Популярные темы

алматы қаласы: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Алматыда автокортежбен жол ережесін бұзған түлектер анықталды

Arna Press, вчера в 13:18

Алматыда  автокортежбен жол ережесін бұзған түлектер анықталды
Алматы қаласында «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар қарсаңында мектеп түлектерінің қатысуымен ұйымдастырылған автокортеж тоқтатылды, деп хабарлайды Arnspress.kz Polisia.kz.cілтеме жасап.Бұған дейін мұндай іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны жөнінде тұрғындарға бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, түлектердің бір тобы қала көшелерінде автокөліктер колоннасын ұйымдастырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған 21 жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Абай облысында жалақы өсімі жоғары: орташа табыс 405 мың теңгеден асты

Arna Press, 13 мая 2026 в 15:08

Абай облысында жалақы өсімі жоғары: орташа табыс 405 мың теңгеден асты
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы медианалық және орташа айлық жалақы көлеміне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz бюроға сілтеме жасап. Ел бойынша орташа айлық атаулы жалақы 461 486 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға жоғары.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Arna Press, 03 февраля 2026 в 11:28

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми қабылдаушысы атанды. Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kzАОК таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, қабылдаушы қала мәртебесіне қатысты келісімге 5 ақпанда, Италияның Милан қаласында қол қойылады деп жоспарланып отыр.Айта кетейік, бұған дейін 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясы қабылдайды деп жоспарланған болатын.

Алматыда жүздеген жанкүйер FIFA™ футболдан әлем чемпионатының кубогын тамашалады

SportInfo, 27 января 2026 в 12:06

Алматыда жүздеген жанкүйер FIFA™ футболдан әлем чемпионатының кубогын тамашалады
2026 жылғы 26 қаңтарда Алматы қаласы FIFA™ футболдан әлем чемпионаты кубогының жаһандық туры аясындағы қалалардың біріне айналды. Кубокты FIFA-ның ресми өкілдері мен әлемдік футбол аңызы Марко Матерацци алып жүрді, бұл іс-шараның ерекше тарихи маңызын көрсетті. Қатаң күзетпен жеткізілген трофей Республика сарайында қойылды.

Alina Group Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Үздік салық төлеуші» наградасына ие болды

Arna Press, 24 декабря 2025 в 17:08

Alina Group Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Alina Group 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Өндіріс – арнайы салық салу режимі» номинациясында «Үздік салық төлеуші» дипломы атты беделді мемлекеттік награданың лауреаты атанды.2025 жылғы 23 желтоқсанда салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті атынан Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Alina Group өкілдеріне «Үздік салық төлеуші» наградасын табыс етті.

Шымкентте таеквондодан Қазақстан Чемпиондарының есімдері анықталды

SportInfo, 23 декабря 2025 в 09:36

Шымкентте таеквондодан Қазақстан Чемпиондарының есімдері анықталды
Шымкентте таеквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан Чемпионаты мәресіне жетті. 18 өңірінен барлығы 273 даянг шебері қатысты. Аталған ел біріншілігі 2026 жылғы спорт маусымында Қазақстан намысын әлемдік аренада қорғайтын ұлттық құрамаға іріктеу жарысы болды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстандық таеквондо федерациясының баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды. Үш күнге созылған жарыста спортшылар, ерлер – 8, әйелдер 8 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

«Дарын» жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды

Arna Press, 12 декабря 2024 в 15:18

Астанада мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кәсіби қазылар алқасы лауреаттарды «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада» және «Халық шығармашылығы» номинациялары бойынша таңдады.Марапаттау кезінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елде ортақ принциптер мен мақсаттарды ұстанатын прогрессивті әрі дарынды буынның өсіп келе жатқанын атап өтті.«Сіздер – халықтың үміті мен тірегісіздер.

