Новости по теме "Мавр Абдуллин"

Тамыры терең, құтты мекен

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 12:02

Тамыры терең, құтты мекен Ақтөбеде айтулы белес — қаланың 150 жылдығын қорытындылауға арналған «Тамыры терең, құтты мекен — Ақтөбе» атты конференция өтті.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Мәңгілік Ел» конференц-залында өткен жиында алдымен қала әкімі Мавр Абдуллин сөз сөйлеп, қаланың өткені мен бүгініне, Қазақстанның қуатты өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі ретінде дамып келе жатқанына дәлел болатын көрсеткіштерге тоқталды.— Биылдың өзінде Ақтөбеде 4 жаңа мектеп, 7 балабақша ашылды.

Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны өмірге келді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 11:52

Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны өмірге келді Сүйінші! 6 желтоқсан күні түнгі сағат бірден он кеткенде Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны дүние есігін ашты. Кішкентай тұрғынның аты-жөні — Жалғасбай Әлинұр Тәңірбергенұлы. 500 мыңыншы тұрғынның өмірге келуі Ақтөбе қаласының 150 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Кеше қала басшысы Мавр Абдуллин облыстық перинаталды орталыққа арнайы барып, төртінші баласын дүниеге әкелген 39 жастағы Эльвира Досқалиға облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің құттықтауын жеткізді. Қала басшысы ана мен баланың жағдайын сұрап, Әлинұр Жалғасбайдың Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны екенін растайтын куәлігі мен бағалы сыйлықтарды анасы Эльвираға табыстады.Облыстық перинаталды орталығы директорының медициналық қызметтер сапасын бақылайтын орынбасары Анар Әмірқұлованың айтуынша, бұл перзентханада он ай ішінде 6 мыңнан астам бала өмірге келіпті.Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2014 жылдың қаңтарында Ақтөбе қаласын заманауи урбанистік орталыққа айналдыру жөнінде айтқан болатын.Биылғы 1 қазандағы мәліметке сәйкес, Ақтөбе қаласы Қазақстан қалалары арасында халық саны бойынша төртінші орынға шықты. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы Батыс Қазақстанның ең көп қоныстанған және осы көрсеткіш бойынша Алматы, Нұр-Cұлтан, Шымкент қалаларынан кейінгі еліміздегі төртінші қалаға айналды.Соңғы жылдары Ақтөбе қаласында бала туу көрсеткішінің тұрақты өсуі байқалады.

Полумиллионный житель появился на свет в Актобе

Источник: TengriNews Дата: 06 декабря 2019 в 15:43

Полумиллионный житель появился на свет в Актобе В Актобе родился 500-тысячный житель города, передает корреспондент Tengrinews.kz.«Юбилейным» горожанином стал Алинур Жалгасбай, отец которого водитель «ГАЗели», а мать домохозяйка.Поздравить младенца и его счастливую мать лично приехал аким города Актобе Мавр Абдуллин, который вручил им ценные подарки.Для Эльвиры Доскали и Танирбергена Жалгасбая это уже четвертый сын.

Тағы бір «Анвар» іске қосылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 декабря 2019 в 10:52

Тағы бір «Анвар» іске қосылды Ақтөбе қаласында ҚР тұңғыш Президенті күні тағы бір «Анвар» супермаркеті ашылды. Батыс-2 шағын ауданында орналасқан жаңа «Анвар» сауда үйі алғашқы тұтынушыларына біршама жеңілдіктер мен акциялар ұйымдастырды. Бірінші күні келушілердің қарасы өте көп болды. Бес мың теңгеге сауда жасағандарға түбіртек арқылы лотерея билеттері ойнатылып, ұтысқа жаңа тұрмыстық заттар қойылды.

Тұрғындардың көңілінен шықты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 декабря 2019 в 10:42

Тұрғындардың көңілінен шықты ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Табыс» коммуналдық базарында ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Жәрмеңкенің басты ерекшелігі, оған Ақтөбе қаласының 40-қа жуық шаруа қожалығы көкөніс, ет-сүт өнімдерін әкелді. Сонымен қатар, 41-разъездегі көтерме базардың ірі жеткізушілері тауарларын тиімді бағамен ұсынды.Желтоқсан — мерекелер айы. Қысқа қор жинап, мерекеде дастарқаны жайнап тұруы үшін кім-кім де базарға барары хақ.

40 отбасы баспаналы болды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 декабря 2019 в 10:42

40 отбасы баспаналы болды Тұңғыш Президент күнінде Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 40 пәтер берілді. Қала әкімдігінде пәтер кілттері тұрғындарға салтанатты түрде табыс етілді. Жиынға «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Қанат Сәрсенбаев қатысты.Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин жиналғандарды мерекемен құттықтады.— Қалада мемлекеттік, оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үйлер салынып жатыр. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында да тұрғындар баспанаға қол жеткізді.

