Магнолия,
28 апреля 2025
в 20:38
Кез-келген мемлекеттің ұстанған жолын, ұлтының құндылығын айқындайтын басты құжат – Конституция. Конституцияда мемлекеттік биліктің барлық құрылымдарынан бастап, елдің әрбір азаматының, ондағы ұлттар мен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Сондай-ақ, мемлекет өміріндегі бетке алған үдерістер де осы Конституция арқылы реттеледі.
Магнолия,
01 апреля 2025
в 13:18
Соттардың назары алаяқтықтың міндетті белгісі кінәлі адамның пайдакүнемдік мақсатының болуы, яғни бөтен мүлікті өзінің меншігіне не оған құқықты өзінің пайдасына не басқа адамдардың пайдасына құқыққа қарсы өтеусіз айналдыруға ұмтылуы болып табылатынына аударылсын. Алаяқтық алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен жасалады, олардың ықпалымен меншік иесі немесе мүліктің өзге иесі мүлікті немесе оған құқықты басқа адамдарға өз еркімен береді.
Магнолия,
31 октября 2024
в 18:28
Қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚПК-тің 446-бабының 3-бөлігінің тәртібімен енгізілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) наразылығы, облыстық не оған теңестірілген сот төрағасының ұсынуы бойынша не Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үш судьясының (бұдан әрі – Жоғарғы Сот судьялары) қаулысымен кассациялық сатыға берілген ҚПК-тің 486-бабының 1-бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаттары бойынша ғана жүргізеді. ҚПК-тің 485-бабының 1, 2 — бөліктерінде көзделген зардаптарға әкеп соққан қылмыстық және (немесе) қылмыстық-процестік заңдарды дұрыс қолданбау жағдайлары ғана заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер болып табылады.
Arna Press,
27 августа 2024
в 11:08
Қазақстанда 400 мыңнан астам вейп жойылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚМА баспасөз қызметінің 2024 жылғы 27 тамыздағы таратқан ақпаратына сәйкес, вейптердің таралуына қарсы күрес аясында қылмыстық істерді тергеу барысында тәркіленген шамамен 400 мың бірлік электронды құрылғылар жойылған.2024 жылдың 20 маусымында вейптарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салатын заңнамалық түзетулер күшіне енгеннен бері ҚМА вейптардың, хош иістендіргіштердің және оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымының 25 фактісін тоқтатты.Көрсетілген кезеңде заңсыз айналымнан шамамен 22 мың электронды құрылғы, сондай-ақ 7 мың хош иістендіргіш, картридж және буландырғыштар тәркіленді.Елордада вейптар мен оларға арналған сұйықтықтарды өндіру, сақтау және сатумен айналысқан ірі астыртын цехтың ұйымдастырушысы ұсталды.Қылмыстық топ қолдан жасалған әдіспен глицерин, никотин және жасанды хош иістендіргіштерден тұратын сұйықтықты өндірген.
Магнолия,
31 мая 2024
в 19:08
Бүгін Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Е.Дүйсенбаев соттың баспасөз мәжілісі залында «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Р.Жайлыбаевты қабылдап, бизнес кауымдастығы өкілдеріне катысты қылмыстық істерді сотта қарау кезінде туындайтын мәселелерді талқылап, оларды шешудің онтайлы жолдарын қарастырып, тиімді жұмыс жасау тетіктерін қолға алу жөнінде ақылдасты.