Абай облысында жастар форумы өтіп, үздіктер марапатталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Форумға Абай облысындағы жастар ұйымдарының жетекшілері, еріктілер, белсенді жастар мен студенттік клуб мүшелері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың көрнекті жетістіктерін көру және тану, сонымен қатар өңірдегі өскелең ұрпақтың дарынды өкілдерін қолдау.