Алматылықтарға уақытша электр энергиясының тарифтері төмендетілді

Arna Press, 17 октября 2024 в 16:38

Алматылықтарға уақытша электр энергиясының тарифтері төмендетілді
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалада уақытша өтемдік тариф бекітілгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапВедомствоның 17 қазандағы ақпаратына сүйенсек, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ-ының электр энергиясын беру реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша 2023 жылға арналған тарифтік сметасының және инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есептерді талдау қорытындылары бойынша, тұтынушыларға қаражатты қайтару мақсатында, жалпы сомасы 534 190,727 мың теңге мөлшеріне уақытша өтемдік тариф бекітті.Осылайша, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ-ының тарифтері:Бұған дейін Аягөзде коммуналдық апат орын алып, өңір тұрғындары жылусыз қалғандығы хабарланған болатын.Сурет: unsplash

Алматыда электр энергия тарифі өзгереді

Arna Press, 11 октября 2024 в 18:58

Алматыда электр энергия тарифі өзгереді
Алматыда электр энергиясының тарифі өзгереді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Әсел Бөденеева мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапАлматыда барлық тұтынушыға тарифтер 15 қазаннан бастап өзгереді.«Орташа тариф 29,04 теңге болады, яғни 3,7 пайызға өсіп отыр.

Алматыда қараусыз қалған учаскелерде жаңа демалыс орындары пайда болды

Arna Press, 11 октября 2024 в 11:38

Алматыда қараусыз қалған учаскелерде жаңа демалыс орындары пайда болды
Алматы қаласының Түрксіб ауданында Қарасу өзенінің арнасын абаттандыру және Таштитов көшесінде жаңа демалыс аймағының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұрын бұл учаске қараусыз қалған болатын, енді «Халыққа қатысатын бюджет» бағдарламасының арқасында жаңа қоғамдық кеңістік құрылды.

Паралимпиада қатысушысына 2 млн теңге мен баспана кілті табысталды

Arna Press, 09 октября 2024 в 18:48

Паралимпиада қатысушысына 2 млн теңге мен баспана кілті табысталды
Парижде өткен жазғы Паралимпиада ойындарының қатысушысы Кәмиля Досмалованы Алматы әкімдігі құттықтады деп,-хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.Кәмиля Досмалова – пара таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында 5-орын алды.

Белгілі қазақстандық боксшы қыз зорлады деген күдікке ілінді

Arna Press, 21 августа 2024 в 13:38

Белгілі қазақстандық боксшы қыз зорлады деген күдікке ілінді
Белгілі қазақстандық боксшыға қыз зорлады деген айып тағылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Әлеуметтік желіде 1996 жылы туған қыздың Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясына зорлау туралы арыз бергені туралы ақпарат пайда болды. Ол мәлімдемені бірінші жартылай орта салмақтағы IBO нұсқасы бойынша бокстан белгілі қазақстандық боксшы — әлем чемпионы Жанкош Тұраровқа жасаған.«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Мектептердегі бейнебақылау: ережеге өзгерістер енгізілді

Arna Press, 01 августа 2024 в 14:38

Мектептердегі бейнебақылау: ережеге өзгерістер енгізілді
Ішкі істер министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау стандарттары мен талаптарына өзгерістер енгізу туралы бұйрық дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұсынылып отырған басылымда бейнебақылау жүйесі — бұл бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық-техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтаудың, сондай-ақ өзара ақпарат алмасатын бағдарламалық немесе аппараттық басқару құралдарының жиынтығы.Қазіргі редакцияда бейнебақылау жүйесі – объектінің жай-күйі мен оның қауіпсіздігі туралы бейнелерді алуға арналған, техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар, бірлесіп жұмыс істейтін техникалық құралдардың жиынтығы.Құжат 14 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.Қазақстанда білім туралы аттестаттың жаңа түрі берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды

Arna Press, 19 марта 2024 в 20:18

Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды
Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылғы 19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында «қаңтар» оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды (ҚК-нің 146-бабы).Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді.Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді.Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушілерге тән азаптары келтірілген.Соттың үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Сурет: Tengrinews.kz

Алматыдағы жер сілкінісі: ғимараттардың зақымдалғаны туралы қайда хабарласу керек

Крыша, 04 марта 2024 в 18:07

Алматыдағы жер сілкінісі: ғимараттардың зақымдалғаны туралы қайда хабарласу керек
Алматыда жер сілкінісінен кейін жедел желі жұмыс істеп тұр. Жедел штаб жасалды. Сұрақтар және ғимараттардың зақымданғаны бойынша қала тұрғындары мен қонақтары 8 (727) 278 20 83, 278 20 84 телефоны арқылы хабарласа алады.Жер сілкінісі 4 наурызда сағат 11:20-да болды. Эпицентрі Алматыдан 31 шақырымда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты.

