Arna Press,
30 апреля 2026
в 17:28
«Семей қаласындағы Қайым Мұхамедханов көшесі бойында бір люк жартылай ашық күйде тұр, ал жанындағы қазылған жер сол күйі жабылмаған. Бұл — орталық көшеде орналасқандықтан өте қауіпті. Әсіресе балалар мен қарт адамдар үшін, кешкі уақытта қауіп тіпті арта түседі», — делінген Аrnapress.kz редакциясына келген оқырман хатында.Еске салайық, «Сіздің жаңалығыңыз» айдарына хабарлама жіберу үшін WhatsApp +7 708 504 30 05 нөміріне жазсаңыз болады.Фото: тыңдарманнан
Arna Press,
20 марта 2026
в 13:08
Семей қаласында Наурыз мерекесіне орай бірқатар көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасапҚала әкімдігі хабарлағандай, мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты қозғалыс 20 наурыз күні сағат 10:00-ден бастап 22 наурыз күні 22:00-ге дейін шектеледі.Осы кезеңде келесі учаскелер жабылады: – Қайым Мұхамедханов көшесі (Шмидт көшесінен Ибраев көшесіне дейін) – Абай көшесі (Шәкәрім даңғылынан Алаш Қозбағаров көшесіне дейін) – Алаш Қозбағаров көшесі – Мұхтар Әуезов алаңы және оған іргелес аумақтар – Сонымен қатар, бекітілген сызбаға сәйкес өзге де көшелерҚоғамдық көліктердің қозғалысы уақытша өзгертіліп, айналма бағыттар арқылы ұйымдастырылады.
Arna Press,
03 февраля 2026
в 22:18
12 ақпан күні Абай облысы мен Батыс Қазақстан облысы ақындарының қатысуымен «Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» атты командалық айтыс өтеді деп хабарлайды Аrnapress.kz Абай облысы мәдениет басқармасына сілтеме жасап.«Amanat» партиясы мен «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» РҚБ бастамасымен, Абай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін мәдени іс-шара ата-бабадан мирас болған ұлттық өнерді дәріптеуге, рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған.
Arna Press,
10 мая 2024
в 17:48
9 мамырда сағат 18:20 шамасында 38 жастағы «ГАЗель» көлік құралының жүргізушісі Ибраев-Қайым Мұхамедханов даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кетіп, «Toyota Highlander«көлік құралдарымен соқтығысуға жол берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.