Популярные темы

түркістан облысында: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Түркістан облысында білім саласындағы 14 адамға үкім шықты

Arna Press, 20 февраля 2026 в 13:28

Түркістан облысында білім саласындағы 14 адамға үкім шықты
Түркістан облысында Бәйдібек аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі сілтеме жасапҚаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, тергеуді ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізген. «Басшылар, бухгалтерлер және экономистерді қоса алғанда 18 лауазымды тұлға жалақы мен өзге де төлемдерге арналған бюджеттік өтінімдерді негізсіз ұлғайту арқылы ауданның 49 жалпы білім беретін мектеп қаражатын иемдену схемасын ұйымдастырған.

Түркістанда заңсыз снюс өндіретін үш жасырын цехтың жұмысы тоқтатылды

Arna Press, 17 февраля 2026 в 13:38

Түркістанда заңсыз снюс өндіретін үш жасырын цехтың жұмысы тоқтатылды
Түркістан облысында азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тыйым салынған темекі өнімдерін заңсыз өндіру және тарату фактісі әшкереленді. Бұл туралы Аrnapress.kz хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі сілтеме жасапАгенттік мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Келес және Ордабасы аудандары аумағында орналасқан үш бірдей жасырын цехтың қызметі тоқтатылып, толықтай жойылған.

«Булинг үшін директор ғана жауапты емес» – министр пікір білдірді

Arna Press, 09 февраля 2026 в 13:38

Атырау облысында болған оқушылар арасындағы булинг жағдайына қатысты Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова фейзбук парақшасында пікір білдірді деп хабарлайды Arnapress.kzМинистрдің ойынша, мектеп директорының қызметтен босатылуы проблемаға шешім емес.«Балалар арасындағы булинг, төбелес және өзге келеңсіз жағдайлар тек директорға ғана байланысты емес.

Елдос Сайдалин: 2026 жыл бойы қатысатын турнирлер мен жаттығу жиындары Азия ойындарына дайындық есебінде болмақ

SportInfo, 24 декабря 2025 в 09:16

Елдос Сайдалин: 2026 жыл бойы қатысатын турнирлер мен жаттығу жиындары Азия ойындарына дайындық есебінде болмақ
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 2026 жылға қойылған басты мақсаттары жайлы айтып берді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. «Желтоқсан айында Түркістан облысында 21-күндік оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Негізгі жұмыс жалпы дене дайындығына және спортшылардың күшін арттыруға бағытталған.

Абай облысының полицейлері өңіраралық топтың әрекетін әшкереледі

Arna Press, 09 июня 2025 в 20:08

Абай облысының полицейлері өңіраралық топтың әрекетін әшкереледі
Абай облысының полицейлері танымал хабарландыру платформасы арқылы интернет-алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Күдіктілер жүк көліктерін сату туралы жалған хабарландырулар орналастырып, азаматтарды мәміленің шынайылығына сендіріп, олардан ірі көлемде ақша алған.«Алаяқтық жолмен алынған қаражат Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде тіркелген жалған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып отырған. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан Семей, Ақтөбе және Қарағанды қалаларының тұрғындары жапа шекті.

«Тұран» футбол клубы ойыншылар мен бапкерлеріне ондаған миллион теңге қарыз

Vera.kz, 10 апреля 2025 в 16:49

«Тұран» футбол клубы ойыншылар мен бапкерлеріне ондаған миллион теңге қарыз
Футбол клубы 2024 жылғы маусымға команда мен ойыншылардың жалақысын төлемеген, деп хабарлайды vera.kz«Тұран» футбол клубы 2024 жылғы маусымға ойыншылар мен бапкерлік штабына ондаған миллион теңге көлемінде еңбекақы қарыздарын төлеуі тиіс. Бұл қарыздар туралы бірқатар ақпарат көздері хабарлайды, соның ішінде Legalbet.kz және Prosports.kz.Бір қызығы, клуб салықтар мен зейнетақы аударымдарын уақытылы төлеп отырған, бірақ футболшылар мен бапкерлер өз ақыларын сол күйі алмаған.

Үкімет картоп бағасын тұрақтандырады

Arna Press, 22 января 2025 в 14:18

Үкімет картоп бағасын тұрақтандырады
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі кешенді жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан сауда үстемесін 15%-дан асырмау бойынша 20 аймақтық комиссия өтіп, олардың барысында әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты 49 заң бұзушылық анықталды.