Атаулы әлеуметтік көмек 10 579 отбасыға тағайындалды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2019 в 10:32

Атаулы әлеуметтік көмек 10 579 отбасыға тағайындалды Келесі жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу ережесі мен көпбалалы отбасылардың балаларына берілетін жәрдемақыларға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінде қала әкімі Мавр Абдуллин мен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ербол Данағұлов қала тұрғындарымен кездесіп, бағдарламаның жаңа ережелерін түсіндірді.Жаңа жылдан бастап төрт баласы бар отбасыға ай сайын 42, 495 теңге төленсе, 5 балаға — 53 127 теңге, 6 балаға — 63 757 теңге, 7 және одан да көп балалары бар отбасыларға 74 388 теңге жәрдемақы тағайындалады.Бұдан былай еңбекке жарамды отбасы мүшесі міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Қалалық әкімшілік пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс тауып беруді мойнына алады.

Апатты үйлер мәселесі: 205 отбасы жаңа үйге көшіріледі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2019 в 09:52

Апатты үйлер мәселесі: 205 отбасы жаңа үйге көшіріледі Ақтөбе қаласының тұрғыны Алтын Асқарова сегіз жылдан бері Чекалин көшесіндегі апатты жағдайдағы үйлердің бірінде тұрады. Ресейден қоныс аударған кезде ол сатып алған үйінің мұндай күйде екенін білмеген. Бүгінде төбесінен су ағып, коммуналдық жүйелерінің әбден тозығы жеткен үй құлаудың аз-ақ алдында тұр. Қазір Ақтөбе қаласы бойынша «апатты» деп танылған 17 көппәтерлі тұрғын үй бар.

Білім тәрбиемен түйінделуі тиіс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 28 ноября 2019 в 10:52

Білім тәрбиемен түйінделуі тиіс Биыл жасөспірімдердің қатысуымен 87 қылмыс жасалған. Оның ішінде қайта-қайта қылмыс жасаған кәмелетке толмаған 3 жасөспірімнің («Болашақ» колледжі, №3 орта мектеп, №44 орта мектеп) екеуі Қызылорда облысындағы арнайы оқу орнына жіберілген.9 айдың ішінде 9 қала мектебі бойынша 10 қылмыстық іс тіркеліп отыр.

Қала қаржысы қайда жұмсалады?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 ноября 2019 в 10:12

Қала қаржысы қайда жұмсалады? 22 қарашада өткен Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс 48-сессиясында депутаттардың қарауына 13 мәселе ұсынылды.Сессия жұмысына қала әкімі Мавр Абдуллин қатысты.Жиында талқыланған мәселелердің бірі — 2020-2021 жылдарға арналған қалалық бюджетті қайта қарау. Бұл мәселе бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Амангүл Рүстемова баяндама жасады.

Бастысы — бағаны «бағындыру»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 ноября 2019 в 10:12

Бастысы — бағаны «бағындыру» Дүйсенбі күні Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша штаб отырысы өтті. Мақсат — жыл соңындағы мерекелер қарсаңында базарлар мен сауда үйлерде бағаның өспеуін қамтамасыз ету, тұрғындардың қымбатшылыққа ұрынып қалмау жайын пысықтау.

Тұрғындардың өтініштері тыңдалды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 ноября 2019 в 10:12

Тұрғындардың өтініштері тыңдалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында бейсенбіде өткізілген республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнінде Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин тұрғындарды жеке сұрақтарымен Халықтық кеңсе ғимаратында қабылдады. Өз жеке басына қатысты мәселелерден бастап, жалпы қоғамға, қалаға ортақ проблемаларға дейін айтып келген ақтөбеліктердің бәрін де шаһар басшысы мұқият тыңдады.

Ұсыныстар ескеріліп, өзгерістер енгізілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 ноября 2019 в 01:32

Ұсыныстар ескеріліп, өзгерістер енгізілді Кеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясының жалпы отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова төрағалық етті. Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты. Сондай-ақ шараға облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.

Собственные паспорта «получат» все деревья в Актобе

Источник: Arna Press Дата: 11 ноября 2019 в 18:28

Собственные паспорта Новшество, призванное спасти актюбинские деревья, будут внедрять со следующего года, передает Arnapress.kz со ссылкой на Diapazon.kz.На днях аким города Мавр Абдуллин встретился с московскими специалистами по инвентаризации, оценке и цифровизации деревьев и кустарников.– В России в течение 10 лет существует программа «Реестр зеленых насаждений», которая заключается в том, что все деревья, кустарники, газоны оцениваются, им присваиваются номера и данные заносятся в специальную информационную систему, – рассказал московский специалист Павел Воробьев.Это позволяет грамотно использовать бюджетные средства, выделенные на уход деревьев.– Специалисты будут две недели обучать студентов сельскохозяйственного колледжа и университета имени К.Жубанова.

