге газетной строкой» атты кітабының салтанатты тұсаукесері Баспасөз үйінде өтті.Бұл жинақ қазіргі Әйтеке би, бұрынғы Ырғыз ауданына қарасты тың жерлерді игерудің 65 жылдығына арналған.Кітаптың авторы және құрастырушысы Геннадий Стручков әр жылдарда осы тақырыпта республикалық «Казахстанская правда», облыстық «Путь к коммунизму», «Актюбинский вестник», аудандық «Целинная новь», «Жаңалық жаршысы» газеттерінде жарияланған мақалаларды, алғышқы тың игерушілердің отбасылық архивтерінен алынған фотоларды пайдаланған.Журналист кітаптың бір тарауында басылымдарда жарық көрген өз туындыларының кейіпкерлері туралы баяндайды.

Атакәсіп тізгіні кімнің қолында?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 августа 2019 в 11:12

Атакәсіп тізгіні кімнің қолында? ОБЛЫСТЫҚ «АҚТӨБЕ» ЖӘНЕ «АКТЮБИНСКИЙ ВЕСТНИК» ГАЗЕТТЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН КЕЗЕКТІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАСЫНДАҒЫ ӘҢГІМЕГЕ ӨҢІРІМІЗДЕГІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӨРКЕНДЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ ЕҢБЕК АДАМДАРЫ, МАЛ МАМАНДАРЫ, САЛАНЫ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ШАҚЫРЫЛДЫ.БАСТЫ ТАҚЫРЫП — МАЛ ӨСІРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ, БҮГІНГІ ЖАЙ-КҮЙІ, ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

Жұртшылық  жадындағы  тұлға

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 июля 2019 в 11:12

Жұртшылық  жадындағы  тұлға Қазақтың кең-байтақ даласы — тұнып тұрған тарих. Қай өңірдің болмасын, өзіне тән шежіре-аңыздары, айтулы тұлғалары, өзге аймақтардан ерекшелендіріп тұратын қалыптасқан салт-дәстүрі, ғұрпы барекендігі баршаға аян. Осы ретте шежірелі Ырғыз төңірегінде де өз заманында кісілік келбетімен, қайраткерлік қасиетімен аты-жөні аңызға айналған атпал азаматтарғұмыр кешкен.

Мереке күнгі марапат

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 июня 2019 в 14:02

Мереке күнгі марапат Кеше бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті. Мерекеде облыс әкімі Оңдасын Оразалин журналистерді мерекемен құттықтап, марапаттар табыстады.Облыс әкімі құттықтау сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының еліміздің ақпараттық саясатын жүзеге асыруда маңызы ерекше екенін айта келе, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламаларды жүргізуде қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды.

Мемлекет басшысының алғыс хатымен марапатталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 июня 2019 в 13:53

Мемлекет басшысының алғыс хатымен марапатталды Мереке күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ БАҚ өкілдері марапатталды. Мемлекет басшысының Алғыс хатын облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова мен облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы Ғани Жәпішов «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншинге, «Ақтөбе» газетінің фототілшісі Хайреддин Раушановқа және «Актюбинский вестник» газетінің бөлім меңгерушісі Санат Қалиевке табыс етіп, мереке иелеріне шығармашылық табыс тіледі. Өз тілшіміз.

«Ақтөбе Медиадағы» мерейлі сәт

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 июня 2019 в 13:02

«Ақтөбе Медиадағы» мерейлі сәт Биыл Президент пәрменімен өзіндік дербес атауын алған Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі «Ақтөбе Медиа» ЖШС-ында да лайықты атап өтілді.Салтанатты жиынды ашқан Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин ұжым мүшелерін кәсіби мерекемен құттықтап, қалам иелеріне шығармашылық ізденістер мен жетістіктер тіледі.Белгілі қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұханбетқалиев Ақтөбеге келген сапарының осындай кездесуге орайласқанын жақсы нышанға балап, өзінің журналистік жолы биыл 95 жылдығын атап отырған облыстық «Ақтөбе» газетінде басталғанын атап көрсетті.

