Популярные темы

мал шаруашылығы: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Үкімет ветеринарияны дамытудың жоспарын бекітті

Arna Press, 29 мая 2026 в 12:28

Үкімет ветеринарияны дамытудың жоспарын бекітті
Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасап. .Жоспардың негізгі мақсаты — мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасап, ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту. Сонымен қатар халықты жануарлардан жұғатын қауіпті аурулардан қорғау көзделген.Алдағы жылдары: ▫️ ветеринар мамандардың жалақысы өседі; ▫️ зертханалар мен ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылады; ▫️ аса қауіпті ауруларға қарсы бақылау күшейтіледі; ▫️ ветеринария саласы толық цифрландырылады; ▫️ экспорттық әлеует артады.Қазір елімізде ветеринариялық препарат шығаратын 21 зауыт жұмыс істейді.

Тоқаев елдің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті

Arna Press, 07 августа 2024 в 20:48

Тоқаев елдің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту туралы» 2024 жылғы 30 шілдедегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап өтілгендей, экономикалық өсудің сапалық құрамдас бөлігі негізгі капиталға және еңбек өнімділігіне инвестициялардың еселенген ұлғаюы болады, бұл жоғарғы және орта қайта бөлу тауарлары шығарылымының ұлғаюымен қатар жүреді.«Ресурстарды орнықты пайдаланумен және қоршаған ортаны қорғаумен, сондай – ақ Сот төрелігі мен құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі жақсартумен ұштастыра отырып, мемлекеттің бастамалары әрбір азамат үшін тең мүмкіндіктер жасау арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға және инклюзивті қоғам құруға бағытталатын болады», — делінген құжатта.Жоспарды іске асырудың негізгі қағидаттарыҚұрылымдық жаңару және экономиканың тұрақты өсуі — қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға және Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттарын орындауға байланысты болатын іргелі міндет.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде экономикалық қайта құрулардың негізінде жатқан бес бірізді қағидат айқындалды.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 2 новости из 2