Мавр АБДУЛЛИН, Ақтөбе қаласының әкімі: Қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруіміз қажет

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 ноября 2019 в 12:52

Мавр АБДУЛЛИН, Ақтөбе қаласының әкімі: Қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруіміз қажет Кеше Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған көшпелі баспасөз мәслихатын өткізді. Қаланың дамуында ерекше орны бар 5 нысан журналистер назарына ұсынылды.Шаһар басшысы журналистерге арналған баспасөз мәслихатын әдеттегідей өңірлік коммуникациялар қызметінде емес, қала аумағындағы проблемалық аймақтарда кездесуді жөн санапты.

Облыс орталығының экономикасы тұрақты дамып келеді 

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 ноября 2019 в 12:32

Облыс орталығының экономикасы тұрақты дамып келеді  Кеше Ақтөбе қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Басқосуға қала әкімі Мавр Абдуллин қатысты. Жиынды фракция жетекшісі Мұратбай Әжібаев ашты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе — «Nur Otan» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» партияның сайлауалды бағдарламасының және 2016-2020 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының дамыту бағдарламасының орындалуы.

Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 11:42

Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды Қалалық Мәдениет үйінде Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтады.Жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен науқас адамдарға көмек қолын созатын әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі зор. Қазіргі күні қалада 700-ден астам жалғызбасты қарт болса, соның барлығына осы сала мамандары көмектеседі.

Қала жолдарына қатысты ұсыныс-тілектер айтылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 ноября 2019 в 12:22

Қала жолдарына қатысты ұсыныс-тілектер айтылды Кеше Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен қаладағы автокөлік жолдарын қалыпқа келтіру және жөндеу мәселелері жөнінде қоғамдық тыңдау өтті. Жиынға мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, блогерлер қатысты.Жиынды қала әкімінің өзі бастап, сөз сөйледі. — Біз қаланың дамуына қатысты жұмыстарды ақтөбеліктерді қатыстыру арқылы жетілдіруге ниеттіміз. Қала жолдарының жөнделуіне, құрылысына байланысты жобаларды жүзеге асыру кезінде тұрғындардың, қоғам белсенділерінің, БАҚ өкілдерінің пікірлері міндетті түрде ескеріледі.

Айыппұлдар неге өндірілмей отыр?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 11:42

Айыппұлдар неге өндірілмей отыр? Айыппұлдардың өндірілуі және мемлекеттік органдарда жемқорлықпен күрес жайы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссия мәжілісінде талқыланды. Ақтөбе облысының жеке және заңды тұлғалары 9 айдың ішінде 17 мың құқықбұзушылыққа барған.

Бірінші кезектегі проблема — жол мәселесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 октября 2019 в 13:32

Бірінші кезектегі проблема — жол мәселесі Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Ол алдымен облыстық тілдерді дамыту басқармасы тілдерді оқыту орталығының жұмысымен танысты. Сегіз мультимедиялық оқу кабинетімен жабдықталған мекеменің бөлімдері Хромтау, Мәртөк, Қарғалы, Алға, Қобда, Мұғалжар аудандарында жұмыс жасайды.Орталық басшысы Клара Серғазина облыс әкіміне жетістіктері мен оқу жүйесінің ережелері туралы айтып берді.

Қала әкімі экосағатқа қатысты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 октября 2019 в 11:02

Қала әкімі экосағатқа қатысты Бейсенбі күні Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин экологиялық сағат және ағаш егу бойынша республикалық акция аясында №32 мектеп-гимназияға барып, жеміс ағаштарын екті.Алдымен қала әкімі 1,8-9 сыныптарда өткізілген экологиялық сағаттарға қатысып, оқушылардың экологиялық мәселелер туралы ой-пікірлерін тыңдады. Ұстаздармен тілдесіп, мектеп мұражайын аралады.Бұдан кейін қала әкімі бастаған педагогтер мен оқушылар мектеп ауласына 50 түп жеміс ағашын екті.