«Қазселденқорғау» мекемесі Алматыдағы лай көшкінінің басты себебін атады

Arna Press, 08 февраля 2024 в 15:28

«Қазселденқорғау» ММ мамандары Алматыдағы көшкіннің басты себебін анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылғы 8 ақпанда сағат 02:20-да тау баурайының орта бөлігіне тартылған су құбырының үзілуі салдарынан топырақ ылғалданған. Кейін Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Олимпийская көшесінде орналасқан «Тау-Самалы» ықшамауданындағы №3А және №3 жеке тұрғын үйлерлі лай көшкіні басты.» «Қазселденқорғау» ММ баспасөз қызметіСондай-ақ, тау беткейінің лесс тәрізді саздақтардан (шөгу топырақтары) тұратыны айтылды.Бұл аймақтағы еңістің тіктігі шамамен 45-50 градус.«Лай көшкіні Олимпийская көшесіндегі №3А қосалқы құрылыстары бар тұрғын үйді қиратып, жақын жердегі №3 тұрғын үй ішінара зақымданды».

Алматыда 19 см қар жауды

Arna Press, 17 января 2024 в 13:08

Алматыда 19 см қар жауды
Алматыда 19 см қар жауды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 16 қаңтар күні сағат 22:30-дан 17 қаңтар күні таңғы сағат 08:30-ға дейін Алматы қаласында 19 см қар жауды.Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.«Түнде 421 бірлік арнайы техника жұмыс істеді, таңертең 425 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 146 құм таратқыш және 1143 жол жұмысшысы.» Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыСағат түнгі 02:30-дан бастап жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен 13 колонна қар күреумен айналысты.«Таңғы сағат 05.00-ден бастап 168 бірлік шағын көлемді жинау техникасының күшімен тротуарлар қардан тазартылуда, бұл жұмыс қазіргі уақытқа дейін жалғасуда.

Ақ кірекей, Амур жолбарысы: Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар пайда болды

Arna Press, 12 января 2024 в 14:18

Ақ кірекей, Амур жолбарысы: Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар пайда болды
Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар пайда болды – бұл кірекей ақ аю, зебра, Амур жолбарысы, ұрғашы шимпанзе және қызғылт фламинго, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Басқарма басшысы Ғани Майлыбаевтың мәліметінше, 2023 жылы хайуанаттар бағындағы 25 түрлі жануардан 80 төл алынған.

13 адам қаза тапқан алапат өрт жөнінде Алматы әкімдігі түсініктеме берді

Arna Press, 30 ноября 2023 в 11:58

13 адам қаза тапқан алапат өрт жөнінде Алматы әкімдігі түсініктеме берді
Сағат 08:40-тағы жағдай бойынша өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі.

Алматы прокурорлары 13 банкті жауапқа тартты

Arna Press, 15 ноября 2023 в 11:18

Алматы прокурорлары 13 банкті жауапқа тартты
Прокурорлармен кездесу барысында мүгедектер қоғамының өкілдері қаладағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелеріне қолжетімділіктің жоқтығы туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.ЕДБ мүгедектігі бар адамдар қаржылық қызмет алуға жиі келетін орындардың бірі болып табылатыны белгілі.Прокурорлар қаладағы банктердің бірде-бір бөлімшесі қойылған талаптарға сәйкес еместігін анықтады, яғни пандустар, мнемосхемалар, арнайы кассалар және т.б. не талапқа сай емес, не мүлде жоқ.Алматыда мүмкіндігі шектеулі 50 мыңнан астам адам тұрады.«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мүгедектер Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен бекітілген, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету құқығын қоса алғанда, барлық әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарына ие.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін Алматы қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаментімен 13 ЕДБ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 83-бабы бойынша 9 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауаптылыққа тартылды», делінген хабарламада.Уәкілетті орган барлық банктерге бұзушылықтарды жою және мүгедектігі бар адамдар үшін көзделген жағдайларды жасау қажеттігі туралы ұйғарымдар берді.Қазіргі уақытта 8 банк өз бөлімшелерін талапқа сәйкестендіріп үлгерді, қалғандары тиісті шаралар қабылдауда.Сурет: Tengrinews.kz

«Жанайқайымызды кім естиді?» Алматылықтар көпқабатты үйдің салынуына қарсы шықты 08 августа 2023, 06:33