Түркістан облысында полицейлер 10 млн теңге қарызы бар борышкерді анықтады

Arna Press, 11 октября 2024 в 17:48

Түркістан облысында полицейлер 10 млн теңге қарызы бар борышкерді анықтады
Түркістан облысының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің планшетіне 10 млн теңге қарызы бар Toyota Corolla автокөлігі бойынша дабыл түсті деп, — хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапПолиция «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы анықтаған көлікті Сайрам – Ақсукент тас жолы бойында тоқтатады.Белгілі болғандай, көлікті сақтандыру полисі бойынша әйел басқарған.

Қазақстанда ең жоғары жалақы ұсынылатын салалар аталды

Arna Press, 09 октября 2024 в 16:18

Қазақстанда ең жоғары жалақы ұсынылатын салалар аталды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын өңірлерді атады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапҚыркүйекте Enbek.kz электрон еңбек биржасында 136,6 мың бос жұмыс орны орналастырылды, тамыздағымен салыстырғанда 4 пайызға (4,9 мың) артық.

Елімізге Өзбекстан мен Түрікменстаннан залалданған қызанақ түрі жеткізілген

Arna Press, 03 июня 2024 в 11:48

Елімізге Өзбекстан мен Түрікменстаннан залалданған қызанақ түрі жеткізілген
Түркістан облысында фитосанитарлық бақылау бекеттерінде елге Түрікменстан мен Өзбекстаннан әкелінген залалданған қызанақ табылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы 2 маусымда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мәлімдеді.«Ағымдағы жылы шет мемлекеттерден 1075 автокөлікке тиелген15637,802 тонна қызанақ өнімі импортталып, фитосанитариялық талапқа (фитосанитариялық сертификаттың болмауы, таңбаның болмауы) сәйкес келмейтін көлемі 29,522 тонна болатын8 автокөлікке тиілгенқызанақ өнімдері өз еліне кері қайтарылды», — делінген ведомство хабарламасында.Сонымен қатар, өнімнің жасырын залалдануын анықтау мақсатында, шет елден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыш өнімдерінің әрбір партиялары тиісті карантиндік фитосанитариялық сараптамадан (ПТР) өткізілген.«Нәтижесінде,Түркіменстан Республикасына — 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасына — 4,2 тонна қызанақ өнімдерінен«қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» анықталып, өнімдерді кіргізуге тыйым сала отырып, кері қайтарылды».ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіБұдан бөлек, жыл басынан фитосанитариялық бақылау бекеттерінде фитосанитариялық талапқа сәйкес келмейтін 497,624 тонна карантинге жатқызылған өнімдер кері қайтарылған.Сурет: pixabay

Экзотикалық өнім: Түркістан облысында тұңғыш банан өнімі жиналды

Arna Press, 29 мая 2024 в 17:58

Экзотикалық өнім: Түркістан облысында тұңғыш банан өнімі жиналды
Түркістан облысында тұңғыш рет банан ағашы өнім беріп, шаруалардың жұмысы қызды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Аlmaty.tv Алдағы уақытта сатылымға шығатын Сайрам ауданындағы тропикалық жемістің бағасы импорттық өнімнен әлдеқайда арзан болуы мүмкін. Қазақстан бойынша тұңғыш рет банан ағашы егілген Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы жылыжай.

Қазақстанның ең көп ерлер мен әйелдер тұратын өңірлері аталды

Arna Press, 16 мая 2024 в 13:28

Қазақстанның ең көп ерлер мен әйелдер тұратын өңірлері аталды
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан аймақтарында қанша ер мен әйел тұратынын есептеді. Сондай-ақ, қалалар мен ауылдардағы халық саны туралы мәліметтер ұсынылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бюро мәліметінше, Қазақстанның әйелдер көп тұратын аймағы – Алматы.

Қазақстанның қай өңірінде етті көп жейді

Arna Press, 14 марта 2024 в 12:18

Қазақстанның қай өңірінде етті көп жейді
Бюроның мәліметі бойынша, азық-түлікті сатып алуға жұмсалған шығындардың ең көп үлесі өткен кезеңдердегідей ет және ет өнімдеріне – 17,4%, нан өнімдері мен жарма өнімдеріне – 8%, сүт өнімдеріне – 5,4% келеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл ретте басқарма нан және жарма өнімдерін ең көп тұтынатындар Түркістан облысында – 44,1 кг (жан басына шаққандағы тоқсан), ет және ет өнімдері Жамбыл облысында – 25,8 кг, балық өнімдері облыста жиі кездесетінін атап өтті.

