Магнолия,
01 апреля 2025
в 13:18
Соттардың назары алаяқтықтың міндетті белгісі кінәлі адамның пайдакүнемдік мақсатының болуы, яғни бөтен мүлікті өзінің меншігіне не оған құқықты өзінің пайдасына не басқа адамдардың пайдасына құқыққа қарсы өтеусіз айналдыруға ұмтылуы болып табылатынына аударылсын. Алаяқтық алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен жасалады, олардың ықпалымен меншік иесі немесе мүліктің өзге иесі мүлікті немесе оған құқықты басқа адамдарға өз еркімен береді.
Магнолия,
18 марта 2025
в 13:18
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қатаң сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар көзделген. Мәселен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес аталған адамдар заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдауға қатысты шектеулерді сақтауға міндетті.
Магнолия,
01 июля 2024
в 18:18
Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер.
Магнолия,
27 марта 2024
в 13:28
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданған. Бұл Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық – әдептілік нормаларына сәйкес, әдептілік бейнесіне қойылатын талаптары, сондай-ақ мінез құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттығы, қызметтік қатынастардағы көпшілік алдындағы, оның ішінде бұқараралық ақпарат құралдарына сөйлеумен байланысты мінез – құлықтар стандарттары белгіленген.
Магнолия,
20 ноября 2023
в 13:08
Мемлекеттік қызметші әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен аса үлкен дайындықпен қызмет атқаруы тиіс Қызмет орнында өзін-өзін ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу анық әрі түсінікті түрде сөйлей білу–осылардың барлығы жалпы қабылданған этика жүйелеріне жатады.