Популярные темы

жол апаты: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Семей қаласында жол-көлік оқиғасы тіркелді

Arna Press, 12 мая 2026 в 18:08

Семей қаласында жол-көлік оқиғасы тіркелді
2026 жылғы 12 мамыр күні сағат 12:14 шамасында Семей қаласындағы жаңа мешіт маңындағы айналма жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиғаға «Lada Vesta» және «Mercedes-Benz» автокөліктері қатысқан, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, 48 жастағы «Lada Vesta» көлігінің жүргізушісі қатар ауыстыру кезінде манёврдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, 32 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Mercedes-Benz» көлігімен соқтығысқан.Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.Оқиға орнында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп, апаттың барлық мән-жайын анықтауда және жол қозғалысын реттеу шараларын жүргізуде.Фото: ПД

Семейде көпір үстінде жол апаты болды

Arna Press, 29 апреля 2026 в 11:08

Семейде көпір үстінде жол апаты болды
2026 жылғы 29 сәуір күні Семей қаласындағы автокөлік көпірінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 23 жастағы жүргізуші басқарған «Chevrolet» маркалы автокөліктің қозғалыс кезінде алдыңғы дөңгелегі жарылып кеткен.

Семейде тағы жол апаты

Arna Press, 27 марта 2026 в 18:38

Семейде тағы жол апаты
2026 жылғы 27 наурыз күні Семей қаласында үш бірдей көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға Қабанбай батыр мен Уранхаев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Алдын ала мәліметке сәйкес, 27 жастағы жүргізуші басқарған Chevrolet Cobalt көлігі екінші дәрежелі жолдан басты жолға шығу кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, басты бағытта келе жатқан ГАЗ-33021 автокөлігімен соқтығысқан.

Семейде жол апаты: мас күйдегі жүргізуші рөлге отырып, көлік апаты болды

Arna Press, 16 февраля 2026 в 13:08

Семейде жол апаты: мас күйдегі жүргізуші рөлге отырып, көлік апаты болды
Семей қаласының Қаржаубайұлы көшесінде, реттелетін қиылыстардың бірінде «Toyota Alphard» пен «Kia» автокөліктері қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап55 жастағы Семей қаласының тұрғыны «Toyota Alphard» автокөлігін басқарған. Ол 39 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Kia» автокөлігін соқты.Тексеру барысында 55 жастағы жүргізушінің алкогольдік мас күйде екені анықталды.

Омбы–Майқапшағай трассасында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Arna Press, 04 октября 2025 в 16:48

Омбы–Майқапшағай трассасында жантүршігерлік жол апаты орын алды
Омбы–Майқапшағай трассасында адам өлімімен аяқталған жол апаттары болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.3 қазан күні Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркеліп, адам өліміне әкелді. Қайғылы жағдайлардың себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу.Қарсы жолаққа шығып, тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылғанның салдарынан төрт адам қаза тапты.

Үржар ауданында үш бала жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды

Arna Press, 20 августа 2025 в 12:18

Үржар ауданында үш бала жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды
19 тамыз Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылында жантүршігерлік жол апаты орын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Сағат 16:00 шамасында 55 жастағы «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үйдің қақпасы жанында тұрған балалар тобына соқтығысқан.Оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды, біреуі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.

Семейде шұғыл шақыртуға бара жатқан полиция қызметкерлері жол апатына ұшырады

Arna Press, 10 февраля 2025 в 14:48

Семейде шұғыл шақыртуға бара жатқан полиция қызметкерлері жол апатына ұшырады
Семейде полицейлік автокөлік КамАЗ-пен соқтығысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Белгілі болғандай, экипаж шұғыл шақыртуға бара жатқанСемейде жүк көлігі мен полиция қызметтік автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Патрульдік полиция батальонының экипажы Би-Боранбай көшесінде патрульдеу барысында отбасылық жанжал жөніндегі шақыртуға бара жатқан кезде қызметтік көлік жүк көлігімен соқтығысқан.Алдын ала мәліметтерге сәйкес, КамАЗ жүргізушісі жанармай құю бекетінен шыға отырып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген, соның салдарынан жол апаты орын алған.Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер жоқ.Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталуда.Бұл оқиға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салады.Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Семейде бойжеткенді қағып кеткен жүргізушінің апелляциялық өтініші қабылданбады