Tengrinews, 08 августа 2023 в 06:43

Алматының «Самал-2» шағын ауданының тұрғындары үйлерінің маңынан тағы да 4 көпқабатты тұрғын үйдің бой көтеруіне қарсы. Себебі, қазірдің өзінде «электр жүйесі мен жылу желілеріне түсетін қысым көп» дейді. Ал егер «тағы да тұрғын үй салынар болса қыста жылу мен жарықсыз қаламыз ба» деп қауіптенеді. Ал осы жерде бұрыннан қоныстанып келе жатқан, 1924 жылы салынған ескі үйлердің тұрғындары басқа ауданнан үй салып бергенге келіспей отыр. Қос тараптың кикілжіңін мәжіліс депутаттарымен бірге Massaget.kz тілшісі де тыңдап келді.

Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, бас сауғалаған адамдар терезеден секірді

Arna Press, 01 августа 2023 в 22:48

Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, бас сауғалаған адамдар терезеден секірді
Видеодан кейбір адамдардың жанып жатқан ғимараттың терезелерінен секіргенін көруге болады. Ал тағы біреулер балаларын лақтыруға мәжбүр, оларды төмендегі топ адам кілемнің көмегімен қағып алуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 тамызда сағат 17:10-да Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі дабыл белгісі бойынша Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54 үй мекен-жайына аттанды.Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер 16 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтерлері ашық отқа оранғанын анықтады.

«Мүлде отырып та көрмеппіз». Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған көпірдегі лифттер неге істемейді? 14 июля 2023, 15:31

Tengrinews, 14 июля 2023 в 15:43

Алматыда жолдағы кептілісті азайту үшін салынған жаяу жүргіншілерге арналған көпірдегі жеделсатылар мүлде істемейді. Салдарынан арбамен баласын сүйреп жүрген ана, таяқпен әрең жүрген қариялар бір бағыттан екіншісіне өткенше атсоқты күйге түседі. Massaget.kz тілшісі тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, осы мәселеге қатысты Алматы қаласы әкімдігіне сауал жолдап көрді.

Рашид Аюповтың ісі. Forbes.kz тізіміндегі кәсіпкер тендерді жеңу үшін пара бергенін айтып берді

Vera.kz, 26 июня 2023 в 19:29

Рашид Аюповтың ісі. Forbes.kz тізіміндегі кәсіпкер тендерді жеңу үшін пара бергенін айтып берді
Түркістан мен Кентау қалаларының экс-әкімі ісі бойынша жәбірленуші С.Қожабаевтың сұрауға алғаны туралы vera.kz хабарлады.Бұрынғы экс-әкім Рашид Аюповтың ісі бойынша бас жәбірленушіден онлайн режимде жауап алуға тура келді. Қорғаушы тарап тергеу барысында жәбірленуші кәсіпкер Сайдолла Қожабаевтың айғақтары тұрақсыз болғанын айтып, соттан жауап алуды офлайн режимінде жүргізуді сұраған.«Құрметті сот, сотқа дейінгі тергеу кезінде жәбірленушілерден 8-10 рет жауап алынды және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратына келу мүмкіндігі болды, сондықтан олардың сотқа қатыспауын сотты құрметтемеу деп бағалауды сұраймын», – деді Ерлан Газымжанов.«Ал адвокаттар ұшу ауыртпалығын, күтіп-ұстауды және сол жерде куәгерлерді табуға байланысты басқа шығындарды көтеруге дайынсыз ба?» — деп сұрады Астана ҚІМАС (Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот) соты Қажымұхан Мекемтас.«Құрметті сот, айыптаушы тараптың куәгерлері – ауқатты адамдар.

Қазақстанда қанша бала бар

Arna Press, 01 июня 2023 в 13:48

Қазақстанда қанша бала бар
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 16 жасқа дейін 6 162 мың бала бар, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Елімізде 51,4%-ы ұлдар болса, 48,6%-ы қыздар. Қалалық жерлерде 3 664 мың бала тұрса, ауылдық жерлерде – 2 497 мың бала тұрады,Өңірлер бөлінісінде балалардың ең көп саны Түркістан облысында – 836 мың, одан кейін Алматы қаласы және Алматы облысында, сәйкесінше 592 мың және 498 мың баладан.Сурет: pixabay
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 25 новостей из 25