Популярные темы

Абай облысында үздік жастарды таңдады

Дата: 11 декабря 2023 в 11:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында үздік жастарды таңдады
Стоковые изображения от Depositphotos


Абай облысында жастар форумы өтіп, үздіктер марапатталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумға Абай облысындағы жастар ұйымдарының жетекшілері, еріктілер, белсенді жастар мен студенттік клуб мүшелері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың көрнекті жетістіктерін көру және тану, сонымен қатар өңірдегі өскелең ұрпақтың дарынды өкілдерін қолдау.

Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев 7 аталым бойынша үздік деп танылған жастарды салтанатты түрде марапаттады. Олардың ішінде:

Жыл волонтері:
Төлеутаев Нұрлан Талғатұлы, Тәңірберген Дильназ Даниярқызы.
 

Жыл көшбасшысы:
Абдураимов Алиби Батыржанұлы.
 

Жылдың үздік жастар ұйымы:
«Абай Жомарт жастары», «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ.

Жылдың жас еңбек адамы:
Әлихан Мират Қайырбекұлы, Головнев Иван Сергеевич.

Жылдың жас таланты:
Жақанов Баян Бағдатұлы.

Жылдың жас отбасы:
Сағатбековтер отбасы.

Жылдың үздік жастар ресурстық орталығы:
Үржар ауданы, Абай ауданы.

Айта кетсек, марапатқа 80-ге жуық қатысушы құжат өткізді. Нұрлан Ұранхаев жастардың зор жетістіктерін атап өтіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жиын барысында би ұжымдары, вокалдық топ және «Вена балы — 2023» жеңімпаздары өнер көрсетті.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями