6 қазанда Қазақстанның 10 қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Синоптиктер болжамы бойынша, жұмада Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Алматы, Астана қалаларында және түнде Ақтауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі.