Магнолия,
12 марта 2025
в 13:38
Еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі – мемлекеттік тіл.Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез-келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекеттің негізгі атрибуттарының бірі.
Магнолия,
28 февраля 2025
в 23:48
Істі қазақ тілінде жүргізу керек деген мәселе 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданған сәттен бері және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығымен бекітілген тілдерді қолданумен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 1998-2000 жылдар аралығында іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы процестерінің одан әрі кеңейюі мен тереңдеуі үшін алғы шарттар жасалды.
Arna Press,
13 января 2025
в 18:58
Бүгін қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.167 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Олардың 76,7%-ы қазақ тілінде, 23,2%-ы орыс тілінде, 142 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.Қаңтар ҰБТ-сын өткізудің бірінші күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласындағы тестілеу орталықтарының бірінде болды.
Магнолия,
28 ноября 2024
в 12:08
Мемлекеттік тіл мәртебесі конституцияда бекітілген мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді.
Магнолия,
28 августа 2024
в 00:08
Тәуелсіздік алғалы бері қоғамдық қызу талқылаудың тақырыбына арналған басты мәселенің бірі – тіл мәртебесі. Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді құрметтеу, әрқайсысымыздың парызымыз. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі — мемлекеттік тіл болып бекітілді. Қазақстан Республикасы Конституцияның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі» деп бекітілген.
Магнолия,
31 июля 2024
в 18:38
СОТ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАМАҚ ЕМЕС. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2009 жылғы 27 ақпандағы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» №36 өкімін республикамыздың барлық соттарына орындау міндеттелген және бұл Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қатаң бақылауында. Осындай бағыт-бағдарламалар негізінде іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы талаптың нақты орындалуы Тараз қаласы №2 сотында күн тәртібінен түспейтін басты мәселе, шешімін табуда кезек күттірмейтін өзекті тапсырма.
Магнолия,
23 июля 2024
в 21:18
Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасында сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі, қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған жағдайларда басқа да тілдер қолданылады.
Магнолия,
01 июля 2024
в 18:18
Мемлекеттік тілдің заңдық тұғыры, оның рөлі мен бүгінгі таңдағы бағыт-бағдары баршаға белгілі. Дегенмен, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның қолданылу аясын кеңейту мәселесінде әлі де шешімін таба алмай жатқан проблемалар жетерлік. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2009 жылғы 27 ақпандағы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» №36 өкімі республикамыздың барлық соттарына орындауды міндеттеп отыр.
Магнолия,
19 июня 2024
в 13:28
Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы.
Arna Press,
07 июня 2024
в 19:18
2024 жылғы 7 маусымда ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінде Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) аралық нәтижелері туралы айтылды. Белгілі болғандай, талапкерлер «оқу сауаттылығы» пәнін жақсы тапсырады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғаннан бері 114 мың рет тест тапсырылды.Оның ішінде талапкерлердің74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 110адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.ҰБТ басталғалы шекті балды 75% талапкер жинады.
Магнолия,
29 мая 2024
в 16:58
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 14-бабының талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сот істі сот талқылауына дайындау сатысында талап қоюшының (арыз берушінің) талап арыз (арыз) берілген тілді жеткілікті дәрежеде білетіндігін, сот ісін жүргізудің мәні мен мағынасын түсінетіндігін анықтауға тиіс.
Arna Press,
15 мая 2024
в 19:58
Лондонда ауызекі қазақ тілі клубы ашылды. Оны Ұлыбританияның қазақ орталығы мен еріктілер тобының мүшелері құрды. Олар барлық тілек білдірушілерге ана тілін үйретеді. Таңқаларлығы, Лондонда қазақ тілін үйренгісі келетіндер көп болып шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ашылу салтанаты шағын мерекеге ұласты.
Магнолия,
15 апреля 2024
в 16:08
1989 жылы елімде қазақ тілінің мәртебесі көтеріліп, «Тіл туралы» заң қабылданды Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде құқықтық негізі 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алады. Ата заңымыздың 7 бабының 1 тармағында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп айқындалған. Қазақ тілі – барлық мемлекеттік органдардың іс жүргізу саласындағы негізгі тіліне айналды.
