Arna Press,
09 марта 2026
в 17:58
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында дзюдодан Ұлыбритания университеттері арасындағы ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жарысқа «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп жүрген Еркебұлан Мәдениетұлы да қатысып, Лидс университетінің атынан өнер көрсетті.
Arna Press,
09 марта 2026
в 15:08
Ақмола облысының Щучинск қаласында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады дейді Arnapress.kzМәліметке сәйкес, 8 наурыз күні Щучинск қаласындағы стационардың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан зардап шеккендердің бірі көз жұмған.
Arna Press,
03 марта 2026
в 14:08
Қазақстанға әкелінетін гүлдердің қай мемлекеттерден жеткізілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы деректеріне сілтеме жасап.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы елімізге 77,6 млн АҚШ долларына 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігі импортталған.
Arna Press,
02 февраля 2026
в 13:38
Наурыздағы мерекелерге байланысты қазақстандықтарға қосымша демалыс күндері беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz eGov.kz порталына сілтеме жасап.Қазақстанда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні биыл жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде, аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар 7–9 наурыз аралығында үш күн қатарынан демалады.
Arna Press,
06 марта 2025
в 12:38
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу алдында Абай гарнизонының әскери қызметшілері Семей қаласы бойынша Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрімен бірігіп, қаланың ірі сауда ойын-сауық орталықтарына барды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Әскери оркестрдің әскери қызметшілері адамзаттың әдемі жартысына арналған заманауи туындыларын ойнап, музыкалық аспаптардан шыққан әуендер мерекелік атмосфера мен көңіл-күйді жаудрата түсті.
Arna Press,
04 февраля 2025
в 13:18
2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар қатарынан бес күн демалады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде бес күндік жұмыс аптасы үшін – үш күн қатарынан демалыс болады. 8, 9 және 10 наурыз сенбі, жексенбі, дүйсенбі күндеріне келеді. Ал алты күндік жұмыс аптасы үшін – екі күн қатарынан 8 және 9 наурыз, яғни сенбі, жексенбі демалады.Наурыз мерекесінде бес күндік жұмыс аптасы үшін – бес күн қатарынан: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі.Алты күндік жұмыс аптасы үшін – төрт күн қатарынан: 21, 22, 23 және 24 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі).Жалпы наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер үшін 8 күн мереке болады.
Arna Press,
06 марта 2024
в 16:08
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мәліметінше, 21 атаулы және мереке күндерiнде әкiмдiктер мұқтаж қазақстандықтарға әлеуметтiк көмек көрсетедi, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Tengrinews.kz ресми сауалына келген жауапта, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдіктері мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды, әлеуметтік көмек, оның ішінде тиісті бюджет қаражатынан төленетін атаулы күндер мен мереке күндеріне арналған мөлшерлемені белгілейтіні айтылған.«Әлеуметтік көмек алушылардың өтініштерін талап етпей, уәкілетті орган немесе өзге де ұйымдар ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен тізбе бойынша көрсетіледі», — деді министрлік өкілдері.Tengrinews.kz ресми сауалына келген жауапта, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдіктері мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды, әлеуметтік көмек, оның ішінде тиісті бюджет қаражатынан төленетін атаулы күндер мен мереке күндеріне арналған мөлшерлемені белгілейтіні айтылған.«Әлеуметтік көмек алушылардың өтініштерін талап етпей, уәкілетті орган немесе өзге де ұйымдар ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен тізбе бойынша көрсетіледі», — деді министрлік өкілдері.Бұл ретте, Астана әкімдігі мәліметінше, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астанадағы көп балалы отбасылар, көп балалы аналар, оның ішінде аз қамтылған аналар кірген 34 мыңға жуық әйелге 2,5 АЕК (9 230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.Алматы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өз кезегінде Халықаралық әйелдер күніне орай мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған көп балалы отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін бір миллион теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетінін хабарлады.Алматы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәліметінше, осы санаттағы тұрғындарға мұндай ақшалай төлем басқа мереке күндері де беріледі, мысалы:Бізге келіп түскен жауаптағы мәлімет бойынша, әлеуметтік көмектің бұл түрін көрсетумен Алматы қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасы айналысады.Сурет: Tengrinews.kz