Arna Press,
23 апреля 2026
в 19:48
Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты, деп хабарлайды Arnapress.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осыған байланысты орындалмайтын рейстердің жолаушыларына әуе билеттерінің толық құнын айыппұлсыз қайтару немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейстерге тегін қайта брондау мүмкіндігі ұсынылады.
Arna Press,
18 октября 2024
в 20:08
Отбасы банк «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша қосымша іріктеуден өткен салымшылар үшін төлем қабілеттілігін растау мерзімін 31 қазанға дейін ұзартты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.Банк өкілдерінің мәлімдеуінше, «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша қосымша іріктеуден өтіп, әрі қарай несиелендіру тізіміне енген салымшылар төлем қабілеттілігін растау үшін 31 қазанға дейін кез келген банк бөлімшесіне, кeңес беру орталықтарына келіп, немесе онлайн түрде өтініш бере алады.«29 қарашаға дейін Baspana Market жылжымайтын мүлік порталынан өзіңізге ұнаған тұрғын үйді таңдап, несие рәсімдеңіз.
Arna Press,
26 августа 2024
в 13:08
Француз сот билігі жексенбіде Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімін ұзартты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Тергеуге жақын дереккөздің мәліметінше, Дуровты қамауға алу мерзімі тергеу судьясының шешімі бойынша ең көп дегенде 96 сағатқа дейін созылуы мүмкін.Осы кезең аяқталғаннан кейін судья босату немесе айып тағу және қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.Француздық БАҚ Францияның Әділет министрлігі (OFMIN) алаяқтық, есірткі саудасы, кибербуллинг, ұйымдасқан қылмыс және терроризмді насихаттауды қоса алғанда, болжамды қылмыстарды алдын ала тергеу аясында Дуровты тұтқындауға санкция бергенін хабарлады.Дуровқа оның платформасын қылмыстық пайдаланудың жолын кесу бойынша шаралар қабылданбады деп күдік тағылды.Бұған жауап ретінде Telegram ЕО заңдарын, соның ішінде цифрлық қызметтер туралы заңды ұстанатынын мәлімдеді және мессенджердегі модерация «салалық стандарттарға сәйкес келеді және үнемі жетілдіріліп отырады» деп атап өтті.Фото: t.me/world_news_eng_ru