Новости по теме "Мавр Абдуллин" — страница 4

Облыс экономика өсімін екі жыл қатарынан 5 пайыз деңгейде ұстап келеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 января 2019 в 11:02

Облыс экономика өсімін екі жыл қатарынан 5 пайыз деңгейде ұстап келеді Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің кеңейтілген жиыны өтті. Жиналысқа облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, барлық деңгейдегі әкімдер, мемлекеттік органдар мен мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, кәсіпкерлер және басқалары қатысты.

Бесігімізді түзейік

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 января 2019 в 10:52

Бесігімізді түзейік Елді мекендерді көркейту мақсатында Президент тапсырмасымен жарияланған «Ауыл — ел бесігі» атты ауқымды шара аясында облыс кәсіпкерлері биылғы жылы «Ауыл қамқоршысы» жобасын жүзеге асыруға кірісіп кетті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жетекшілігімен өткен мәжілісте кәсіпкерлер мен ауыл-аудан әкімдері биылғы жобаны іске асыру жолдарын талқылады.— Облыста Елбасы Жолдауында айтылған «Ауыл — ел бесігі», сондай-ақ «Ауыл қамқоршысы» жобасы жүзеге асып жатқанын білесіздер.

Мерейтой тартулары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 января 2019 в 10:32

Мерейтой тартулары Мерейтойлық жылда Ақтөбеде үш зауыт іске қосылып, жылыжай кешені, перинаталды орталықжәне мектеп пайдалануға беріледі. Қалада жаңа гүлзарлар пайда болып, аулалар мен көшелер көріктендіріліп, жолдар жөнделеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен мерейтойлық шараларды өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кеңейтілген мәжілісіне Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдері, облыстық мемлекеттік мекеме басшылары, ардагерлер мен қоғам қайраткерлері, кәсіпорындар өкілдері, жетекші құрылыс компаниялары мен бизнес-құрылымдардың басшылары қатысты.Ұйымдастыру комитетінің тізгінін өз қолына алған облыс әкімі 150 жылдық мерейтойға арналған шаралардың Ақтөбенің Қазақстанның осы заманғы өндірісті, білім мен ғылыми-инновациялық және мәдени орталықтарының бірі екендігін айшықтайтын имиджін қалыптастыруы керек екендігін ерекше атап өтті.Облыс басшысы мәжіліс қатысушыларын ұйымдастыру комитетінің мерейтойлық шараларды атап өту жөніндегі жоспарымен таныстырды.— Біз биыл қаламыздың 150 жылдық мерейтойын атап өтетіндіктен, 150 жетекші кәсіпорынды, мекемені, нысанды, қаланың 150 танымал тұрғынын, шаһардың 150 рекорды мен жетістігін, қала үшін жасалатын 150 қайырымды іс-шараны анықтауымыз керек, — деп ұсыныс жасады облыс әкімі. — Мерейтойлық жылда өткізілетін шаралардың бәрі ақтөбеліктердің әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі тиіс.

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»: 126 іс-шара. 14 мың адам қамтылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 декабря 2018 в 11:52

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»:  126 іс-шара. 14 мың адам қамтылды Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті.Онда Мәртөк, Шалқар, Мұғалжар аудандарындағы терроризмге қарсы комиссиялар жұмысының тиімділігі, сонымен қатар «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының жетінші кезеңінің қорытындысы қаралды.Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин, облыс прокурорының бірінші орынбасары Азамат Дүйсембеков, сонымен қатар аудан әкімдері бейнеконференция арқылы баяндамаларын оқыды.Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин мәлімдегендей, облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында 14 мың азаматты қамти отыра түрлі форматтағы 126 іс-шара өткізілді.

Еңбек адамдарына 10 автокөлік берілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 декабря 2018 в 11:02

Еңбек адамдарына 10 автокөлік берілді ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин мен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов агроөнеркәсіп кешенінің мамандарын мерекемен құттықтады. Жиында Мавр Абдуллин облыстың ауыл шаруашылығы саласы бойынша бір жылғы көрсеткішін баяндады.— Биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан шаруалар тынбай еңбек етіп, өнімді мол алды.

