Arna Press,
05 мая 2026
в 13:48
Бүгін үкіметте 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасап. Бектеновтің айтуынша, энергия көздері мен желілерінің жабдықтарын жөндеу және ауыстыру үшін резервтен 25 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу мақұлданды.«Бұл қаражат Жетісу, Абай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жылу көздерін жөндеу мен салуға, сондай-ақ төрт өңірдегі шамамен 30 шақырым жылу желісін жөндеуге бағытталған», — деді министрлер кабинетінің басшысы.Премьер-министр бұл қаражаттың жұмсалу тиімділігі мен нәтижесін бақылау қажеттігін айтты.«Қазірдің өзінде кей өңірлерде жұмыстардың кешіктірілу қаупі байқалады.
Arna Press,
23 апреля 2026
в 13:08
Ақмола облысының прокуратурасы Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» кафесінде болған жарылысқа қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облысының прокуратурасына сілтеме жасап. Қайғылы оқиға өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуынан орын алып, бірнеше адамның қаза табуына әкеп соққан.Осы жылдың 20 сәуірінде арнайы прокурорлар автогаз құю станциясының директорын және газ баллондарын жеткізушіні ұстады.
Arna Press,
19 марта 2026
в 16:48
Қазақстанның бірқатар өңірінде 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер қойылады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Бұл шара қар еріп, су тасуы салдарынан жол негізінің осал болуына байланысты қабылданады және жолдардың бұзылуын болдырмауға бағытталған.Шектеу Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарындағы жалғыз оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктеріне қатысты.
Arna Press,
19 марта 2026
в 14:08
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстардың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz. комитетке сілтеме жасапВедомство мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Астана қаласында, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектеп қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін рәсімдеу барысында заңсыз сыйақы алу мен қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану деректері тіркелген.Атап айтқанда, Астанада Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының бұрынғы орынбасары азаматтарға жүргізуші куәлігін алуға және емтиханнан өтуге көмектесу үшін жүйелі түрде пара алып отырған.
Arna Press,
09 марта 2026
в 15:08
Ақмола облысының Щучинск қаласында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады дейді Arnapress.kzМәліметке сәйкес, 8 наурыз күні Щучинск қаласындағы стационардың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан зардап шеккендердің бірі көз жұмған.
Arna Press,
05 марта 2026
в 17:18
5 наурызда премьер-министр республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға су тасқыны қаупіне байланысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Arnapress.kz. Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасапҮкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында мұз қабатының қалыңдығы 4 сантиметрге дейін жетіп, топырақтың 2 метрге дейін қатқаны байқалғанын айтты.Премьер-министр экология министрлігіне гидрологиялық мониторинг жүргізіп, ауа райына қатысты ескертулерді дер кезінде жеткізуді тапсырды.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 10:48
Щучинск қаласында орналасқан «Центр плова» дәмханасында жарылыс болып, соның салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, 26 ақпан күні кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы тіркелген.
Arna Press,
16 февраля 2026
в 17:38
Елімізде жүргізушісіз көліктерді сынақтан өткізу басталады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz.Ведомствоның хабарлауынша, қалалық мобильдік пен логистика саласында бірқатар инновациялық жобалар жүзеге асырылмақ.
SportInfo,
23 декабря 2025
в 09:36
Шымкентте таеквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан Чемпионаты мәресіне жетті. 18 өңірінен барлығы 273 даянг шебері қатысты. Аталған ел біріншілігі 2026 жылғы спорт маусымында Қазақстан намысын әлемдік аренада қорғайтын ұлттық құрамаға іріктеу жарысы болды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстандық таеквондо федерациясының баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды. Үш күнге созылған жарыста спортшылар, ерлер – 8, әйелдер 8 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.
SportInfo,
03 декабря 2025
в 12:06
2025 жылғы 5-12 желтоқсан аралығында Алматыда классикалық шахматтан Қазақстан Балалар кубогының финалы өтеді. Нокаут жүйесі бойынша жарысқа түсетін 9 — 14 жастағы 16 бозбала мен қыз үздік ойыншыларды анықтайды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі KazChess сілтеме жасап хабарлайды. 2025 жылы Қазақстан Балалар Кубогы жарысы 6 кезеңді қамтыды: Әр кезеңнің қорытындысы бойынша әр жас санатындағы – 10 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі бозбалалар мен қыздарға 1-ші орыннан бастап (20 балл) 15-ші орынға дейін (1 балл) тиісті ұпайлар берілді.