«Эврика»: ширек ғасырлық жол

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 июня 2019 в 13:42

«Эврика»: ширек ғасырлық жол Биыл өңіріміздегі «Эврика» газетінің жарыққа шыға бастағанына 25 жыл толды. Осы аралықта оқырмандарымен бірге «жасасып» келе жатқан басылымның бүгінгі тыныс-тіршілігі турасында төл мерекеміз қарсаңында білуге тырысқан едік… Аталған апталықтың бас редакторы Виктор Гербермен сұхбатымыз төмендегідей өрбіді: — Ширек ғасырлық тарихы бар газеттің даму барысы мен бүгінгі ахуалы жөнінде не айтасыз?

Какой сегодня праздник в мире и Казахстане: 19 июня

Источник: Sputnik Дата: 19 июня 2019 в 00:10

Какой сегодня праздник в мире и Казахстане: 19 июня Вы знаете, что произошло 19 июня? Чем знаменит этот день, читайте в справке Sputnik. Что интересного произошло 19 июня В США сегодня День эмансипации. Этот праздник также называют Днем свободы. Известно, что во всем мире День женской эмансипации отмечается 30 мая и основой этого праздника было историческое событие 1431 года – казнь именно в этот день Жанны Д«Арк – девушки, которая превзошла многих представителей сильного пола в войне и в дипломатии. ©.

 «Ақтөбені» мерейтойымен құттықтады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 июня 2019 в 12:22

 «Ақтөбені» мерейтойымен құттықтады Облыс әкімі Оңдасын Оразалин кеше Баспасөз үйінде болып, облыстық «Ақтөбе» газетінің ұжымы мен ардагерлерін басылымның 95 жылдық мерейтойымен құттықтады. Газет 95 жылдық тарихында алғаш рет өз мерейтойын өзінің жеке ғимаратында қарсы алды. Мерейтойға орай редакцияға арнайы келген облыс әкімі алдымен бірі ғасырдан астам, екіншісі ғасырға жуық уақыт бойы өңір шежіресін жазып келе жатқан «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің тарихынан сыр шертетін музейді аралап көрді.Редакция ұжымы мен ардагерлер облыс әкімін Баспасөз үйінің конференц-залында қарсы алды.

Ақтөбе жеңісті қалай қарсы алды?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 мая 2019 в 04:12

Ақтөбе жеңісті қалай қарсы алды? 1945 жылғы 9 мамыр…«Жеңіс! Ертеңгілік ертемен көптен күткен бұл хабарды Ақтөбеге Левитанның дауысы таратты. Жеңіс хабары қалаға лезде, қас қағым сәтте-ақ тарады. Алыста жүріп жатқан шайқастардағы талай жеңілістердің уайымын арқалап, талай жеңістерге де қуана жүріп, бітпестей көрінген, аса ауыр төрт жыл бойы біз осы бір хабарға іштей қанша дайындалғанымызбен, бәрібір ол күтпеген сәтте келгендей болды, сірә, көптен күткен бақыттың бәрі де нақ осылай ойда жоқта сап ете түскендей болатын шығар?!Таңғы тыныштықты есіктер мен терезелердің сарт-сарт ашылған үні бұзды. Қатты толқыған адамдар үйлерінен жүгіре шығып, бірін-бірі құттықтап жатты.

Желаяқтар жарысқан күн

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 апреля 2019 в 10:12

Желаяқтар жарысқан күн Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Мұнайшы» стадионында облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің жүлдесі үшін жеңіл атлетиканың негізгі түрі — жүгіруден облыстық жарыс өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл жарысқа жүзден аса желаяқ қатысты. Биылғы спорт мерекесінің басты ерекшелігі — ол облыстық «Ақтөбе» газетінің 95 жылдық мерейтойына арналды.Жарысқа қатысушылар жасы мен жынысына қарай бірнеше топқа бөлініп, 1-3 шақырым қашықтықта жүгіріп, бақтарын сынады.Жарысты алғашқы боп ардагерлер бастады.