Arna Press, 28 января 2025 в 00:08

Семейде бойжеткенді қағып кеткен жүргізушінің апелляциялық өтініші қабылданбады
Өткен жылдың қыркүйегінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіге қатысты апелляциялық сот өтті. Arnapress.kz тілшісі орын алған жағдайдың мән жайын және бұл іске қандай нүкте қойылғанын білді.Қайғылы оқиға өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. 21 жастағы Аяжан Нұрмадиева К.Бозтаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда, джип автокөлігі оны қатты жылдамдықпен қағып кеткен.

Семейде жас қызды қағып кеткен жүргізушінің апелляциялық өтініші қабылданбады

Arna Press, 23 января 2025 в 16:18

Семейде жас қызды қағып кеткен жүргізушінің апелляциялық өтініші қабылданбады
Өткен жылдың қыркүйегінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіге қатысты апелляциялық сот өтті. Arnapress.kz тілшісі орын алған жағдайдың мән жайын және бұл іске қандай нүкте қойылғанын білді.Қайғылы оқиға өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. 21 жастағы Аяжан Нұрмадиева Бозтаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда, джип автокөлігі оны қатты жылдамдықпен қағып кеткен.

Семейдің орталық көшелерінің бірінде жеңіл көлік аударылып, үш адам зардап шекті

Arna Press, 25 июня 2024 в 10:18

Семейдің орталық көшелерінің бірінде жеңіл көлік аударылып, үш адам зардап шекті
23 маусымда сағат 14:10 шамасында Семейде Тарбағатай – Әуезов көшелерінің қиылысында жол апаты болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Mitsubishi Pajero көлігін тізгіндеген 57 жастағы жүргізуші жолдар қиылысында көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Абай облысында көлік басқарып келген жүргізуші жолда ұйықтап қалған

Arna Press, 10 января 2024 в 12:28

Абай облысында көлік басқарып келген жүргізуші жолда ұйықтап қалған
Абай облысында көлік жүргізушісі рульде ұйықтап қалған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жол апаты 9 қаңтар күні кешке Омбы-Майқапшағай автожолының 659 шақырымында орын алды. Болжам бойынша, 30 жастағы Lada Granta жүргізушісі шаршағандықтан рульде ұйықтап қалған. Қарама қарсы фураға соғылмайын деп, басқаруды жоғалтқан жеңіл көлік кюветке ұшып, аударылды.Абырой болғанда, ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ.Сурет: Абай облысы ПД

«Әкімдіктің көлігі оқушыны қағып кетті»: Полиция мен әкімдік не дейді

Arna Press, 07 ноября 2023 в 17:48

6 қараша күні әлеуметтік желіде мектеп оқушысы Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкіміне тиесілі делінген көліктің астына түсіп қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Instagram-дағы пабликтің бірінде жарияланған ақпаратқа сай, адам өлімімен аяқталған жол апаты өткен бейсенбі, 2 қарашада болған.«Жетісу облысында мектеп оқушысы әкімнің көлігінің астына түсіп, қаза тапты.

Ақтөбе облысында бір айда 33 жол апаты тіркелген

Arna Press, 01 августа 2023 в 11:38

Ақтөбе облысында бір айда 33 жол апаты тіркелген
Шілде айында Ақтөбе өңірінде 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 49 адам түрлі жарақат алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Апаттардың негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, жүру бөлігінде қауіпсіз қашықтықты сақтамау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу.27 шілде сағат 14:30-да Toyota Ipsum автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ырғыз ауылына қарай келе жатып, Самара – Шымкент автожолының 994-километрінде көліктің аударылуына жол берген.

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: көлікте мұғалімдер отырған

Arna Press, 02 июня 2023 в 13:28

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: көлікте мұғалімдер отырған
Ақтөбе облысындағы 4 адам мерт болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа деректер белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Қайғылы оқиға 1 маусымда Самара – Шымкент тасжолында болған. Lada Largus-тың 27 жастағы жүргізушісі DAF жүк көлігімен соқтығысқан.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 14 новостей из 14