Жол-көлік оқиғаларының 99,9 пайызы жүргізушілердің  жауапсыздығынан болған

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 октября 2019 в 12:32

Жол-көлік оқиғаларының 99,9 пайызы жүргізушілердің  жауапсыздығынан болған Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

«Әрбір тұрғын мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықты сезінуі тиіс»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 октября 2019 в 12:32

«Әрбір тұрғын мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықты сезінуі тиіс» Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтіп, онда «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланды.Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, сондай-ақ селекторлық режимде аудан әкімдері қатысты.Жиында алдымен жоба аясында өткен бір айда атқарылған шаралар туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев баяндама жасады.Оның айтуынша, 20 тамыз-20 қыркүйек аралығында өткізілген «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының 8 кезеңінде облыс бойынша жалпы саны 469 шара ұйымдастырылып, 12 мыңнан астам адам қамтылған.

Жүгіру марафоны халықаралық сипат алды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 октября 2019 в 11:12

Жүгіру марафоны халықаралық сипат алды Жексенбі күні ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта «Qazaqstan Jastar Fest» фестивалі аясында Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «Алтын күз» жүгіру марафоны өтті. Спорттық шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин, сондай-ақ ақтөбеліктер мен қала қонақтары қатысты.

Иран Әміровке ескерткіш-тақта қойылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 октября 2019 в 10:32

Иран Әміровке ескерткіш-тақта қойылды Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болған елдің белгілі азаматы Иран Әміров көзі тірі болғанда бүгінде жетпіс бес жасқа толар еді.Ұзақ жылдар облыстың сот жүйесінде қызмет атқарып, қатардағы судьядан облыстық соттың төрағалығына дейінгі жолдан өткен ол замандастарының жадында кәсіби біліктілігімен, тура билік иесі атануымен сақталып қалды.Өткен сенбіде облыстық соттың ғимараты алдында Иран Әміровке арналған ескерткіш-тақта ашылды.

Биыл құқықбұзушылық деректері 18,7 пайызға азайған

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 октября 2019 в 10:02

Биыл құқықбұзушылық деректері 18,7 пайызға азайған Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен қалалық бөлім басшылары қатысты.Жиында алдымен Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Самат Аисов баяндама жасап, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша биылғы жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.— Ақтөбе қалалық полиция басқармасы биылғы жылдың 8 айында құқықбұзушылықты болдырмау жәнеоның алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізді.

Партия филиалының төрағасы сайланды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 сентября 2019 в 17:12

Партия филиалының төрағасы сайланды Бейсенбі күні Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті. Жиында қала әкімі Мавр Абдуллин филиал төрағасы болып сайланды.Жиынға Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Ағниязов, қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова, Ақтөбе қаласындағы бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, қалалық мәслихаттағы Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе — қалалық филиал төрағасын сайлау ашық дауыс беру арқылы өтті. Ұсынылған кандидат — қала әкімі Мавр Абдуллинді дауыс берушілер бірауыздан сайлады.Осыған орай Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Ағниязов құттықтау сөз сөйлеп, филиалдың жаңа төрағасына алдағы жұмыстар барысында сәттіліктер тіледі.Бұдан әрі конференция делtгаттары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылауға кірісті.— Қарқынды даму бар жерде ғана барлық қазақстандықтар үшін жаңа өмір сапасына қол жеткізуге жол ашылмақ.

Маңызды мәселелер талқыланды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 сентября 2019 в 12:12

Маңызды мәселелер талқыланды Ақтөбе қалалық мәслихатының сессиясында облыс орталығының биылғы жылғы сегіз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жиналғандар назарына ұсынылды. Сессияға мәслихат депутаттарымен қатар, қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық басқармалардың басшылары мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин өз баяндамасында мерзімді уақыт ішіндегі атқарылған істерді талдап айтып, алдағы міндеттерді айқындады.Экономиканың айқындаушы бағытының бірінен саналатын өнеркәсіп өнімін өндіру осы кезеңде 386,3 миллиард теңгені құрады.

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Кез келген мәселені жүйелі шешу керек 

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 сентября 2019 в 13:22

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Кез келген мәселені жүйелі шешу керек  Осы аптаның бейсенбісінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин ақтөбеліктерді алаңдатқан бірқатар мәселелер бойынша жауапты мамандармен кездесті. Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллинмен бірге тұрғындар тарапынан көтерілген проблемалардың оңтайлы шешілу жолын қарастырды.Қалаға 50 қоқыс алаңы қажетОңдасын Оразалин журналистер мінген көлікке отырып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрауымен қаладағы проблемалық аймақтарға барды.

Пәтер кілттері тапсырылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 сентября 2019 в 11:42

Пәтер кілттері тапсырылды Өткен сенбіде Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин бірнеше отбасына «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа пәтерлердің кілтін тапсырды. Көпбалалы, толық емес және мүгедек балалар бағып отырған отбасылар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» депозит ашып, 2 пайыздық жылдық мөлшерлемемен несие алды.
Показано 30 новостей из 147