Жасампаз идеялар қазынасы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 ноября 2018 в 10:32

Жасампаз идеялар қазынасы Өткен сенбіде Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен «Елбасы Н.Назарбаев: өмірбаяны мен жасампаз идеялары» атты семинар-тренинг өтті. Шараның мақсаты — Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолын насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамыту.Семинарды ашқан Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов:— Біз еліміздің әр өңіріне барғанда Назарбаев зияткерлік мектептерін аралаймыз.

Қазақстан мен Өзбекстанның байланысы нығаймақ

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 ноября 2018 в 11:52

Қазақстан мен Өзбекстанның байланысы нығаймақ Бейсенбі күні Шымкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің өңіраралық ынтымақтастығының бірінші форумы өтті. Оған қос мемлекеттің Үкімет басшыларының орынбасарлары, министрлер, облыс әкімдері, құзырлы орган өкілдері мен журналистер қатысты. Бұл — Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында ұйымдастырылған шара.

Азаматтық қоғам — халық пен билік арасындағы алтын көпір

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 ноября 2018 в 13:22

Азаматтық қоғам — халық пен билік арасындағы алтын көпір Кеше Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының салтанат залында «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Ынтымақтастық. Жауапкершілік» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдардың VІIІ облыстық форумы өткізілді. Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің орынбасары Сергей Коновалов, Қазақстанның Азаматтық Альянсы төрағасының орынбасары Мұсағали Дуанбеков, сондай-ақ өңірдегі белсенді үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық департамент, басқарма басшылары, бизнес құрылымдарының және этномәдени бірлестік өкілдері, барлық ауданнан делегаттар қатысты.

Мұғалжарлықтар ұйымдастырған мереке

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 октября 2018 в 11:02

Мұғалжарлықтар ұйымдастырған мереке Өткен сенбі күні ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында Мұғалжар ауданының күндері қорытындыланды. Ауа райының суықтығына қарамастан, бұл күні гала-концертке жиналғандар саны көп болды. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған атқарушы билік өкілдері қатысты.

Қарғалы ауданының күндері

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 октября 2018 в 22:32

Қарғалы ауданының күндері Қарғалы ауданы өзінің көркем табиғатымен ерекшеленеді. Бұл өңірдегі ірі су қоймасы, Ащылысай су құламасы, бекіре тоғаны, Немой ауылы атанып кеткен мекен туристерді таза ауасымен, қайталанбас тамаша табиғатымен, сан түрлі өсімдігімен өзіне тартады. Сондай-ақ ауданның құнарлы жері тұрғындарды дәмі өзгеше картоппен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал дала гүлдері көңілге қуаныш сыйлайды.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 сентября 2018 в 02:02

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің  ұсыныс-пікірлерін тыңдады Ақтөбелік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына өздерінің осы саланы дамыту, сондай-ақ, кейбір өзекті мәселелер төңірегіндегі ұсыныс-пікірлерін жеткізді.ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері мен ақтөбелік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің кездесуі «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында өтті.

Астаналықтарға арналған дастарқан

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 сентября 2018 в 10:12

Астаналықтарға арналған дастарқан Өткен сенбі елордамыз Астанада жаңбырлы болғанымен, Ақтөбеден 200 тонна ауыл шаруашылығы өнімі тиелген үлкен автокеруеннің келе жатқанын алдын ала білген жергілікті тұрғындардың жоспарын өзгерте алмады. Себебі бұл күні астаналықтар «Қазақстан» спорт кешені алаңында ұйымдастырылған Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне баруға асықты. — Біз мұндай жәрмеңкеге 2011 жылдан бері қатысып келеміз және астаналықтардың сұранысын қанағаттандыру әрі біздің тауар өндірушілерімізді қамту үшін қанша өнім көлемі қажет екенін білеміз.

