Arna Press,
08 июля 2025
в 12:08
Абай облысының әкімі Берік Уәли «Xinjiang Huayuan Holding Group Co. Ltd» корпорациясының бас директоры Ли Цзюнь бастаған делегациямен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында екі жақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру және жаңа өндіріс алаңдарын дамыту мәселелері талқыланды.Аймақ басшысы Абай облысы делегациясының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапары барысында нәтижелі келіссөздер жүргізіп, көптеген меморандумдарға қол қойғанын атап өтті.«Осы сапар аясында Абай облысының делегациясы Үрімші қаласындағы Сіздің кәсіпорныңызға барып, өндірістік үдерістермен және жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Қазіргі уақытта облыстың экономикалық әлеуетін арттыру үшін инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Arna Press,
24 января 2025
в 18:48
2024 жылы 364 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Абай облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер айтарлықтай жақсарған. Жүздеген отбасы баспана мәселесін шеше алды.Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында жалға берілетін 79,5 мың шаршы метр тұрғын үй сатып алынды.
Arna Press,
17 декабря 2024
в 20:08
Абай облысында құрылыс саласында ауқымды жұмыстар атқарылып, мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық құрылыс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құрылысқа бөлінген жалпы қаржы көлемі 291 млрд теңгені құрады. Жоспарланған барлық жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылып жатыр.Білім беру саласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4 мектептің құрылысы жүргізілуде.
Arna Press,
13 февраля 2024
в 11:28
Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдалану ережелерін өзгерту ұсынылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынды.
kapital.kz,
11 декабря 2023
в 15:16
2023 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы (ҚТК) үлестік тұрғын үй құрылысы нарығын цифрландыруға арналған презентациясын өткізді.Құрылыс компанияларына тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды (ҮҚШ) мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын «Қазреестр» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жаңартылған нұсқасы көрсетілді.Қазреестрдің жаңалықтарының бірі eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн режимде ЭЦҚ немесе QR-код көмегімен электрондық ҮҚШ жасау, сондай-ақ оларды автоматты түрде тіркеу жөніндегі функционал болып табылады.
Крыша,
21 ноября 2023
в 12:07
Бүгін Отбасы банк «Табысты» деп аталатын жаңа тарифті іске қосқанын хабарлады. Бұл депозит тарифі, бірақ шартында айырмашылық бар. Оны қазіргі бағадрламалармен салыстырып көрдік.Ең танымал әрі стандарт түрі — «Баспана». Оның мөлшерлемесі 2 % (миллион салсаңыз, 20 мың сыяқы аласыз + мемлекет беретін 130 мың (максимум)).
Крыша,
20 сентября 2023
в 16:07
Мегаполис әкімдігі пәтер алуға кеңес бермейтін тұрғын үй кешендерінің тізімін толықтырды. Бұлар құжатсыз, бақылаусыз және нысаналы мақсаты сәйкес келмейтін жерде салынып жатыр екен.Билік құрылыс салушыларға шағымданып, сотқа жүгінген.Қазір бұл тізімде 31 ТК бар:Медеу ауданы, Фонвизин к-сі, 28. Тапсырыс беруші — ABS Park ЖШС.
Arna Press,
29 мая 2023
в 14:18
Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы бүкіл ақшасын емделу мен тұрғын үй сатып алу үшін ала алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында еңбек өтілі бар зейнеткерлерге жинақталған зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге жұмсау құқығы берілгені хабарланды.«Былтырғы 1 шілдеден бастап еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін «Отбасы банкі» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған қаражатқа жүгіне алады.Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану үшін жоғарыда аталған интернет-платформа арқылы «Отбасы банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» ғана жүгіну қажет», — делінген хабарламада.Еске салайық, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделіп, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығын берді.Бұл құқықты келесі санаттағылар пайдалана алады:Бұл ереже жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.Сурет: Tengrinews.kz