Популярные темы

4 ақпан: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Ұлттық спорт шекара асуда: Қазақстан-Пәкістан «Dostyq» спорт орталығы іске қосылды

Arna Press, 04 февраля 2026 в 12:28

Ұлттық спорт шекара асуда: Қазақстан-Пәкістан
Исламабад қаласындағы Pakistan Sports Board базасында Қазақстан–Пәкістан спорт орталығы «Dostyq» салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы Arnapress.kz тілшісіне Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының атқарушы директоры Азамат Қалдыбаев мәлімдеді.2026 жылғы 2-4 ақпан аралығында Исламабад қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, сондай-ақ жетекші спорт федерациялары өкілдерінен құралған қазақстандық делегация Пәкістан Ислам Республикасында ресми іс-сапармен жүр.Сапардың негізгі мақсаты — екі ел арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды іске асыру және спорттық дипломатияны дамыту. Қазақстан тарапынан делегация құрамына Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Бауржан Рапиков, министрлік өкілдері, сондай-ақ грэпплинг, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат және бокс федерацияларының басшылары мен танымал спортшылар кірді.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 1 новость из 1