Генералға құрмет

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 апреля 2019 в 10:12

Генералға құрмет ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті осы саланың ардагері, генерал-майор Юрий Брязгаловты еске алуға арналған турнир өткізді. Мұнда спорттың бірнеше түрі қамтылды.Юрий Андреевич ел тәуелсіздігінің қалыптасуы жылдарында облыстық басқармаға жетекшілік жасады, ұлттық кадрларды даярлап, тәрбиелеуге үлесін қосты.

Архив — тарих айнасы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 апреля 2019 в 11:12

Архив — тарих айнасы Жаулап алушылардың «қас-қабағына», таптық мүддеге қарай жығылған «жалтақ» тарихтан бас тартып, өз халқымыздың шынайы тарихын тану жолындағы зерттеулер — тәуелсіздіктің бастапқы күндерінен бері үзбей жүргізіліп келе жатқан жұмыс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылы 21 қарашада жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы осы жұмыстарға зор серпін беретін, төл тарихымызды жүйелеуді жаңа кезеңге шығаратын маңызды құжат ретінде қабылданды.Мақалада тарихи сананы жаңғырту жолындағы архивтердің рөліне зор мән беріліп, отандық және шетелдік мұрағаттарда зерттеулер жүргізу үшін «Архив — 2025» жетіжылдық бағдарламасын жасау керектігі айтылды. «Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды.

Әмір-ғұмыр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 апреля 2019 в 10:42

Әмір-ғұмыр Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейінде белгілі журналист Әмір Оралбайды (1959-2008) еске алу кеші өтті. Ол тірі болғанда 21 сәуірде 60 жасқа толар еді. Бар-жоғы 49 жасында өмірден өткен Әмір Оралбайдың 28 жылға созылған журналистік ғұмыры Ақтөбе топырағында өтті. 1959 жылы Арал ауданындағы Аманөткел ауылында дүниеге келіп, 1976-1981 жж. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген бойы Октябрь аудандық (қазіргі Мұғалжар ауданы) «Октябрь туы» –«Знамя Октября» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактор, «Лениншіл жас», «Егемен Қазақстан» басылымдарының Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде басшылық қызметте болды. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасында оқытушылық қызметінде жүріп, 2000 жылы «Құдайберген Жұбанов» деректі ғұмырнамалық анықтамалығын жарыққа шығарды. Қазақ тіл білімінің негізін салған полиглот лингвист, 1937 жылы жазықсыз атылғанҚ.Жұбановтың өмірбаяндық деректері мен ғылыми мақалалары тұңғыш рет осы жинаққа топтастырылды.

Темірдегі тұрақтылық — тәртіп пен түсініктің табысы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 апреля 2019 в 09:52

Темірдегі тұрақтылық — тәртіп пен түсініктің табысы «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ұйымдастырылған шара Темір ауданында өтті. Облыстан барған ақпараттық-насихаттық топ үш күн бойы аудан орталығы мен елді мекендерде тұрғындармен кездесті. Ақпараттық-насихаттық топ құрамында облыстық басқармалар мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен зиялы қауым өкілдері болды.

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Облыс тұрғындарының бәріне тең қызмет ету үшін келдім

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 апреля 2019 в 09:52

Оңдасын ОРАЗАЛИН:  Облыс тұрғындарының бәріне тең қызмет ету үшін келдім Облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттеріне сұхбат берді. Бұл — оның Ақтөбе облысының әкімі ретінде БАҚ өкілдеріне беріп отырған тұңғыш сұхбаты. Біз әңгіме барысында жұмыспен қоса Оңдасын Сейілұлының жеке болмысына да үңілгенді жөн көрдік.Дамыған елдерде халыққа қызмет ету орталықтары — кешегі күннің әңгімесі.