Бердібек САПАРБАЕВ: Астықты төкпей-шашпай жинап алу — басты міндет

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 сентября 2018 в 12:52

Бердібек САПАРБАЕВ: Астықты төкпей-шашпай жинап алу — басты міндет Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бейсенбі күнгі Әйтеке би, Хромтау аудандарына жұмыс сапары негізінен қазіргі шақтағы маңызды науқан — егін орағымен байланысты болды. Тура егінжай басында шаруалармен кездесіп, жұмыстың барысымен танысты, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен бірге агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Ырысы мол Ырғыз

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 28 августа 2018 в 11:12

Ырысы мол Ырғыз Сенбі күні «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында өткен Ақтөбедегі Ырғыз ауданының күндері аясында «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, орталық саябақта аудан өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова қатысты.25 шаруашылық өз өнімдерін ұсынды«Табыс» коммуналдық базарында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесіне облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин келіп, ырғыздықтар әкелген ауылшаруашылық өнімдерін көріп, шаруалармен тілдесті.Аталған жәрмеңкеге Ырғыз ауданы 3,6 тонна сиыр етін, 300 келі жылқы етін, 600 келі қой етін, 1,5 тонна балық, 12 тонна қауын-қарбыз, 100-200 келі қияр мен қызанақ, 50 литр қымыз, 25 литр шұбат, 30 келі сарымай, 60 келі құрт әкелді.Жәрмеңкедегі тауарлар қаланың дүкен-базарларындағы бағалармен салыстырғанда 10-15 пайызға арзан бағамен ұсынылды.Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Амантай Досекешевтің айтуынша, жәрмеңкеде Ырғыз ауданынан келген 25 шаруа қожалығы өз өнімдерін сатылымға қойған.— Биылғы жылы ауданда жаңадан ірі қара өсіретін 10 шаруашылық, қой өсіретін үш шаруашылық ашылды.

Малдың шөптен уланғаны анықталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 августа 2018 в 17:42

Малдың шөптен уланғаны анықталды Атам қазақ «Айдап салмен — мал өспейді» дегенде, мал бағудың қиындығын айтқан. Қандай малға да ерекше күтім керек. Ал мұхит асып, шеттен әкелінген асылтұқымды малдың бағымы тіпті ерекше болады екен. Жақында Хромтау ауданының Қопа ауылында орналасқан «АкТеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үбектеп бағып отырған асылтұқымды ірі қара малының 253 басы бір күнде қырылды.

Әйтеке би ауданының күндері өтті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 августа 2018 в 11:12

Әйтеке би ауданының күндері өтті «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясындағы Ақтөбедегі Әйтеке би ауданының күндері өткен сенбі күні жалғасты. Ертеңгілік «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, «Үміт» сәбилер үйінде қайырымдылық акциясы, сондай-ақ осы өңірден шыққан өнерпаздардың қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылып, көпшіліктің көңілінен шықты. «ТАБЫСТАҒЫ» ЖӘРМЕҢКЕБұл күні Әйтеке би ауданының 15 ауылдық округінен келген шаруа қожалықтары ақтөбелік тұрғындарға өз өнімдерін ұсынды.

Мереке күнгі марапат

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 июня 2018 в 13:12

Мереке күнгі марапат Ақтөбеде осымен жетінші рет ұйымдастырылған «Таза болса табиғат — аман болар адамзат» байқауының қорытындысы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күнінде жарияланды. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің конференция залында өткен мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин, сондай-ақ экология саласының ардагерлері мен мамандар, мекеме, кәсіпорын өкілдері мен жастар қатысты.Шарада облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұлов табиғи ортаны қорғау мен экологиялық жағдайды жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар турасында баяндады.— Биыл елімізде табиғат қорғау органдарының құрылғанына 30 жыл толып отыр.