Магнолия,
13 марта 2024
в 13:08
Өкінішке орай, қазіргі ХXI ғасыр жастарының басты мәселенің бірі, көңіл толғандыратыны өзі қазақ бола тұра қазақ тілінде сөйлеуге намыстанатыны, тілімізді шұбарлайтыны болып отыр. Ал бұл қазақтыққа жат нәрсе. Сонау қиын-қыстау кезеңде ата-бабаларымыз осы тілімізді сақтап қалу үшін өз жандарын құрбан еткенін қазіргі болшақ мәңгі есінде сақтауы керек. Қазір бәріміз бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз.
Магнолия,
27 февраля 2024
в 13:08
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Магнолия,
22 февраля 2024
в 14:38
Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Өйткені бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Крыловтардың шығармаларын аударып бір дәлелдесе, солардай етіп сөздің майын тамыза жазу арқылы екінші рет дәлелдеді — деп баға берілген «Жоғалып өшіп кеткен тілдердің қайта тіріліп келмейтіні белгілі.
Магнолия,
30 декабря 2023
в 00:08
Тіл-әр елдің ұлттық мақтанышы. Тіл кез-келген халықта адамға ана сүтімен бірге пайда болады. Әкеден ұлға берілетін баға жетпес мұра. Сондықтан әркім ана тілін көздің қарашығындай қорғап, оны дұрыс пайдаланбауға қарсы тұруы міндетті. Тіл халықпен бірге өмір сүреді және дамиды, әр халықтың тілі – оның бақыты мен тірегі.
Магнолия,
25 декабря 2023
в 16:58
Тіл-әр елдің ұлттық мақтанышы. Тіл кез-келген халықта адамға ана сүтімен бірге пайда болады. Әкеден ұлға берілетін баға жетпес мұра. Сондықтан әркім ана тілін көздің қарашығындай қорғап, оны дұрыс пайдаланбауға қарсы тұруы міндетті. Тіл халықпен бірге өмір сүреді және дамиды, әр халықтың тілі – оның бақыты мен тірегі.
Tengrinews,
02 декабря 2023
в 19:23
Водитель службы пожаротушения из области Абай занял призовое место на чемпионате мира по кикбоксингу, передает Tengri Sport со ссылкой на пресс-службу МЧС РК. «На чемпионате мира по кикбоксингу, проходившем в Португалии в городе Лиссабон, водитель — сотрудник пожарной части №6 Службы пожаротушения и аварийно-спасательных работ ДЧС области Абай, старший сержант гражданской защиты Берик Калыков — одержал победу, заняв 3-е место», — говорится в сообщении.
Магнолия,
23 ноября 2023
в 17:08
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып танылады «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз, біздің міндетіміз – оны барлық салада белсене пайдалана отырып дамыту, қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек, қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» — деп атап көрсеткен болатын.
Tengrinews,
18 ноября 2023
в 01:53
Касым-Жомарт Токаев подарил юному астанчанину свой шарф болельщика, передает Tengrinews.kz. После победы сборной Казахстана над командой Сан-Марино на стадионе «Астана — Арена» царила праздничная атмосфера. Болельщики размахивали флагами страны и поздравляли друг друга. Юный болельщик махал флагом Президенту страны, в ответ Глава государства кинул ему свой желтый шарф болельщика, который поймал отец мальчика.
Tengrinews,
06 сентября 2023
в 09:43
Қазақстанда кәсібін дөңгелеткендердің қазақ тіліндегі қызметі ақсап тұр. Мәселен, Алматыдағы «Немо» дельфинарийіне 9 бірдей бүлдіршінді ертіп барған Жазира Байдалы есімді қала тұрғыны қойылымның қазақ тілінде болмағанын айтып шағымданды. Massaget.kz тілшісі мәселені зерттеп көрді. Оның сөзінше, билетте қойылымның қай тілде көрсетілетіні жазылмаған.