SportInfo,
02 декабря 2025
в 12:36
Биылғы біріншілік — үш стиль бойынша ұлттық құраманы жасақтау мен іріктеудегі шешуші кезең. Келер жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Азия ойындары, сондай-ақ әлем және Азия чемпионаттары күтіп тұр. Чемпионатқа қатысушылар арасында: төрт дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Жамиля Бакбергенова, U23 әлем чемпионы Шұғыла Өмірбек, кадеттер арасындағы әлем чемпионы Нилуфар Раимова, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздыкова, U23 әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлы, жастар арасындағы әлем чемпионы Исхар Курбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Асылжан Есенгелді, грек-рим күресінен бес дүркін әлем жүлдегері Алмат Кебиспаев және басқа да белгілі спортшылар бар.
Arna Press,
26 мая 2025
в 12:18
Семей қаласындағы Жеңіс саябағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызметін бастаған 139 жас сарбаздың әскери ант беру рәсімі салтанатты түрде өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараға сарбаздардың ата-аналары мен жақындары, достары және әскери бөлім командирлері қатысты. Әскери тәртіпке сай сарбаздар Мемлекеттік Тудың алдында сап түзеп, Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.Бұл – әрбір жауынгердің жүрегінде мәңгі сақталатын тарихи сәт.
Arna Press,
12 марта 2025
в 11:48
Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71%-ында қар жатқанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Еліміздің оңтүстігінде: Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, батысында: Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр», — деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.Ол 11 наурыздағы жағдай бойынша қар астында жатқан аумақ 71%-ды құрайтынын, дегенмен бұл өткен аптаға қарағанда 15%-ға аз екенін атап өтті.«Наурыз айында температура көтеріліп, жауын-шашын көп болса еріген қар суынан тау өзендерінде тасқын жүруі мүмкін.
Arna Press,
05 февраля 2025
в 13:48
Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.Білім беру нысаны «Вокзал» шағын ауданында салынады.
Arna Press,
05 февраля 2025
в 10:58
Синоптиктердің болжамына қарағанда 5 ақпанда Астанада және республиканың 13 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Астанада түнде және таңертең тұман түседі.Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ болады.
Arna Press,
15 января 2025
в 12:28
Синоптиктер бүгін, 15 қаңтарда Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.
Arna Press,
06 января 2025
в 15:18
Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Елімізде 373 мың оқушы орнына арналған 257 мектептің құрылысы аяқталды. Бұл үш ауысымды 42 мектептің және 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.Үш ауысымды оқыту және апатты мектептер мәселесін шешу бойынша бюджет қаражаты есебінен және инвестиция тарта отырып жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында оқу жылының басынан 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан.Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры бойынша 27 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп қолданысқа берілді. Қосымша тағы бес мектеп пен 3,3 мың орындық интернат құрылысы жүруде.Білім беру нысандары құрылысының басым бөлігі Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында салынуда.
Arna Press,
06 января 2025
в 12:28
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген жарлықта.Еске сала кетейік, бұған дейін Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметін атқарды.Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай ауылында туған.Білімі:С.Сейфуллина атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтының түлегі (1996).
Arna Press,
25 ноября 2024
в 15:59
Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылы 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 144,9 мың этникалық қазақ оралды.Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,9 пайызы Қытайдан, 39,2 пайыз – Өзбекстаннан, 5,8 пайыз – Моңғолиядан, 5,2 пайыз – Түрікменстаннан, 2,8 пайыз – Ресейден және 1,1 пайыз басқа елдерден», — делінген хабарламада.1 қарашадағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,2 пайыз және зейнеткерлер 9,4 пайыз болды.«Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,8 пайызы жоғары білімді, 24,8 пайызы орта кәсіби білімді, 54,4 пайызы жалпы орта білімді, және 3 пайызында білім жоқ. Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары».Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы — 3 033 адам.