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Қазіргі заманның құралдарын пайдалана отырып қоғамды тәрбиелеуде баспасөздің рөлі мықты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 апреля 2019 в 10:42

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Қазіргі заманның құралдарын пайдалана отырып қоғамды тәрбиелеуде баспасөздің рөлі мықты Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин Баспасөз үйінде болып, «Ақтөбе Медиа» холдингі ұжымымен кездесті. Облыс басшысына Баспасөз үйінің бірінші қабатында жасақталған қос газеттің тарихынан сыр шертетін мұражай жұмысы, ондағы көне жәдігерлер таныстырылды. Содан соң ол серіктестік құрамындағы облыстық қос газет пен «Адырна», «Үштаған» журналдарының, «АқтөбеМедиа.kz» медиа порталы мен «Aktobenews» ақпараттық сайтының редакциясын аралап көрді. «АқтөбеМедиа.kz» медиа порталында алдағы уақытта телекамера арқылы тікелей эфирде сұхбаттар жүргізілетін болады.Ұжыммен кездесу барысында Оңдасын Оразалин бала күнінен қазіргі «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерін оқып өскенін, қос газеттің редакциясында бір кездері елімізге белгілі ақын-жазушылардың қызмет жасағанын айта келе, бүгінгі қалам иелерінің еңбегін ерекше бағалады.

Ақпарат саласындағы ынтымақтастық

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 апреля 2019 в 12:42

Ақпарат саласындағы ынтымақтастық «Ақтөбе Медиа» ЖШС қазіргі уақытта аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен ынтымақтастықты дамыту, баспасөздің ықпалдылығын өрістету, өзара тәжірибе алмасу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.Бұған дейін көршілес Ресейдің Орынбор аймағындағы облыстық газеттердің журналистерімен байланыс негізі орнатылған болған.Жақында Ақтау қаласынан «Маңғыстау Медиа» ЖШС директоры Айсұлу Дүтбаева бастаған топ арнайы іссапармен келіп, «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымында болды.

Ер Едіге есте ме…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 апреля 2019 в 10:52

Ер Едіге есте ме… Кешегі кеңестік дәуірдің өзінде сол дәуірдің қалыбына сыймайтын, кеудесі алтын сандықтай қазына қарттарымыздың болғаны рас. Солардың бірі, бірегейі ауыл ақсақалы Тахар Қожахметов ақсақал еді. Кәрі құлақ, ескінің көзі күнді түнге ұластырып, ұзақ таңға майын тамызып айтатын әңгімеші-шежіреші болатұғын.

Баспасөз үйіндегі алғашқы Наурыз осылай өтті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 марта 2019 в 11:32

Баспасөз үйіндегі алғашқы Наурыз осылай өтті Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын Баспасөз үйінде «Ақтөбе Медиа» ЖШС ерекше атап өтті. Бұл күні серіктестікке қарасты «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері, «Адырна», «Үш таған» журналдары мен «Ақтөбе Ньюс» сайты қызметкерлері ұлттық киім киіп, мерекеге сән-салтанатпен жиналды.Былтырғы жыл «Ақтөбе Медиа» серіктестігі үшін ерекше оқиғаларға толы болды.

Қаламгерлер «Ақтөбе Медиаға» келді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 марта 2019 в 10:32

Қаламгерлер «Ақтөбе Медиаға» келді Ақын, «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлының 50 жылдық мерейтойына келген бір топ ақын-жазушы Баспасөз үйінде «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымымен кездесті.Көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, қазақ әдебиетінің классигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Жазушы» баспасының директоры Есенғали Раушанов, талантты жазушы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат, көрнекті ақын, Қазақстан Республикасы кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлы, белгілі ғалым, Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Берік Жүсіп секілді тұлғалар әуелі «Ақтөбе Медиа» ғимаратын толық аралап шықты.
Показано 30 новостей из 184