Arna Press,
05 сентября 2023
в 12:08
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Франциядан табылған Қасым ханның әйелі Айша ханымның қолжазба көшірмесін басып шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ғалымдар белгілі шығыстанушы В.П.Юдиннің XVI ғасырдың басындағы «Таварих гузида Нусрат нама» қолжазбасын көне қазақ тілінде жазылған деп сипаттағанына сүйене отырып, бұл жазбаны да аталған туындыға жақын деп тұжырымдайды.«Қолжазба жеті тараудан тұрады. Әрбір бөлім исламның қасиетті кейіпкерлеріне қатысты бір немесе бірнеше хикаялармен толықтырылған.
Arna Press,
14 августа 2023
в 12:28
Алдағы оқу жылында Абай облысында 1-сыныпқа 11 мыңға жуық оқушыны қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазіргі уақытта ата-аналардан баланы мектепке қабылдау туралы 10 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 5016-сы Семей қаласына тиесілі.
Arna Press,
25 июля 2023
в 18:18
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Arna Press,
15 июня 2023
в 13:58
Қазақстанда екі айдың ішінде бірінші сыныпқа қабылдауға 250 мыңға жуық өтініш түскен. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің хабарлауынша, бүгінде 1-сыныпқа қабылдауға 249 737 өтініш түсті.
Arna Press,
01 июня 2023
в 13:48
Биылғы оқу жылында Абай облысында мектепті 4 522 түлек бітіреді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мектеп бітірушілердің 179 түлегі «Алтын белгіге», 441 түлек «Үздік аттестат» иегері атануға үмітті.Ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуден облыс бойынша 4 034 түлек өтеді, 3 181 қазақ тілінде, 953 оқушы орыс тілінде ҰБТ тапсырады.Облыс орталығы Семейде биылғы оқу жылын 68 мектеп бойынша 1937 түлек тәмамдады.
Arna Press,
18 мая 2023
в 16:08
Бүгін, 18 мамырда Қазақстанда ЖОО-ға грантқа түскісі келетіндер үшін ҰБТ басталды, — деп Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Биылғы оқу жылында Абай облысында мектепті 4 518 адам бітіреді, оның 179–ы «Алтын белгі» төс белгісіне, 441-і «Үздік аттестатқа» үміткер.Ұлттық бірыңғай тестілеуден 89% немесе 4 034 түлек өтуге шешім қабылдады, оның 3 181 – і қазақ тілінде, 853-і орыс тілінде.Айта кетейік, жоғары оқу орындарына гранқа түсу үшін ҰБТ 18 мамырдан 5 шілдеге дейін екі рет өткізіледі.
Arna Press,
11 апреля 2023
в 15:18
11 сәуірде өткен үкімет отырысының кулуарында журналистер Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен қазақша жауап беруді өтінді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Дегенмен министр қазақшамды жақсартуым керек деп алты ай уақыт беруді сұрады. Ол негізгі сұрақтардың бәріне орысша жауап берді.«Кешіріңіз, мен өз ана тілімді негізі білемін.
Arna Press,
17 февраля 2023
в 15:58
Білім министрлігі 2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы бұйрық дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Осылайша, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектептердегі сабақтар 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады.9 (10) сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары 2023 жылғы 2 маусым мен 13 маусым аралығында өткізіледі;11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 5 маусым мен 19 маусым аралығында.Қорытынды аттестаттау шарттары:9 (10) сынып оқушылары үшін:жазбаша емтихан қазақ/орыс/ұйғыр/өзбек/тәжік тілінен (оқыту тілі) эссе түрінде, гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) — 2023 жылғы 2 маусым;математикадан (алгебра) жазбаша емтихан (тест) – 2023 жылғы 6 маусым;орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытылатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша – 2023 жылғы 9 маусым;таңдау пәнінен жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, әдебиет (оқу тіліне сәйкес), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – маусымның 13 болады;11 (12) сынып оқушылары үшін:Ұйғыр/тәжік/өзбек тілдерінде оқытатын мектептерге/сыныптарға (оқыту тілі) қазақ/орыс және ана тілінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;алгебрадан жазбаша емтихан және талдаудың басталуы – 2023 жылдың 8 маусымы;Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;таңдау пәнінен жазбаша емтихан – 2023 жылдың 19 маусымы.Құжат 2 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.Фото: Zakon.kz