Arna Press,
13 ноября 2024
в 19:38
Ағымдағы жылдың 1-25 қазан аралығында ғылыми танымдық www.ziyatker.org сайтында қашықтықтан өткізілген «Вейпсіз жастық шақ» республикалық эссе байқауының қорытындысы шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіБайқаудың мақсаты-өскелең ұрпақтың вейпингтің денсаулыққа зияндылығы туралы хабардарлығын арттыру.
Arna Press,
11 октября 2024
в 19:58
Астанадан Көкшетауға дейінгі жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.«Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Петропавл» автожолының (18-304 шақырым аралығы) Астанадан Көкшетауға дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», — делінген хабарламада.Ведомство бұл учаске 2024 жылғы 11 қазанда сағат 17:00-де жабылғанын мәлімдеді.Сурет: gov.kz
Arna Press,
10 октября 2024
в 12:38
Ақмола облысында Сұрған стансасында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Таңертең пойыз қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.9 қазан сағат 17:40-та Есіл-Құсмұрын учаскесінің Сұрған стансасында электровоз бен жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткен.
Arna Press,
10 октября 2024
в 11:58
Үкімет су тасқынынан зардап шеккен қазақстандық кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша, кәсіпкерлердің мүлік шығындарын өтеу үшін үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінген.
Arna Press,
09 октября 2024
в 16:18
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын өңірлерді атады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапҚыркүйекте Enbek.kz электрон еңбек биржасында 136,6 мың бос жұмыс орны орналастырылды, тамыздағымен салыстырғанда 4 пайызға (4,9 мың) артық.
Arna Press,
08 октября 2024
в 19:18
ТЖМ құтқарушылары Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өртті оқшаулады және сөндірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан ТЖМ бөлімшелері Павлодар облысының аумағындағы дала өртін сөндірді. Жағдайдың тұрақталуына байланысты Баянауыл ауданы Желтау ауылының эвакуацияланған 18 тұрғыны үйіне оралды.Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Қарағанды облысының аумағындағы өрт оқшауланды, өрттің ауданы анықталып жатыр. Қатты екпінді жел, рельефті таулы және батпақты жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты.«Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағындағы өрт ошақтары сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізу жұмыстары жалғастырылып жатыр. Қарағанды облысының Айыр және Атантай елді мекендері ауданындағы өртті сөндіруге 2 жауынгерлік учаске анықталды. ҚР ТЖМ Командалық орталығы мен облыстардың ТЖД жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламадаҚазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстарына 557 адам мен 88 бірлік техника, 6 ұшқышсыз ұшу аппараты, ҚР ТЖМ және ІІМ ҰҰ 4 әуе кемесі жұмылдырылып жатыр.Өртті сөндіруге Қарағанды, Ақмола, Абай облыстарының, Астана қаласының құтқару топтары, ТЖМ 52859, 68303 әскери бөлімдерінің және жергілікті атқарушы органдар қатысуда.«Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 87 рет 102-ден астам тонна көлемінде су төкті.
Arna Press,
01 октября 2024
в 21:08
Жыл сайын дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда 1 қазан Халықаралық қарттар күні ретінде аталып өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету – Үкіметтің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі.Мемлекет аға буын өкілдерін әлеуметтік қорғау, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдауда.Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2%-ға ілгері индекстеледі.Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылардың мөлшері 9%-ға ұлғайтылды және ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақының мөлшері арттырылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда.
Arna Press,
16 сентября 2024
в 11:18
Синоптиктер 16 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Arna Press,
03 сентября 2024
в 10:58
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 3 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде найзағай соғып, екпіні күшті жел соғатынын және кей өңірде үсік болатынын болжады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Arna Press,
13 августа 2024
в 14:38
Қазақстандықтар 15 миллион теңгенің трансформаторларын ұрлап, Қырғызстанға сатып жіберген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Полиция жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, құрылыс нысандарының аумағынан электр қуатының тоғыз трансформаторын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының екі тұрғыны ұсталды.«Келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңгеден асады.
Arna Press,
13 августа 2024
в 11:58
13 тамызда елдің 18 өңірінде қолайсыз ауа райы күтілуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.