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды

kapital.kz, 15 декабря 2023 в 16:16

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды
Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды. Осылайша, таңертеңнен бастап ХҚКО қызметкерлері жеке куәлігін алғаш рет алған клиенттерге «Қазақстан» шоколады мен кәдесый жалауларын таратуға кірісті. Дәстүрге айналған бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.Айта кетейік, қараша айындағы деректерге сәйкес, ең көп алашқы жеке куәлік Түркістан облысында – 550-ге жуық, Алматыда – 480-ден астам және Астанада – 440-қа жуық берілген.

Түркістан облысында білім беру саласының қызметкерлері 2 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Arna Press, 01 декабря 2023 в 16:38

Түркістан облысында білім беру саласының қызметкерлері 2 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шардара және Сарыағаш аудандарының білім бөлімдерінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті тұлғалар 2020-2023 жылдар аралығында білім беру саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың шоттарына ақша қаражатын аудару, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне жоғары жалақы есептеу арқылы шамамен 2,6 млрд теңге сома жымқырған».ҚР ҚМА баспасөз қызметіҚазіргі уақытта Түркістан облысының білім беру саласынан 17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, олардың 4-і қамауға алынды.Залалды өтеу мақсатында 39 жылжымайтын мүлік, 44 автомашина, зергерлік бұйымдар және қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың ақшалай қаражаттары бұғатталды».ҚР ҚМА баспасөз қызметіСонымен қатар тергеу барысында Түркістан облысының Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы әшкереленді, ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудит барысында анықталған жымқыру фактілерін пайдакүнемдік ниетпен жасырған.Сондай-ақ Жетісу облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңге жымқырған қалалық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық топқа басшы мен оның қарамағындағылар, сондай-ақ орта мектеп бухгалтері кірді.

Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты

Arna Press, 23 ноября 2023 в 11:28

Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты
Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сонымен ең жоғарғы айлық бүгінде Атырау облысында. Мұндағы тұрғындар орта есеппен 602 мың теңге табыс табады.Екінші орында Маңғыстау облысы тұр. Өңірде орташа жалақы — 519 мың теңге. Ұлытауда 471 мың теңге.Ал ең төменгі табыс Түркістан облысында.

Қазақстанда оқушы қыздардың босануы жиілеген

Arna Press, 16 ноября 2023 в 10:38

Қазақстанда оқушы қыздардың босануы жиілеген
Елімізде соңғы жылдары оқушы қыздардың босануы жиілеген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ranking.kz-тің мәліметінше, пандемияның бірінші жылында күрт көбейді, бірақ ол аяқталғаннан кейін де жағдай жақсармаған.«Бұл үрдісті түсік жасату санының азаюымен емес, жасөспірімдік жүктіліктің көбеюімен түсіндіруге болады.

Түркістан облысында оқушылар суға батып бара жатқан зейнеткерді құтқарып қалды

Arna Press, 01 ноября 2023 в 12:08

Түркістан облысында оқушылар суға батып бара жатқан зейнеткерді құтқарып қалды
Түркістан облысында ағайынды екі бала суға батып бара жатқан зейнеткерді құтқарып қалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл жағдай14 қазан күні болған. Балалардың сөзінше, сол күні өзен жағасында жүргенде олардың бірі судағы әйелді байқап қалып, екіншісін көмекке шақырады.

Түркістан облысында 3 қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Arna Press, 20 октября 2023 в 14:48

Түркістан облысында 3 қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды., — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Мұрат Қабденовтың сөзінше, ауылдың екі тұрғынынан арыз түскен.«Әлеуметтік желіде жарияланып жатқан хабарламалар бойынша нақты мынадай ресми ақпаратты хабарлаймын: Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау дерегі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес соталды тергеу жүрігізіп жатыр», — деп жазды ПД өкілі.Ер адам кінәсін мойындаған.«Менің тапсырмам бойынша арнайы жедел тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі «зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Бір Алла сақтады». Танымал әнші Сәкен Майғазиев Түркістан облысында жол апатына ұшыраған 13 октября 2023, 12:00

Tengrinews, 13 октября 2023 в 12:03

Танымал әнші Сәкен Майғазиев Сарыағашқа барар жолда кішігірім жол апатына ұшыраған. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіде жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Әншінің сөзінше, бәрі дін аман. «Бір Алла қақты. Әсіресе, ана машинаны қаққан екен. Бағанаға ұрмай Құдай сақтаған екен. Сарыағашқа келе жатыр едік, осындай жағдай орын алды.

