Магнолия,
09 июня 2025
в 13:28
Елімізде «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі 5 қыркүйекте тойланып келеді. Оның өзіндік себебі де бар, атап айтқанда осы күні қазақ халқының тағдыры және тілі үшін күрескен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. «Тіл туралы» Заңында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы» – деген.
Arna Press,
23 декабря 2024
в 12:38
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін, 2024 жылғы 23 желтоқсанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер түрінде азаматтарға қанша төленгенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.23 желтоқсанда жарияланған ақпаратқа сай, жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 560 млрд теңге жұмсалды.Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 73,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 539,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 188,3 мың адамды құрайды.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады.
Arna Press,
19 августа 2024
в 17:58
ҚР Еңбек министрлігі мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төлемдерінің көлемін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 357,3 млрд теңге жұмсалды.
Arna Press,
15 мая 2024
в 17:08
2024 жылдың басынан бастап Отбасының цифрлық картасының көмегімен 785 азамат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомствоның 15 мамырдағы мәліметінше, 765 адам жұмысынан айырылуы және 20 адам бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлем алды.Министрлік, ОЦК қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз әлеуметтік төлемдердің үш түрін ресімдеуге мүмкіндік беретінін еске салды: еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда.«Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі.
Магнолия,
13 февраля 2024
в 16:58
Мемлекеттік қызметкер – бұл мемлекетіміздің бейнесі және айнасы болып табылады деп айтсақ та артық емес. Соған байланысты, мемлекеттік қызметкер — мемлекеттің өсуі мен өркендеуі оның еңбегінің нәтижесі екенін ұмытпауы тиіс. Мемлекеттік қызметкер деген биік дәрежеге жету және сол дәрежеге кір келтірмей ұстап өту — әр азаматтың басты міндеті.
Arna Press,
03 января 2024
в 15:18
1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі мен базалық зейнетақы төлемі өсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі мен базалық зейнетақы төлемі Ұлттық банк анықтаған болжамды инфляция деңгейіне сәйкес жеті пайызға, ынтымақты зейнетақы тоғыз пайызға өсті, яғни инфляция деңгейінен екі пайызға озды.«Бюджеттен төленетін зейнетақының орташа жиынтық мөлшері (Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін төлемдерді есепке алмағанда) 2024 жылы 130 414 теңге (2023 жылы – 120 838 теңге) болады», — деп хабарлады Еңбек министрлігі.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны жыл сайынғы кезең-кезеңмен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ең жоғарысын 120 пайызға дейін арттыру жүзеге асырылады.
Arna Press,
20 ноября 2023
в 13:08
Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 484,3 миллиард теңге төленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 431 миллиард теңге жұмсалды.
Arna Press,
04 сентября 2023
в 16:18
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін», – делінген құжатта.Қаулы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін және республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру тәсілдерінің біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.Жоба 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланған.Сурет: Zakon.kz