7 мамыр күні кешкі сағат 20:30 шамасында Өскемен қаласындағы Карбышев көшесінде орналасқан аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімдікке сілтеме жасап. Оқиға кезінде көпір үстінде сегіз адам, оның ішінде төрт жасөспірім болған. Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі жеткен.