Күрес тиянақты жүргізілсе, шегіртке қауіпті емес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 мая 2018 в 11:12

Күрес тиянақты жүргізілсе, шегіртке қауіпті емес Сенбі күні Қурайлы ауылының сыртындағы далалықта өсімдіктерді шегіртке сынды зиянкес жәндіктер мен карантин нысандардан қорғауға және химиялық өңдеуге байланысты семинар-кеңес өтті. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин, барлық аудандардың әкімдерінің орынбасарлары, аумақтық инспекция басшылары, көрші Ресей Федерациясының «Россельхозцентр» филалының бас маманы Айгүл Бекқұлова және Ақбұлақ, Соль Илецк аудандарының болжамдау орталығының директорлары қатысты.— Әр маусымдық жұмыстың өз мерзімі, кезеңі бар. Қазір көктемгі далалық жұмыстар қызу жүріп жатыр.

Ақтөбеде Орынбор облысының күндері өте жоғары деңгейде өтті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 мая 2018 в 12:12

Ақтөбеде Орынбор облысының күндері өте жоғары деңгейде өтті 18-19 мамырда Астананың 20 жылдығына орай Ақтөбедегі Орынбор облысының күндері кең ауқымда аталып өтті. Екі күн бойы облыс орталығында мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, екі өңір арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында бірқатар келісімдерге қол қойылды. АВТОКЕРУЕНДІ ҚАРСЫ АЛДЫСенбі күні Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг бастаған делегация мен Астананың 20 жылдығына орай Орынбор облысынан жолға шыққан «Құтты мекен Ақтөбеден — арайлы Астанаға!» автокеруенін шекарадан облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова мен облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин күтіп алды.Бұдан кейін губернатор бастаған делегация Мәртөк ауданындағы «Айс+» ЖШС-ның сүт тауарлы фермасының жұмысымен танысып, марал шаруашылығымен айналысатын шаруашылық пен «Зару» шипажай-пантоемдеу орталығын аралады.Автокеруен қатысушыларын Мәртөк ауданының Саржансай ауылында бір топ белсенділер мен облыстың жастары салтанатты түрде қарсы алып, оларға ыстық бауырсақ пен шұбат ұсынылды.Қазақ халқының ұлттық тағамдарынан дәм татқан губернатор жиналғандарға:— Бұл менің Ақтөбе жеріне, жалпы Қазақстанға алғаш келуім емес.

Первый тренер Геннадия Головкина приехал в Актобе в поисках новых звёзд бокса

Источник: Финансовый портал BNEWS.kz Дата: 12 мая 2018 в 10:14

Первый тренер Геннадия Головкина приехал в Актобе в поисках новых звёзд бокса В поисках лучших начинающих боксёров на чемпионат слетелись олимпийский чемпион Бахтияр Артаев, первый тренер Геннадия Головкина и старший тренер сборной РК среди молодёжи Галымбек Кенжебаев, передаёт корреспондент BNews.kz. В открытии чемпионата участие также приняли заместитель акима области Мавр Абдуллин и аким города Ильяс Испанов.

Бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 мая 2018 в 03:52

Бокстан Қазақстан чемпионаты басталды Кеше Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек спорт сарайында бокстан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Додаға еліміздің барлық облысынан 180-ге тарта спортшы жиналды.Жарысқа құрметті қонақ ретінде бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев пен танымал былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің алғашқы жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев қатысты.

Ақтөбе-Ташкент: тікелей байланыс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 мая 2018 в 13:02

Ақтөбе-Ташкент: тікелей байланыс 2017 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 17,5 миллион АҚШ долларын құрады, оның ішінде: экспорт — 15,8 миллион және импорт — 1,7 миллион. Облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасы берген ақпаратқа қарағанда, қазіргі уақытта Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 281 кәсіпорын жұмыс істейді.12-13 сәуірде облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин басқарған біздің облыстың іскерлік тобы өкілдері Ташкентте болды.