Қазақстанда жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды

Arna Press, 03 октября 2023 в 09:48

Қазақстанда жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды
Қазақстанның бірнеше облысында жылыту маусымы ресми түрде басталды. Жылу бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға, содан кейін ғана тұрғын үйлерге беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту маусымы Қазақстанның бірқатар өңірінде басталып кетті:Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96% — ы қосылған.

Қазақстанда ет қымбаттады

Arna Press, 11 сентября 2023 в 12:28

Қазақстанда ет қымбаттады
Қазақстанда ет бағасы 12% көтерілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2023 жылдың шілде айының соңында ет, оның ішінде ет өнімдерінің бағасы айына 0,3% және жылына 11,2% өсті. Energyprom.kz-тің зерттеуіне сай, өңірлік контексте бағаның жылдық динамикадағы өсуін елорда тұрғындары қатты сезінді: плюс 16,3%.

Түркістан облысында 11 адам суға батып кеткен: оқиға туралы жаңа деректер айтылды

Arna Press, 22 августа 2023 в 17:18

Түркістан облысында 11 адам суға батып кеткен: оқиға туралы жаңа деректер айтылды
Түркістан облысы әкімдігі өкілі Сырдария өзенінде 11 адам қаза тапқан оқиғаның мән-жайын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 21 тамызда сағат 18:00 шамасында тұрғындардан адамдар суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.

Тараз тұрғыны «ҰҚК қызметкеріне» 16 млн теңге берген

Arna Press, 15 августа 2023 в 15:38

Тараз тұрғыны
Таразда алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жамбыл облысы полиция депратменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Тараз қаласының полицейлеріне қала тұрғыны хабарласып, алаяқтық құрбаны болғанын хабарлаған. Ол 2022-2023 жылдары пәтерін жалға алған азаматқа алданып қалғанын айтқан.Жалға алушы әйелге өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырған.

Жіті бақылау: Әлихан Смайылов облыс әкімдерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы есептерін тыңдады

Arna Press, 03 июля 2023 в 12:38

Жіті бақылау: Әлихан Смайылов облыс әкімдерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы есептерін тыңдады
Үкімет басшысы бүгінде дайындық жұмыстарының барысында өте мұқият қарауды қажет ететін проблемалық мәселелер туындап жатқанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, бірқатар объект бойынша жөндеу жұмыстары мерзімінен кешігіп жүруде.«Бұл мәселені біз жақында өткен Үкімет отырысында талқыладық.

Қазақстанда қанша бала бар

Arna Press, 01 июня 2023 в 13:48

Қазақстанда қанша бала бар
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 16 жасқа дейін 6 162 мың бала бар, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Елімізде 51,4%-ы ұлдар болса, 48,6%-ы қыздар. Қалалық жерлерде 3 664 мың бала тұрса, ауылдық жерлерде – 2 497 мың бала тұрады,Өңірлер бөлінісінде балалардың ең көп саны Түркістан облысында – 836 мың, одан кейін Алматы қаласы және Алматы облысында, сәйкесінше 592 мың және 498 мың баладан.Сурет: pixabay

Жеке сот орындаушылары аттестаттауды автоматтандырылған режимде тапсырады

Arna Press, 29 мая 2023 в 17:08

Жеке сот орындаушылары аттестаттауды автоматтандырылған режимде тапсырады
Ағымдағы жылғы 29 мамырда Астанада жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар, сот сарапшылары мен патенттік сенім білдірілген өкілдерді автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өткізу бойынша пилоттық жобаның тұсаукесері өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Мемлекет басшысының реинжиниринг және Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Әділет министрлігі МҚІА, ЦДИАӨМ және «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық» АҚ — мен бірлесіп аттестаттау үдерістерін реинжиниринг және автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізді.

Түркістан облысында шаруалар бірінен соң бірі банкротқа ұшырап жатыр 28 мая 2023, 12:24

Tengrinews, 28 мая 2023 в 12:33

Түркістан облысында шаруалар бірінен соң бірі банкротқа ұшырап жатыр
                28 мая 2023, 12:24
Түркістан облысында егістік қурап барады. Басқа жағын айтпай-ақ, бір ғана Жетісай ауданында алты бірдей ауылдық округке су жетпей, диқандар тарығып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Бұған себеп — Шардара өзенінен су жіберетін каналдың насосостары істен шығуы.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 28 новостей из 28