Популярные темы

агроөнеркәсіп: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады

Arna Press, 22 мая 2026 в 16:18

Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады
Абай облысының аумағында арнайы экономикалық аймақ құру бастамасы Үкімет деңгейінде қолдау тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл мәселе Үкімет отырысында қаралып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, жаңа жобаларды іске асыру және инвестициялық әлеуетті кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі таныстырылды.2025 жылдың басынан бері облыста инвестициялық пулға енгізілген жобалар саны 29-дан 112-ге дейін өсіп, тартылған инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 4,3 трлн теңгеге жеткен.Облыс әкімі Берік Уәлидің айтуынша, 2026 жылы жалпы құны 131,2 млрд теңгені құрайтын 41 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

Мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағыты: Абай делегациясы Австралияда

Arna Press, 19 мая 2026 в 11:18

Мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағыты: Абай делегациясы Австралияда
Абай облысының делегациясы Австралияға арнайы барып, мал шаруашылығындағы озық тәжірибелермен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Сапар аясында делегация ірі шаруашылықтарды аралап, ауыл шаруашылығындағы заманауи технологиялар мен тиімді басқару жүйелерінің жұмысын көрді.

Абай облысының агросаласы серпін алды: 250 млрд теңгелік жобалар іске асады

Arna Press, 04 мая 2026 в 16:38

Абай облысының агросаласы серпін алды: 250 млрд теңгелік жобалар іске асады
Абай облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімнің баспасөзіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жан-жақты қаралды. Басқосуға басқарма басшылары мен департамент жетекшілері қатысып, аудан әкімдері бейнережим арқылы қосылды.Жиында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев баяндама жасап, саладағы негізгі көрсеткіштер мен алдағы жоспарларды таныстырды.

Семейде ауқымды инвестициялық форум өтті

Arna Press, 20 июня 2025 в 20:18

Семейде ауқымды инвестициялық форум өтті
Семейде «Туған жерге туыңды тік» атты инвестициялық форумы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Семей қаласында өткен форум Абай облысының экономикалық және технологиялық әлеуетін таныстыратын маңызды алаңға айналды. Шараға Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттары, елімізге танымал кәсіпкерлер, шетелдік және отандық инвесторлар, түрлі саланың сарапшылары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Үш аймаққа қауіп төніп тұр: шегірткемен күресу үшін үкімет резервінен миллиардтаған теңге жұмсалады

Arna Press, 23 мая 2024 в 18:48

Үш аймаққа қауіп төніп тұр: шегірткемен күресу үшін үкімет резервінен миллиардтаған теңге жұмсалады
2024 жылы Қазақстанның үш облысында шегіртке шабуылы күтілуде. Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) зиянкестермен қалай күресетінін түсіндірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дархан Әбдікәрімов Қазақстанда шегіртке жәндіктерінің 270-тен астам түрі мекендейтінін, оның 10-15 түрі астық, жайылымдар мен шабындықтар, көкөніс дақылдарының қауіпті зиянкестері екенін айтты.

Билік моноқалаларды дамытуға күш салады

Крыша, 15 сентября 2023 в 14:37

Билік моноқалаларды дамытуға күш салады
Қазақстандағы он моноқалаға қайта жан бітеді. Бұрын олар қала құраушы кәсіпорындардың төңірегінде бой көтерген. Қазір көбінің (жалпы саны 27) күйі кеткен, халі мүшкіл.Қай қалалар жанданады Үкімет мына қалалардың 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын бекітті:Он кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін 1.7 трлн теңге бөлінеді, 608 жоба жасалады.Бұл ақша денсаулық сақтау, білім беру нысандарын, спорт кешендерін, инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнес объектілерін, агроөнеркәсіп кешенін салуға не барын жөндеп, заманға сай жабдық сатып алуға жұмсалады.

Абай облысы негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқынынан көш бастап тұр

Arna Press, 15 августа 2023 в 14:48

Абай облысы негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқынынан көш бастап тұр
Бүгін ҚР Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осы жылдың қаңтар-шілде айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштерінен Қазақстан өңірлері арасында Абай облысы алдыңғы орында екенін атап өтті, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдітің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«7 экономикалық көрсеткіштен өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай: барлық көрсеткіштерден оң өсім 6 өңірде – Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды», — деді Әлібек Қуантыров.Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 12,4%-ды құрады.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 7 новостей из 7