Көктемгі науқан: жеті аудан егістік көлемін ұлғайтады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 апреля 2018 в 11:32

Көктемгі науқан: жеті аудан егістік көлемін ұлғайтады Өткен жылы облыс бойынша шаруашылықтардың пайдаланбаған 70,9 мың гектар егістікке жарамды жері мемлекеттің меншігіне қайтарылса, 41,6 мың гектар егістік және тыңайған жерлер қайта игерілетін болды. Алға, Темір, Мәртөк, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласында жерді қайта пайдалану жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмейді.

«Ауыл шаруашылығы айтар ауызға ғана оңай…»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 апреля 2018 в 11:32

«Ауыл шаруашылығы айтар ауызға ғана оңай…» Кеше өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Ақтөбе қаласындағы және Алға ауданындағы бірқатар әлеуметтік орындарды, ауыл шаруашылығының өңдеу кәсіпорындарын аралап көріп, олардың жұмысымен танысты. Аталған аудандағы «Ақтөбе ет кластері», «АкТеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне барды.

Мал аурулары: бақылау күшейе түспек

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 марта 2018 в 09:02

Мал аурулары: бақылау күшейе түспек МәслихатКеше облыстық мәслихат депутаты Гүлжанат Ерғазинаның төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, депутаттар мен журналистер қатысты.

2017 жылы өңір экономикасы 5 пайызға өсті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 января 2018 в 03:02

2017 жылы өңір экономикасы 5 пайызға өсті Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кеңейтілген мәжілісте жыл қорытындысын шығарып, атқарылған істерге талдау жасады, сонымен бірге өңірді дамытуға қатысты алдағы міндеттерді айқындады. Бұл жиынға барлық деңгейдегі әкімдер, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, компаниялар мен кәсіпорындардың жетекшілері қатысты.

Ақпараттық топтар елге шықты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 января 2018 в 22:42

Ақпараттық топтар елге шықты Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллиннің төрағалық етуімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауын түсіндіру үшін құрылған ақпараттық топтардың аудандарға шығуына байланысты кеңес өтті. Ұзын саны 12 ақпараттық топ облыстың барлық аудандарына барып, бас-аяғы 48 елді мекеннің тұрғындарымен кездеседі.

«Халықтық кеңседе» қабылдады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 января 2018 в 00:42

«Халықтық кеңседе» қабылдады Ақтөбе қаласындағы «Халықтық кеңсе» мемлекеттік қызмет көрсету орталығында облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин қоғамдық қабылдау өткізді. Мақсат — қызмет көрсету орталығына келген тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, оның оңды шешілуіне ықпал жасау.«Халықтық кеңсе» орталығында алғаш рет қоғамдық қабылдау жүргізген Мавр Абдуллинге 3 адам көмек сұрап келді.

5 пәтердің кілті тапсырылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 декабря 2017 в 00:52

5 пәтердің кілті тапсырылды Темір ауданының орталығында өткен Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шараға, облыс әкімінің тапсырмасымен ауданға жұмыс сапарымен келген, облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин қатысты. Ол жиналғандарды мерекемен құттықтап, аудан әкімі А.Жүсібалиевпен бірге 5 жаңа пәтердің кілтін қоныстой иелеріне тапсырды.Бұдан соң аудан тұрғындарын қолжетімді бағада азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған Шұбарқұдық кентіндегі «Ар-Амир» шағын маркетінің жұмысымен танысты. «Дариға» жекеменшік балабақшасының ашылу рәсіміне қатысты.

Сауалдар зерттелетін болды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 декабря 2017 в 22:32

Сауалдар зерттелетін болды Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин Ырғыз ауданына облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қызметтік іссапармен барды. Алдымен ауданның елді мекендерін аралаған әкім орынбасары Ырғызға түс әлпетінде жетті.«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ғимаратында халықты қабылдаған Мавр Ерғалиұлы әрбір азаматтың сұрағын мұқият тыңдады.Облыстан келген лауазымды адамға тізілгендер қарасы көп болды.
Показано 30 новостей из 147